Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

ЖАСАУҒА МҮДДЕЛІЛІК БАР МӘМІЛЕЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Басқармасы Қоғамның жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасуға қатысты басқарманың 3 шешімін бекітті, оның ішінде:

1. 2024 жылғы 10 маусымдағы №21/62 Басқарма шешімі «“Қазақтелеком” АҚ мүдделі мәміле болып табылатын — 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №743/12-ДО/1171-03-ДСД бірлескен қызмет туралы шартқа №15 Қосымша келісімді жасасу туралы».

Аталған Басқарма шешіміне сәйкес, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен 2024 жылғы 28 тамызда бірлескен қызмет туралы шартқа №15 Қосымша келісім жасалды.

2. 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №34/112 Басқарма шешімі «“Қазақтелеком” АҚ мүдделі мәміле болып табылатын “Самұрық-Қазына” АҚ-пен мәміле жасасу туралы».

Аталған Басқарма шешіміне сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 2024 жылғы 30 қыркүйекте №1969-И / 228-05-22-СОП SAP бағдарламалық жасақтамасын пайдалану құқықтарымен алмасу туралы келісім жасалды.

3. 2024 жылғы 15 сәуірдегі №12/37 Басқарма шешімі «“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-пен мәміле жасасу туралы».

Аталған Басқарма шешіміне сәйкес, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен 2024 жылғы 16 тамызда №000740000728EEP2408004/00 байланыс арналарына жалға алу қызметтерін сатып алу туралы шарт жасалды.