Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Басқарма

7

адам

Басқарма құрамына кіреді

Басқарма — Компанияның алқалы атқарушы органы болып табылады, ол Компания атынан әрекет етеді, соның ішінде оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компанияның Жарғысына сәйкес Компания атынан мәмілелер жасайды, Компанияның орталық аппараты қызметкерлерінен басқа қызметкерлердің штат санын бекітеді және Компанияның барлық қызметкерлері үшін міндетті шешімдер қабылдайды.

Басқарма «Қазақтелеком» АҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылық етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компания Жарғысына сәйкес басқа органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Басқарма 7 мүшеден — Басқарма Төрағасынан және Директорлар кеңесі сайлаған өзге де тұлғалардан тұрады.

2024 жылы Компания Басқармасының құрамына Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Нурқатов Арнур Арыстанұлы, Қаржы директоры Басқанбаева Ляззат Буденқызы, Әкімшілік басқару директоры Мейрамов Ержан Болатұлы, Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Погребицкий Игорь Евгеньевич сайланды.

Басқарма құрамы

GRI 2-11

Мусин Бағдат Батырбекұлы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы

Туған күні: 1983 жылдың 3 наурызы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасына бірінші сайлануы: 2024 жылдың 10 маусымы

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасына ағымдағы сайлануы: 2024 жылдың 10 маусымы

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 2000-2004 жж. — С. Демирел атындағы университет, Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы;
  • 2004-2006 жж. — Қазақ Заң және Халықаралық ­Қатынастар Институты, «Құқықтану» мамандығы.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2014-2016 жж. — «Қазпочта» АҚ Басқармасының төрағасы;
  • 2017-2018 жж. — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заң статистика және арнайы есептер комитеті төрағасы;
  • 2018-2019 жж. — BI Group холдингінің инновациялар бойынша Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2019-2020 жж. — Кәсіпкер, IT маманы;
  • 03.2020-07.2020 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі;
  • 07.2020-09.2020 жж. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • 02.09.2020-30.04.2024 жж. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • 10.06.2024 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

Туған күні: 1967 жылғы 20 қазан

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 1990 ж. — Алматы халық шаруашылығы институты, «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы;
  • 2009 ж. — Мәскеу кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты, «ACCA» курсы бағдарламасы бойынша;
  • 2009 ж. — Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы;
  • 2014 ж. — Стокгольм экономика мектебі;
  • 2019 ж. — Ресей ғылым академиясының Өңірлік экономика мәселелері институты;
  • 2021 ж. — Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2015–2024 жж. — Бас директор, «KT Cloud Lab» ЖШС, Алматы қ.;
  • 2024 жылдан бастап — Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Мейірманов Нұрлан Кемалұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ-ның Инновациялар жөніндегі Бас директоры

Туған күні: 3 тамыз 1972 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2 мамыр 2019 жыл

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 1989–1995 — Қазақ химия-технологиялық институты. Мамандығы: «Химиялық өндірістің негізгі процестері және химиялық кибернетика»;
  • 2008–2011 — Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы»;
  • 2011 — Халықаралық бизнес академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы».

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 01.2012–05.2019 — «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі Басқарушы директор;
  • 05.2019–қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі Бас директоры.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: «НУРСАТ+» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі

Басқанбаева Ляззат Буденқызы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ-ның Қаржы директоры

Туған күні: 1971 жылғы 5 тамыз

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 1993 ж. — Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институты;
  • 1996 ж. — Тараз мемлекеттік университеті;
  • 2010 ж. — Халықаралық Бизнес академиясы.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2016–2022 жж. — Басқарушылық есеп және есептілік департаментінің директоры, «Қазақтелеком» АҚ, Астана қ.;
  • 2022–2024 жж. — Қаржы директоры, ДКБ «Қазақтелеком» АҚ, Астана қ.;
  • 2024 жылдан бастап — Қаржы директоры, Басқарма мүшесі.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Мейрамов Ержан Болатұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ-ның Әкімшілік мәселелер жөніндегі бас директоры

Туған күні: 1971 жылғы 2 наурыз

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 5 тамыз

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 1999–2003 жж. — М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті, мамандығы «Құқықтану»;
  • 2003–2005 жж. — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы «Қаржы және несие»;
  • 2012–2013 жж. — Лондондағы Корольдік колледж (King’s College London), мамандығы «Мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат магистрі».

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2019–2021 жж. — «Кселл» АҚ-ның Құқықтық мәселелер және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры;
  • 2021–2024 жж. — ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің; Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы;
  • 2024 жылдан бастап — Әкімшілік мәселелер жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Индықбаев Әлібек Бейбітұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Корпоративтік бизнес дивизионының Бас директоры

Туған күні: 1988 жылғы 30 шілде

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2023 жылдың 3 шілдесі

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 2018 — М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы;
  • 2008 — «Тұран» университеті, «Қаржы» мамандығы.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 07.2021–10.2022 — «Q Telecom» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 10.2022–04.2023 — «Q Telecom» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы;
  • 05.2023 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Корпоративтік бизнес дивизионының Бас директоры.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Погребицкий Игорь Евгеньевич

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Бөлшек сауда бизнесі дивизионының Бас директоры

Туған күні: 1978 жылғы 19 мамыр

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде

Компания акцияларына, оның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік: жоқ

Білімі: жоғары

  • 2000 ж. — Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы — «Радиотехника».

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2018–2019 жж. — Бөлшек сауда бизнесі дивизионы бойынша сату жөніндегі басқарушы директор, «Қазақтелеком» АҚ, Алматы қ.;
  • 2019 жылдан бастап — «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек сауда бизнесі дивизионының Бас директоры, Алматы қ., Басқарма мүшесі.

Қосалқы жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар Кеңесіне мүшелік: жоқ

Басқарма қызметі

Есепті кезеңде Басқарма келесі негізгі мәселелерді қарап, олар бойынша шешімдер қабылдады:

  • қаралды және мақұлданды — «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының инвестициялық қызметтің толық циклін басқару саясаты;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі;«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін иеліктен шығару;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2023–2032 жылдарға арналған даму стратегиясына толықтырулар енгізу;«Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексінің жобасы;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2024–2032 жылдарға арналған ESG стратегиясының жобасы;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2025–2032 жылдарға арналған ESG практикаларын дамыту бойынша Жол картасы;Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы ретінде Өндірістік қауіпсіздік дирекциясын құру;«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы ретінде Цифрлық бизнес дивизионын құру;FTTH желісін өрістету бойынша стратегиялық кешенді жобаның Бизнес-жоспары;Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  • бекітілді — «Қазақтелеком» АҚ-ның 2024 жылға арналған стратегиялық және бизнес-бастамаларды іске асырудың «JRun» бағдарламасының Жол картасы;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2024 жылға арналған сатып алу бюджеті мен қолма-қол қаражаттар бюджеті;«Қазақтелеком» АҚ-ның 2025–2029 жылдарға арналған операциялық бюджеті;Ақша қаражаттарын басқару және қазынашылық операциялар ережесінің жаңа редакциясы;«Қазақтелеком» АҚ-ның еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы саясаты;«Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару саясаты;«Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес ұйымдарын басқару туралы ереже.

Басқарманың сыйақысы

GRI 2-19, 2-20, 2-21

Қоғамның басшы қызметкерлеріне есеп беру кезеңі үшін сыйақы төлеу талаптары мен тәртібі Директорлар кеңесінің 14.02.2023 ж. №2 хаттама шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ басшы қызметкерлеріне есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу ережесімен (бұдан әрі — Ереже) регламенттелген.

Ережелердің негізгі қағидалары:

  • Қоғам мен оның акционерлерінің мүдделеріне сай келетін міндеттерді орындаумен сыйақының өзара байланысы;
  • сыйақы мөлшерін айқындау қағидаларының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • Қоғам қызметінің нәтижелеріне және қызметкердің жеке нәтижелілігіне сыйақының тәуелділігі.

Басшы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін мотивациялық ҚНК қолданылады.

Басшы қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:

  • мотивациялық ҚНК және оның мақсатты мәндерін белгілеу;
  • мотивациялық ҚНК-ні бекіту;
  • нәтижелілігіне мониторинг жүргізу;
  • нақты нәтижелілікті есептеу және бекіту.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы белгіленген тәртіппен есеп беру кезеңдегі аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бекітілгеннен кейін Қоғамның бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақшалай қаражат шегінде төленеді.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылардың шекті мөлшері еңбекке ақы төлеу құрылымына сәйкес айқындалады.

Қоғамның Басқарма мүшелеріне 2024 жылы төленген ақшалай еңбекақы төлемдері мен көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшері 634 562 мың теңгені құрады.

АҚПАРАТТЫҚ АШЫҚТЫҚ

«Қазақтелеком» АҚ — жалпыға ашық компания ретінде, отандық телеком-нарықтың ірі ойыншысы және «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының бірі ретінде — ашықтық пен айқындық мәселелеріне ерекше мән береді. Компания, қабылданған және қолданыстағы «Ақпараттық саясат» (https://telecom.kz/ru/pages/12089/171752) негізінде, барлық мүдделі мақсатты топтармен (акционерлер, инвесторлар, клиенттер (сыртқы және ішкі), ҚР мемлекеттік органдары, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, блогерлер, сондай-ақ компания, оның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат алуға қызығушылық танытатын басқа тараптар) тиімді коммуникация құрады.

Компания өз ақпараттық саясатында келесі қағидаттарды ұстанады:

  • Шынайылық;
  • Жеделдік;
  • Қолжетімділік;
  • Толықтық;
  • Тәуелсіздік;
  • Тұрақтылық;
  • Жүйелілік;
  • Проактивтілік;
  • Мультимедиялық көзқарас.

Саясаттың мақсаты — Компания туралы ақпарат алушылардың оң пікірін қалыптастыру арқылы мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді әрі адал қатынастар орнату, сондай-ақ Компанияның ақпараттық ашықтығын арттыру және Компания мен мақсатты аудиториялар арасында нақты ақпараттық ағын құру болып табылады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Youscan мониторинг жүйесінің деректеріне сәйкес, Компания, оның өнімдері, жобалары, қызметтері мен сервистері туралы отандық, шетелдік, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 13 462 рет аталды.