Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Желілік және инфрақұрылымдық даму

2024 жылы Компания телекоммуникациялық желілерді техникалық дамыту және қолдау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру аясында телекоммуникациялық желілерді дамытудың келесі негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жалғастырылды:

  • Магистралдық тасымалдау желісі;
  • Деректерді беру желісі;
  • Қол жеткізу желісі.
6×100

Гб/с

сыйымдылықтағы Қытай–Ресей бағыты бойынша транзиттік арналар 1+1 резервтеумен ұйымдастырылды

70 291

абонент

«Тазарту» бағдарламасы аясында GPON талшықты-оптикалық желілеріне көшірілді

Тасымалдау желісі

Магистралдық тасымалдау желісін дамыту шеңберінде бірқатар маңызды шаралар атқарылды:

  • Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 6 бірлік OSA5422 жиілік және уақыттық синхрондау жабдығы орнатылып, ENC орталықтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Бұл 5G желілерін қолдау үшін ұялы байланыс операторларына фазалық және жиілік синхрондау бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
  • Қытай–Ресей бағыты бойынша 6×100 Гб/с сыйымдылықтағы транзиттік арналары 1+1 резервтеумен ұйымдастырылып, халықаралық трафиктің тұрақтылығы арттырылды.
  • Шымкент, Алматы, Жезқазған, Қарағанды және Қонаев қалаларында орталық тораптарды қосу үшін DWDM магистралдық желісінде 16×100 Гб/с арналары құрылды.
  • Түркістан облыстық орталығына дейін 100 Гб/с сыйымдылықтағы арна ұйымдастырылып, B2B сегменті мен мемлекеттік мекемелер үшін байланыс сапасы жақсартылды.
  • Алты облыстың станцияларында 43 дана ATN910-M маршрутизаторы орнатылды.
  • Ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын қосу үшін жалпы ұзындығы 129 км болатын 28 ТОБЖ учаскелерінің құрылысы аяқталды.

Деректерді беру желісі

2024 жылы деректерді беру желісі нығайтылып, қызметтердің өткізу қабілеті мен сенімділігі арттырылды:

  • 10 қалада BNGMX пен СОРМ арасында 62×100 Гбит/с және INET-PE мен СОРМ арасында 24×100 Гбит/с арналары ұйымдастырылды;
  • Cloudflare, Microsoft, VK және басқа жетекші халықаралық платформалардың кэш-серверлері 1400 Гбит/с-тан астам жалпы сыйымдылықпен қосылды;
  • KCELL және «МТС» ЖШС операторлары үшін 5G базалық станцияларының 169-ы қосылды;
  • Желінің сенімділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында клиенттік арналар Juniper MX104 заманауи жабдығына көшірілді;
  • Сыртқы интернет-арналарды қосу оңтайландырылып, орташа өткізу қабілеті 100 Гбит/с дейін ұлғайтылды және халықаралық маршруттардың тұрақтылығы артты.

Қолжетімділік желісі

Қолжетімділік желісі абоненттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында белсенді дамытылды:

  • «Тазарту» бағдарламасы аясында 70 291 абонент GPON талшықты-оптикалық желілеріне көшірілді;
  • Еліміздің ірі қалаларында G-PON OLT ескі жабдығының 5 015 порты ауыстырылды;
  • Алдыңғы жылмен салыстырғанда бір реттік ақаулардың деңгейі 12%-ға төмендетілді;
  • «Оптикалық желінің шебері» кәсіби шеберлік байқауы аясында Бірлік ауылында 160 үй шаруашылығы қосылды — бұл Компания қызметінің әлеуметтік бағытын көрсетеді.

2025 жылға арналған жоспарлар

  • 5G базалық станцияларына дейінгі байланыс арналарының құрылысын жалғастыру;
  • Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ тарту жобасына қатысу;
  • Қытай–Еуропа бағытындағы транзиттік өткізу қабілетін ұлғайту;
  • «Тазарту» бағдарламасы бойынша кемінде 70 412 абонентті қосу;
  • «Sapa+» жобасын аяқтау;
  • Аналогтық телехабар таратудың 10 000 абонентін қысқарту;
  • БКИ шеңберінде 55–72 ауылдық елді мекенді қамту, 94 754 портқа дейін құрылыс;
  • 301 білім беру мекемесін қосу;
  • 70 АТС-тен кем емес желілерді оңтайландыру және 1 000 м2 астам меншікті алаңдарды босату.