Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

2024 жылға арналған телекоммуникация нарығына шолу

Шолу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне, ашық интернет көздерінен алынған байланыс нарығы бойынша маркетингтік деректерге, сондай-ақ сараптамалық бағалауларға сәйкес ұсынылды.

1 362

11%

млрд теңге

Қазақстандағы байланыс қызметтері нарығының жалпы көлемі

44,4

млрд теңге

2024 жылдың бекітілген телефония нарығының көлемі

2024 жылғы телекоммуникация нарығындағы негізгі тенденциялар

2024 жылдың қорытындысы бойынша байланыс қызметтері нарығының жалпы көлемі 1 362 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артты.

Қызмет түрлері бойынша мобильді байланыс басымдыққа ие. Мобильді байланыс қызметтерінен түскен табыс нарықтың жалпы көлемінің жартысынан көбін — 56%-ын құрайды.

2024 жылдың 4-тоқсанындағы бекітілген телефония нарығының көлемі 44,4 млрд теңгені құрады.

Деректерді беру және Интернет желісіне бекітілген желілер арқылы қол жеткізу қызметтері сегментінің үлесі табыстың 196,8 млрд теңгеге дейін өсуін көрсетті. 2024 жылы бұл қызметтер сегментінің үлесі 14,4%-ды құрады.

2024 жылы ақылы теледидар қызметтері сегменті байланыс қызметтерінен түсетін жиынтық табыстың 4%-ын құрады.

2024 жылғы қазақстандық телекоммуникация нарығының сыйымдылығы мен құрылымын бағалау

Қазақстанның телекоммуникация нарығы 2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 11%-ға өсіп, өсу перспективаларының бар екендігін растап отыр. Абсолюттік түрде нарық көлемі 1 362 млрд теңгені құрады.

ҚР байланыс қызметтерінен түсетін кірістер, 2020–2024, млрд теңге

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

56%

2024 жылғы мобильді қызметтерден түскен табыс үлесі

15%

тіркелген КЖҚ және деректерді жеткізу қызметтерінен түскен табыс үлесі

8%

IT-қызметтерден түскен табыс үлесі

Ұялы байланыс сегменттегі қызметтерден түсетін кірістер үстемдік етуді жалғастыруда — 2024 жылы олардың үлесі 56%-ға дейін өсті. Ұялы байланыс нарығының өсуінің негізгі дерекоры мобильді деректерді беру мен олардың базасындағы сервистердің өсуі болып табылады.

B2O-қызметтердің үлесі 9% деңгейінде тұрақты болып қалуда, бұл шалғай аудандардағы инфрақұрылымды кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Бұл тек цифрлық алшақтықты қысқартуға ғана емес, сонымен қатар шағын операторлар мен корпоративтік клиенттер арасындағы трафиктің өсуіне де ықпал етеді.

Бекітілген КЖҚ және және деректерді беру қызметтері (15%), сондай-ақ ІТ-қызметтер (8%) бұлтты шешімдер мен цифрлық сервистердің өсуі есебінен жалпы нарыққа өз үлесін қосуын жалғастыруда.

Қызмет түрлері бойынша ҚР байланыс саласы кірістерінің құрылымы, 2022–2024, %

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

«Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобының нарықтағы ұстанымдары

2024 жылы нарықтағы күштердің орналастыруының жаһандық өзгерісі болған жоқ, бұл қалыптасқан бәсекеге қабілетті ландшафт пен нарықтың жетілуін көрсетеді. 2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобының нарықтағы үлесі 62%-ды құрады.

2024 жылғы нарық сегменттері бойынша «Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобының үлесі, %

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

Бекітілген телефония

2024 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген телефония нарығының көлемі 44,4 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ғана қысқарды. Кірістердің төмендеуі классикалық сымды телефония қызметтерін тұтыну көлемінің жыл сайын қысқаруына әсер ететін ұялы және интернетке негізделген қызметтермен алмастыру үрдісімен байланысты. Бағыттар бойынша кірістер құрылымында ең көп үлес салмағы — 28,8 млрд теңге көлемінде — жергілікті телефония қызметтеріне тиесілі.

Ұялы байланыс

764,8

5%

млрд теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының көлемі

Жетілгеніне қарамастан, ұялы байланыс нарығы Қазақстанда да, жалпы әлемде де телекоммуникация саласының дамуындағы маңызды рөлін сақтап отыр. Бұл халықтың ұтқырлыққа, цифрлық сервистерге және ақпаратқа жедел қол жеткізуге деген сұранысының артуымен байланысты. Жаңа желілік технологияларды дамыту және мобильді интернет сапасының артуы жаңа қызметтердің пайда болуына ықпал етеді, олар сәтті монетизацияланып, ақылы тұтыну көлемінің өсуіне алып келеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының көлемі 764,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға жоғары.

Ұялы байланыс қызметтерінен түсетін кірістер, млрд теңге

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

Жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізу

КЖҚ қызметтерінен түсетін кірістер

159,5

10%

млрд теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген кең жолақты қолжетімділік нарығының көлемі

Кең жолақты қолжетімділік нарығы жылдан жылға өсуді жалғастыруда. Ірі қалаларда операторлар, интернет-провайдерлер абоненттердің ADLS-қосылымдарынан FTTx және GPON желілеріне көшуі арқылы абоненттердің табыстылығын арттыруға ұмтылуда, бұл қолжетімділік жылдамдығы мен ұсынылатын қызмет көлемін арттырып, абоненттерге неғұрлым жоғары құны бар кешенді қызмет пакеттерін ұсынуға мүмкіндік береді. Ауылдық жерлерде әмбебап қызметтер көрсететін операторлар мемлекеттен арнайы тарифтерді қолдану есебінен алынбайтын кірістердің орнын толтыру үшін субсидиялар алады. Бағалау бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген кең жолақты қолжетімділік нарығының көлемі 159,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті.

Тіркелген желілердегі КЖҚ қызметтерінен түсетін кірістер, млрд теңге

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

Деректерді беру арналарын жалға алу

37,4

млрд теңге

арналарды жалға беру нарығының көлемі

IP-VPN технологиясы негізінде қалыптасқан арналарды жалға беру нарығы Қазақстанда соңғы жылдары филиал құрылымдарының өсуіне қарамастан тоқырау кезеңін бастан өткеруде. Мұның басты себебі — кәсіпорындардың, әсіресе мемлекеттік сектордағы, бұлтты ортаға көшуі. Бұл сегментте цифрлық трансформация корпоративтік секторға қарағанда әлдеқайда жылдам жүріп жатыр.

Сұраныстың төмендеуіне қосымша дерекорлар ретінде төмендегілерді атауға болады:

  • IP-VPN қызметтерін SD-WAN және IPsec VPN сияқты ­интернет-бағытталған шешімдермен алмастыру;
  • MPLS және Ethernet VPN сияқты баламалы технологиялармен бәсекелестік;
  • ІТ-бюджеттерді оңтайландыру.

2024 жылдың қорытындысы бойынша арналарды жалға беру нарығының көлемі 37,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Бұл нарықтағы тоқырау үрдісінің сақталуын көрсетеді және алдағы жылдары да осы бағыт сақталады деп болжануда.

Арналарды жалға беру қызметтерінен түсетін кірістер, 2020–2024, млрд теңге

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.

Ақылы телевизия

52,5

7%

млрд теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша операторлардың Қазақстанда ақылы ТД қызметтерін ұсынудан түскен түсімінің көлемі

94%

ақылы ТД қызметтерінен түскен түсімнің үй шаруашылықтарына тиесілі үлесі

2024 жылдың қорытындысы бойынша операторлардың Қазақстанда ақылы ТВ қызметтерін ұсынудан түскен түсімінің көлемі 52,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Ақылы ТВ қызметтерінен түсетін түсім толығымен дерлік үй шаруашылықтары есебінен қалыптасады. 2024 жылы олардың үлесіне жалпы түсімнің 94%-ы немесе 49 млрд теңгеден астамы тиесілі болды.

Ақылы ТД қызметтерінен түсетін кірістер, 2020–2024, млрд теңге

Дереккөз: ҚР ҰЭМ КС деректері, жұмыс тобын бағалауы.