Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

«Қазақтелеком» АҚ-ның компаниялар тобының құрылымы

GRI 2-6

Еншілес компаниялар төмендегілердің арқасында «Қазақтелеком» АҚ-ның инфокоммуникация нарығында B2C біріктірілген сервис провайдері ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады:

  • телекоммуникация нарығының мобильді сегментіндегі «Қазақтелеком» АҚ Тобының ұстанымын күшейту және дәстүрлі телекоммуникация қызметтерін дамытуға үлес қосу;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі қызмет түрлерін толықтыратын жаңа өнімдерді іске қосу;
  • электрондық коммерция сияқты жаңа бағыттарды дамыту («Қазақтелеком дүкені»);
  • цифрландыруды және үлкен деректермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
icons-mobile

Ұялы байланыс

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (100%)

logo-tele2
logo-altel

Компания Tele2 және Altel брендтері аясында 2G/3G/4G (LTE/LTE Advanced) стандарттары бойынша ұялы байланыс қызметтерінің толық спектрі ұсынады.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды беру қызметтерін, сонымен қатар қосымша қызметтерді (VAS): мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу және деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады.

«Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторлар консорциумының құрамында 2022 жылдың желтоқсанында радиожиілік спектрі аукционының жеңімпаздары атанды және ҚР-да 5G бесінші буын ұялы байланыс стандартын өрістету құқығына ие болды. 2024 жылы операторлар жалпы республика бойынша 1823 5G базалық станциясын орнатты.

«Кселл» АҚ (51%)

logo-kcell
logo-activ

Соңғы 20 жылда «Кселл» АҚ Қазақстандағы ең заманауи, технологиялық дамыған және ауқымды ұялы байланыс желілерінің бірін құра алды. Компания мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды беру қызметтерін, сонымен қатар қосымша қызметтерді (VAS): мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу және деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады.

Kcell және Activ брендтері B2B және B2C сегменттерінің жоғары бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық нарықтарында жақсы жұмыс істеді және қызмет көрсету сапасы мен құндылығымен танымал. «Кселл» АҚ 2G, 3G және 4G/LTE желілерінде жұмыс істеуге мерзімсіз лицензияға ие.

icons-gear

Техникалық ресурстар

«Ауыл Телеком» ЖШС (100%)

Компания байланыс жабдықтарын орнату және баптау бойынша техникалық жұмыстарды орындайды.

Компания байланыс объектілерін — базалық станциялар мен цифрлық радиорелейлік желілерді — жобалау және құру, сондай-ақ базалық станциялар мен радиорелейлік және спутниктік жабдықтарды монтаждау және демонтаждау бойынша қызметтер көрсетеді.

«КТ АйИкс» ЖШҚ (100%)

Компания Ресей Федерациясындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның техникалық торабы ретінде жұмыс істейді және келесі қызмет түрлерін ұсынады:

  • ҚМТЖ №9 торабы базасында IPLC және IP VPN арналарын жалға алу бойынша операторлар мен корпоративтік клиенттерді қосу және қызмет көрсету;
  • «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы интернет-трафикке (Google, VK, Mail.ru, HD/UHD/4K-контент) пиринг қызметін көрсету;
  • Telepresence жоғары сапалы бейнеконференция қызметтерін көрсету.

CASPINET B.V. (50%)

CASPINET B.V. «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы интернетке шығуының балама маршрутын құруға бағытталған компания болып табылады.

icons-new

Жаңа бизнестер

  • «НҰРСАТ+» ЖШС (100%) — электрондық коммерция саласындағы бизнестің жаңа бағыттарын дамытатын «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы.
  • «КТ-Телеком» ЖШС (100%).
  • «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС (100%).