Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму туралы есеп: S аспектісі

Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Компания үшін ең жоғары құндылық — қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Компания өз қызметінде өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды.

«Қазақтелеком» АҚ Даму Стратегиясының негізгі бағыттары қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ өндірістік қызметпен байланысты тәуекелдерді және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайту болып қала береді.

Компания өз қызметкерлері үшін қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын жасауға ұмтылады, сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде денсаулық пен қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілік мәдениетін дамытады.

Компания өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сәйкестікке бағытталған, ұлттық және халықаралық талаптарды қатаң сақтайды, Еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отырады.

ҚжЕҚ саласындағы қызметті реттейтін негізгі құжат — «Қазақтелеком» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты болып табылады. Бұл Саясаттың әрекет ету аясы Компанияның барлық қызметкерлері мен мердігерлеріне қолданылады.

«Қазақтелеком» АҚ-ның ҚжЕҚ саласындағы басым міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін тиісті түрде сақтау және қолдану;
  • қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын ұсыну;
  • қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибенің заманауи технологиялары мен практикаларын пайдалану;
  • өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алудың заманауи құралдары мен әдістерін енгізу.

«Қазақтелеком» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін негізгі ішкі құжаттар:

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат.
  • ЖЖ ТҚКО-дағы жұмыс түрлері бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар жинағы.
  • «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының Жергілікті желілеріне техникалық қызмет көрсету орталығының мамандықтары бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар жинағы.
  • «Қазақтелеком» АҚ-да арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарына қойылатын техникалық талаптар мен ерекшеліктер;
  • «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау карточкасы» бағдарламасы;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді көтермелеу регламенті;
  • «Қазақтелеком» АҚ бойынша тергеуге жататын қызметкерлердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен ықтимал қауіпті жағдайлар кезінде хабарламаларды ресімдеу және деректерді жинау тәртібі» стандарты;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның көлік құралдарын басқару саласындағы саясаты;
  • Сапарларды басқару және жүргізу стандарты;
  • ҚжЕҚ бойынша статистикалық есептіліктің бекітілген нысандары;
  • Мерзімді міндетті медициналық тексерулерді жүргізу ережелері;
  • Рұқсат нарядтар бойынша қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыстарды жүргізу ережелері;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Өрт қауіпсіздігі ережелері» стандарты;
  • «Жарақаттанудың алдын алу бойынша командалық стандарт» (2023 жылы әзірленген);
  • Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидалары;
  • «Апаттық жағдайларға дайындық және жауап беру» құжатталған рәсімі.
Info Block Icon

Құжаттарды Компанияның сайтында «Тұрақты даму» бөлімінің «Денсаулық пен жұмыс орнындағы қауіпсіздік» тармақшасында танысуға болады.

Басқару құрылымы және құралдары

Компанияда «Қазақтелеком» АҚ-ның арнайы функциялық құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Өндірістік қауіпсіздік дирекциясы (ӨҚД) филиалы жұмыс істейді.

ӨҚД-ның негізгі жауапкершілік салаларына Компаниядағы еңбекті қорғау бойынша барлық ұйымдастырушылық жұмыстарды күнделікті басқару және үйлестіру жатады.

Info Block Icon

ӨҚД функциялары туралы толығырақ ақпаратты Компанияның 2022 жылға арналған біріктірілген жылдық есебінен білуге болады..

Компания Орталық аппаратының және оның филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы тағайындалған қызметкерлер төтенше және апаттық жағдайларды басқару рәсімдерін іске асыру үшін жауапты болып табылады.

Апаттық және төтенше жағдайларды басқару рәсімін іске асыру жауапкершілігі Компанияның Орталық аппараты мен филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, сондай-ақ еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі үшін жауапты қызметкерлерге жүктеледі. «Қазақтелеком» АҚ-ның 2024–2028 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту стратегиясы аясында Компанияда жазатайым оқиғаларды азайту, нөлдік жарақаттанушылыққа қол жеткізу және барлық деңгейдегі басшыларды оқыту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Вызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мәселелерін басқаруға тарту

GRI 403-2, 403-4

172

Компания қызметкері

2024 жылы ЖАК жұмысына қатысқан

«Қазақтелеком» АҚ өндірісте қауіпсіздік мәселелерін басқарудағы және қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытудағы қызметкерлердің маңызды рөлін біледі. Компания өз қызметкерлерін еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге және бағалауға белсенді түрде тартады. Компанияның барлық филиалдары мен орталық аппараттарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, олар қызметкерлермен бірлесіп еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу саласындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысады, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізеді. Бұдан басқа, дағдарыс жағдайлары туындаған кезде Компания Азаматтық қорғаныс штабымен бірлесіп, ҚжЕҚҚ қатысуымен дағдарыстық жағдайларды тергеу және жою жөніндегі жұмыс тобын құрады.

«Қазақтелеком» АҚ-да еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы енгізіліп жатқан бағдарламалар мен бастамаларды талқылау мақсатында филиал басшыларының, құрылымдық бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ай сайынғы кеңестер өткізу жолға қойылған. Барлық аппараттық және өндірістік кеңестерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша қысқаша талқылаудан бастау тәжірибесі енгізілді.

Компания қызметкерлері сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған HSE комитеті алаңында, портфельдік компаниялардың өндірістік нысандарында өткен озық тәжірибемен алмасу іс-шараларына қатысты. Бұл тәжірибе «Қазақтелеком» АҚ-да үздік тәжірибелерді кеңінен енгізуге бағытталған.

Сонымен қатар, Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс орындарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтитын ішкі аудит жүргізілді.

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау карточкасы» бағдарламасы

2022 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ-да «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау карточкасы» бағдарламасы» (ҚжЕҚ карточкалары) стандарты енгізілді, ол Компания қызметкерлерін еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру процесіне тарту деңгейін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама қауіпті өндірістік факторларды, әрбір жұмыс орнындағы қауіпті еңбек жағдайларын, жекелеген қызметкерлердің қауіпті әрекеттері мен мінез-құлқын, ықтимал қауіпті жағдайлар мен апатқа дейінгі жағдайларды анықтауға және хабарлауға бағытталған, сондай-ақ ҚжЕҚ жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты қоршаған орта мен ұйымның мүлкіне зақым келтіру немесе зиян келтіру тәуекелдерін жою және бақылау ғана емес, сонымен қатар Компания қызметкерлерін өндірістік тәртіпті нығайту, әрбір жұмыс орнында, учаскеде, объектіде карточкалар арқылы қауіпсіз еңбек мәдениетін дамыту жөніндегі жалпы іске тарту болып табылады.

ҚжЕҚ карточкалары еңбек қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу және тарату үшін қолданылады. Бұл жүйе анықталған мәселелерді жою барысын қадағалауға мүмкіндік береді, олардың уақытылы шешілуі мен жабылуын қамтамасыз етеді.

2024 жылы топ-3 тәуекелге мыналар кірді:

  • ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау және гигиена;
  • жұмыс орнының эргономикасы.

ҚжЕҚ қызметінің жұмысшылары болып табылмайтын қызметкерлерді Бағдарламаға қатысуға ынталандыру үшін барлық қызметкерлерді ҚжЕҚ карталарын ресімдеу және тіркеу бойынша оқыту, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапаттау арқылы ең белсенді қатысушыларды ынталандыру туралы шешім қабылданды.

2024 жылы қызметкерлер 34 735 карточканы толтырды (жоспарда 30 373 карточка болған), бұл Компания қызметкерлері үшін осы бастаманың маңыздылығын растайды.

2024 жылы Компанияда Жарақаттанудың алдын алу жөніндегі Команданың (ЖАҚ) қызметін реттейтін Ереже жаңартылды. Бұл Ереже команданың рөлін және еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ нөлдік жарақаттану деңгейіне қол жеткізу мақсатында оның жұмыс тәртібін айқындайды.ЖАҚ — бұл қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру және дамыту бойынша «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларына қолдау көрсететін бастамашыл топ.Әр жылдың басында ЖАҚ Лидері қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі өкілімен бірлесіп, жұмыс жоспарын әзірлейді. Бұл жоспар филиалдардың Бас директорларымен келісіледі және Операциялық тиімділік жөніндегі Бас директордың тарапынан бекітіледі.

2024 жылы Компанияның 172 қызметкері ЖАК жұмысына қатысты Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында жарақаттанудың алдын алу жөніндегі командалардың құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, Компанияда «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді көтермелеу регламентіне» сәйкес қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жөніндегі жұмысқа қатысқаны үшін көтермелеу жүзеге асырылады.

2024 жылы қызметкерлерге және штаттан тыс қызметкерлерге қолданылатын ЕҚТ (еңбек қауіпсіздігі және техникасы) жүйесіне қатысты ішкі және сыртқы аудиттер жүргізілген жоқ.

GRI 403-8

Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған қызметкерлер

2022 2023 2024
Атауы Адам Үлесі, % Адам Үлесі, % Адам Үлесі, %
Қызметкерлердің тізімдік саны, барлығы 19 979 100% 19 022 100% 18 395 100%
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған қызметкерлер 19 979 100% 19 022 100% 18 395 100%

GRI 403-8

Штаттан тыс жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған қызметкерлер

2022 2023 2024
Атауы Адам Үлесі, % Адам Үлесі, % Адам Үлесі, %
Қызметкерлердің тізімдік саны, барлығы 1 744 100% 518 100% 1 968 100%
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған штаттан тыс қызметкерлер 1 744 100% 518 100% 1 968 100%

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін басқару жүйесін жетілдіру

GRI 403-1

1 504

млн теңге

2024 жылы өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғауға салынған жалпы инвестиция көлемі

Компания еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлердің денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылады. Компанияда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері енгізілген. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі «2001 ILO-OSH 2001 ХЕҰ ЕҚБЖ Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша нұсқаулық» және ISO45001:2018 халықаралық стандартына сәйкес бірыңғай талаптарды белгілейді.

Компания ILO-OSH халықаралық стандартының, олардың ҚР СТ ISO45001-2018 ұлттық аналогының талаптарына сәйкес еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп отырады.

2024 жылы еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында 1 428 өндірістік нысан аттестаттаудан өткізілді. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері бойынша түзету шаралары кешені жүзеге асырылды. Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік қауіпсіздік пен жұмыс орындарының еңбек қорғау талаптарына сәйкестігіне ішкі аудит жүргізілді.

Тәуекелдерді бағалау

GRI 403-2

«Қазақтелеком» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды. ҚжЕҚ негізгі тәуекелдерін басқару процесі корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің, сондай-ақ Компанияның еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жол берілмейтін қауіптер мен тәуекелдерді бағалау «Қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау. Басқару шараларын айқындау тәртібі» бекітілген құжатталған рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

Өндірісте апаттар мен жазатайым оқиғалардың туындау қаупін болдырмау мақсатында жылдық жоспарға сәйкес телекоммуникацияның желілік және станциялық құрылыстарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өндірістік жарақаттану Компанияның Тәуекелдер тізіліміндегі негізгі тәуекелдердің бірі ретінде анықталған. Оның негізінде тәуекелдің іске асуына жол бермеуге және оны жүзеге асырудың салдарын азайтуға бағытталған шаралар тізбесі әзірленді. Жұмысқа байланысты қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау үшін Компанияда негізгі тәуекелдік оқиға бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді, өндірістегі жарақаттану және апаттар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау бойынша ақпарат негізінде негізгі тәуекелдік оқиғалар үшін тәуекелдердің негізгі индикаторлары бойынша өзекті статусы беріледі. Компанияда елеулі қауіптер мен жол берілмейтін тәуекелдер тізілімі бекітілді. Сондай-ақ, тәуекелдердің ықтималдығы мен әсерін талдау және бағалау, ағымдағы жағдайды ескере отырып, тәуекелді азайту жөніндегі іс-шараларды қайта қарау жүргізіледі.

Сондай-ақ, Компанияның Ұжымдық шартында жұмыскерлерге, егер олар жұмысты жалғастыру жарақатқа немесе денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін деп есептесе, жұмысты орындаудан бас тартуға мүмкіндік беретін тәртіп көзделген. Сонымен қатар, бұл құқықты жүзеге асырғаны үшін қызметкерлерге қатысты қуғын-сүргінге жол бермеуге кепілдік беретін ережелер де қарастырылған.

GRI 403-2, 403-9

«Қазақтелеком» АҚ-да жобалық тәуекелдер мен халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсерлер үнемі анықталып, бағаланады. Оның нәтижелері бойынша қорғау және алдын алу шаралары әзірленеді. Қажет болған жағдайда Компания тиісті органдармен және басқа да мүдделі тараптармен қолайсыз әсерлерді азайту жөніндегі шаралар мен жоспарларға қатысты ынтымақтасады.

Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау рәсімі шеңберінде барлық персоналдың күнделікті қызметі, адамның мінез-құлқы және оның қабілеттері, жұмыстарды орындау аймағына жақын немесе одан тыс жерде анықталған қауіптер, инфрақұрылым, жабдықтар мен материалдар, технологиялық процестер ескеріледі. Компанияда тәуекелдер анықталып, оларды басқару бойынша іс-шаралар өткізілуде.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу

GRI 403-7

Компания қызметкерлердің, мердігер ұйым қызметкерлерінің және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жағымсыз әсерлердің алдын алуға немесе азайтуға көп көңіл бөледі.

Компания филиалдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының өндірістік қауіпсіздік бойынша ҚНК тізбесіне уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкелген жарақаттану жиілігі көрсеткіші (LTIF) енгізілді.

Компания өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.

Компанияда өндірістік жарақаттану және ЖКО себептеріне талдау жүргізіледі, содан кейін филиалдарда жазатайым оқиғаларды болдырмау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар тізбесін қамтитын ақпараттық хаттар дайындалады және таратылады. Бұдан басқа, барлық бөлімшелердің қызметкерлерімен болған оқиғалардың мән-жайлары мен себептері талқыланады, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі.

Жыл сайын Нөлдік жарақаттануды қамтамасыз ету жоспары іске асырылуда. Осы жоспардың орындалуы жөніндегі есеп тоқсан сайын Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.

Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында апаттар мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған проактивті құралдарды қолдану бойынша мониторинг ұйымдастырылды — оған қауіпсіздік бойынша мінез-құлық аудиттерін жүргізу, қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер мен әлеуетті қауіпті оқиғаларды тіркеу және тергеу кіреді.

Мердігер ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде: мердігер ұйымдарды басқаруды реттейтін ішкі нормативтік құжат әзірленді; Компанияның өндірістік нысандарында жұмыстарды қауіпсіз орындау деңгейін арттыру мақсатында мердігер ұйымдармен бастапқы кеңестер өткізу тәжірибесі енгізілді.

Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттану деңгейін төмендету және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы Компания қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру мақсатында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері бетпе-бет соқтығысуды имитациялайтын жаттықтырғышта оқытудан өтті.

Қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасалған мердігер ұйымдардың қызметкерлерінде жарақаттанудың статистикалық есебі Компаниямен жүргізілмейді.

Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру, ҚР заңнамасының талаптарын орындау талабына байланысты, сондай-ақ Компанияда өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ Өрт қауіпсіздігі саясаты» бекітілді.

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасындағы жарақаттану көрсеткіштері

GRI 403-9

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасындағы жарақаттану көрсеткіштері*

Барлық жұмысшылар үшін 2022 2023 2024
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім-жітім саны (бірлік) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім-жітім коэффициенті (%) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттар саны (бірлік) 2 1 4
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттардың коэффициенті (%) 0,06 0,03 0,12
Өндірістік жарақаттар саны (бірлік) 2 6 6
Өндірістік жарақаттар коэффициенті (LTIFR) (%) 0,06 0,19 0,19
Жұмыс сағаттарының жалпы саны (адам-сағат) 34 007 902 31 780 000 31 308 380

* Кестеге ескертпе: Аталған деректер Компания қызметкерлерінің 100%-ын қамтиды. Бұл статистикадан ешқандай жұмысшылар санаты алынып тасталған жоқ. Коэффициенттер жұмыс істеген 1 000 000 сағат негізінде есептеледі.

GRI 403-9

«Қазақтелеком» АҚ-ның штаттан тыс қызметкерлері арасындағы жарақаттану көрсеткіштері**

Барлық қызметкерлер үшін 2022 2023 2024
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім жағдайларының саны (бірлік) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім жағдайларының коэффициенті (%) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттар саны (бірлік) 0 10 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттар коэффициенті (%) 0 0 0
Өндірістік жарақаттар саны (бірлік) 0 0 0
Өндірістік жарақаттар коэффициенті (LTIFR) (%) 0 0 0
Жұмыс істеген жалпы сағат саны (адам-сағат) 2 125 129 601 494 1 091 678

** Кестеге ескертпе: Аталған деректер Компанияның штаттан тыс қызметкерлерінің 100%-ын қамтиды. Бұл статистикадан ешқандай қызметкерлер санаты алынып тасталған жоқ. Коэффициенттер жұмыс істеген 1 000 000 сағат негізінде есептеледі.

2024 жылы Компанияда 6 «жұмыс уақытын жоғалту оқиғасы» тіркелді, соның салдарынан 6 жеңіл және орташа жарақат алынған; 35 «апатқа дейінгі жағдай» тіркелді.

Жарақаттың негізгі себептері:

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы;
  • көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы;
  • жәбірленушінің өрескел абайсыздығы;
  • еңбек қауіпсіздігі тәсілдеріне жеткіліксіз оқыту.

Анықталған жазатайым оқиғалардың нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мынадай түзету шараларын қабылдады:

  • арнайы тергеу жүргізілді;
  • Компания филиалдары мен дивизиондарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) талаптарының сақталуына жұмыс жабдықтарын толық тексеру жүргізілді;
  • биіктікте жұмыс істеу бойынша қайта оқыту жүргізілді;
  • биіктікте орындалатын жұмыстар процесіне қосымша аудиттер жүргізілді;
  • қызметкерлерге (оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы) оқиғалар туралы ақпарат жеткізілді;
  • жүргізушілер мен жүргізуші-қызмет атқарушыларға қауіпсіз жүргізу бойынша оқыту өткізілді;
  • қызметкерлермен жоспардан тыс нұсқамалар жүргізілді;
  • кінәлі қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылды.

Қызметкерлердің сапарларының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету стандарты» өзектендірілді. Бұл стандарт жол-көлік оқиғалары мен қызметкерлердің жарақат алуын болдырмау, көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, еңбек тәртібін нығайту және Компания қызметкерлері арасында қауіпсіз жүргізу мәдениетін арттыру бойынша өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысының бірыңғай талаптарын белгілейді.

2024 жылғы шілде айында Кеген ауданының Шырғанақ ауылында кабель төсеу жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауының салдарынан қайғылы оқиға орын алып, бала қаза тапты. Компания бұл оқиғаны мойындап, тергеу жүргізуге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді және зардап шеккен отбасыға қолдау көрсетті.

Қызметкерлерді оқыту және қауіпсіз жұмыс жүргізу мәдениетін дамыту

GRI 403-5

Компания қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында, оның ішінде ҚжЕҚ саласында оқыту және біліктілікті арттыру бойынша озық халықаралық тәжірибелерді енгізеді.

Компанияда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум және электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша қызметкерлерді оқыту жыл сайын жүргізіледі. Бұл оқыту бөгде оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да жүзеге асырылады.

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да Компания қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша түрлі тренингтер мен оқыту бағдарламалары өткізілді.

Сонымен бірге, Компанияда қызметкерлерді «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы бойынша оқыту жүргізіледі. 2024 жылы өндірістік персонал қатарынан 9 577 қызметкер осы курс бойынша оқудан өтті.

2024 жылы Корпоративтік университет Компания қызметкерлері үшін еңбек қауіпсіздігі және өндірістік қауіпсіздік бойынша тренингтер мен оқыту бағдарламаларын өткізді:

  • Қауіпсіз жүргізу — 2 101 қатысушы
  • Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті — 9 853 қатысушы
  • Қауіпсіз жұмыс ортасы SWE 2 — 1 717 қатысушы
  • Жарақаттанудың алдын алу және оларға ден қою IPR 2 — 4 092 қатысушы
  • HSE фасилитаторы — 13 қатысушы.

Жалпы қамту: 17 776 қатысушы.

2024 жылы ЕҚ және ӨҚ, өрт-техникалық минимум, қауіпсіздік техникасы бойынша сыртқы оқытуларды өткізу

0

топ-менеджерлерге арналған басшылықтың есептілігі курсы бойынша оқытылды

1 249

қауіпсіздік және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытылды

2 560

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары курсы бойынша оқытылды

908

биіктікте және жоғары өрмелеу жұмыстарын істеген кезде ҚӨО-де Қауіпсіздік техникасы ережелері курсы бойынша оқытылды

971

электр қауіпсіздігі курсы бойынша оқытылды

1 474

өрт қауіпсіздігі курсы бойынша оқытылды

1

NEBOSH IGC (Еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік техникасы бойынша халықаралық сертификат) курсы бойынша оқытылды

3

топ-менеджерлерге арналған басшылықтың есептілігі курсы бойынша оқытылды

2024 жылы СЕО-1 деңгейіндегі басшылар мен филиалдардың бас директорларымен «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жұмыс орнындағы өлім жағдайларына мүлдем төзбеушілік» тақырыбында стратегиялық сессия өткізілді, сондай-ақ «Өндірістік қауіпсіздік көшбасшысы» атты модульдік бағдарлама ұйымдастырылды.«Samruk Business Academy» жекеменшік университетімен серіктестікте өндірістік қауіпсіздік процестерін бағалау және талдау бойынша мастер-класстар өткізілді, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді ескере отырып, қауіпсіздік мәдениетінің ағымдағы деңгейіне кешенді бағалау жүргізілді.

2024 жылы ӨҚД төрт қызметкері NEBOSH және IOSH халықаралық бағдарламалары бойынша оқудан өтті, бұл Компанияның еңбек қауіпсіздігі саласында халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылысын білдіреді.Қауіпсіздік мәдениеті деңгейіне қатысты сауалнамаға «Қазақтелеком» АҚ-ның 543 басшысы қатысты.

Компанияда ҚжЕҚ мәселелері бойынша жауапты басшыларды бейне-оқыту бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында қызметкерлерге келесі тақырыптар бойынша бейнематериалдар көрсетіледі:

  • учаскелерде, электр беру желілерінің жанында және арнайы техниканың көмегімен қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау;
  • қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс әдістері мен тәсілдері;
  • жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету.

Бұл бейне-оқыту бағдарламасы тұрақты бақылаумен және осы бағдарламаны жақсарту бойынша талдау мен шешім қабылдаумен барлық бөлімшелер мен дивизиондар бойынша іске асырылады. Оқытудың бұл әдісі жұмысшылардың өндірістік қызмет процесінде тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жұмыс орындарындағы бар тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіптік аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау

GRI 403-3, 403-6

Қызметкерлерге қамқорлық көрсету «Қазақтелеком» АҚ үшін басты басымдық болғандықтан, олардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді.

Әлеуметтік пакет аясында қызметкерлер үшін толық медициналық сақтандыру қарастырылған. Қызметкерлер үшін ұжымдық шарттың талаптарына және «Демеу» бағдарламасының шарттарын асәйкес сауықтыру және шипажай-курорттық емдеу бағдарламалары да қолданылады. Сонымен қатар, қызметкерлерге алдын-ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.

Осы тексерулердің нәтижелері бойынша, қажет болған жағдайда, қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық тексеруге жіберіледі. Өндірістік персонал санатына кіретін және міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті қызметкерлер қарап-тексеруден өтпеген жағдайда жұмысқа жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарда, машиналар мен механизмдерде жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері де міндетті түрде ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтеді.

Well-Being корпоративтік бағдарламасы аясында Компанияда аурулардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Қызметкерлер үшін жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін бағалау үшін «Кардиовизор» аппаратын қолдана отырып, зерттеулер жүргізіледі. Тестілеу қорытындысы бойынша қызметкерлер дәрігердің кеңесі мен ұсынымдарын алады. Сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының проблемаларын бағалау үшін «Медискрин» аппаратын пайдалана отырып, сауықтыру тестілеуі жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша қызметкерлер дәрігердің жеке ұсыныстарын алады.

Негізгі бастамаларға қосымша ретінде «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері «Энергия деңгейін қалай арттыруға және иммунитетті нығайтуға болады» тақырыбындағы вебинарға қатысты. Сондай-ақ Компанияда Денсаулық күндері ұйымдастырылып, қызметкерлердің физикалық жағдайын қолдауға және жақсартуға бағытталған дене белсенділігі шаралары өткізілді.

Мердігерлік ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару

GRI 403-3, 403-6

Компания объектілерінде жұмыстарды орындайтын мердігер ұйымдар қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы талаптарды, стандарттар мен нормаларды сақтауға міндетті.

«Қазақтелеком» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау аспектілерін басқару контекстінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерімен өзара әрекеттесуге үлкен мән береді. Ол үшін жеткізушілер мен мердігерлерге өндірістік қауіпсіздік саласындағы корпоративтік стандарттарға сәйкес тиісті талаптар қойылады. Бұл ретте мердігер ұйымдар қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы осы талаптардың сақталуын дербес бақылауға міндетті.

Компанияда өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдарды бағалау жүйесі іске асырылуда. Компания мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау аспектілері бойынша оқыту жүргізеді.

2025 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

«Адамдар. Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру» бөлімі бойынша:

  • Басшылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Барлық деңгейдегі басшылардың тақырыптық кеңестерін ұйымдастыру.
  • Өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларды, олардың түпкі себептерін тергеу және қайталануына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы Қоғамның Директорлар кеңесі алдында есеп беру.
  • Еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін анықтау бойынша жоғары буын басшылары арасында сауалнама жүргізу. Көрсеткіштері төмен басшылар үшін еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу.

«Жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімі бойынша:

  • Жабдық қауіпсіздігін арттыру мақсатында оны жаңғыртуды жалғастыру.
  • Аудиттерді жүргізу жоспар-кестесіне сәйкес Қордың портфельдік компанияларында тоғыспалы аудит жүргізу.
  • Апаттар мен жарақаттардың алдын алудың проактивті құралдарын қолданудың (мінез-құлық аудиттерін/қауіпсіздік бақылауларын жүргізу, қауіпті жағдайларды, қауіпті іс-әрекеттерді және ықтимал қауіпті оқиғаларды, Near Miss тіркеу және тергеу; жұмысты тоқтата тұру құқығы) оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында мониторингін жалғастыру.
  • Компанияның өндірістік объектілерінің аумағында жұмыстардың қауіпсіз орындалуын арттыру мақсатында мердігерлік ұйымдармен өзара әрекеттесудің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу.

«Ықтимал апаттар мен ТЖ-ның алдын алу және жоюға дайындық» бөлімі бойынша:

  • Оқу іс-шараларын: Қорды және мемлекеттік органдарды тарта отырып, объектіде ірі апатты, ТЖ-ны жою бойынша оқу дабылдарын және/немесе апатқа қарсы жаттығуларды; вахталық қызметкерлердің әкімшілік ғимараттарында (кеңселерінде) және тұратын жерлерінде өртті сөндіру бойынша жаттығуларды өткізуді қамтамасыз ету.

«Өндірістік қауіпсіздік бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» бөлімі бойынша:

  • ЕҮҰ мен филиалдардың бірінші басшылары үшін Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі форум өткізу.
  • Қоғам Басқарма төрағасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жыл қорытындысын шығаруға арналған бейнеүндеуін шығару.
  • Жас мамандарды өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне тарту мақсатында өндірістік қауіпсіздік бойынша Жас қызметкерлер орталығының жұмысы аясында жастардың жобалық бастамаларын іске асыруға қатысу қамтамасыз етілді.