Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму ТУРАЛЫ ЕСЕП: G АСПЕКТІСІ

Компанияның экономикалық тиімділігі

Басқару тәсілі

GRI 3-3

«Қазақтелеком» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі Компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де стратегиялық жоспарлауда маңызды рөл атқарады. Ол компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатын акционерлер мен инвесторлар үшін Компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникациялық операторы бола отырып, Компания ел экономикасын жаңғыртуға және әртараптандыруға елеулі үлес қосуға ұмтылады және жергілікті қауымдастықтардың тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

GRI 201-1

«Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға ұмтылады.

Компания тікелей экономикалық құнды табыс әкелетін негізгі қызмет арқылы жасайды. Құрылған экономикалық құнды бөлу жұмысшылардың жалақысын төлеу, акционерлерге дивидендтер төлеу, сондай-ақ мемлекет пайдасына салықтар мен өзге де төлемдер; тауарлар мен қызметтерді сатып алуды және ерікті әлеуметтік инвестициялауды жүзеге асыру процесінде жүреді. Бұл туралы толығырақ «Қызметкерлермен өзара әрекеттесу» және «Жергілікті қауымдастықтар» бөлімдерінен оқыңыз.

GRI 2-6, 201-1

Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, 2024 жыл, млн теңге

Көрсеткіш 2024
1. Құрылған тікелей экономикалық құн 314 018
Кіріс (түсім) 307 881
Қаржылық инвестициялардан түскен кіріс 4 534
Тағы басқа кірістер 1 603
2. Бөлінген экономикалық құн 280 606
Операциялық шығындар 121 086
Қызметкерлердің жалақысы, өзге де төлемдері мен жеңілдіктері 112 577
– оның ішінде жалақы 110 042
– оның ішінде қызметкерлерге төленетін басқа да төлемдер мен жеңілдіктер 2 535
Капитал жеткізушілеріне төлемдер 40 906
– дивидендтер 23 070
– оның ішінде қаржылық шығыстар 17 836
Мемлекетке төлемдер 6 037
– салықтар 2 281
– корпоративтік табыс салығы 3 756
Жергілікті қауымдастықтарға инвестициялар 0
3. Бөлінбеген экономикалық құн 33 412