Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Корпоративтік басқару туралы есеп

Компания корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін және өз қызметінің ашықтығын сақтауға ұмтылады. Біз бизнес пен қоғамдағы өзгерістерді ескере отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіреміз. Бұл тәсіл басқарудың барлық деңгейлерінде тиімділікті қамтамасыз етеді.

Компанияны корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары:

  • Тұрақты даму.
  • Акционерлердің құқықтарын құрметтеу және оларға әділ көзқарас.
  • Тиімділік.
  • Ашықтық.
«BBB-»

«Тұрақты» болжамымен

2024 жылғы 21 қарашада Fitch Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның рейтингін «Тұрақты» болжамымен BBB- деңгейінде растады

Mosaic

Агенттік компанияның Қазақстан телекоммуникациялар нарығындағы жетекші позицияларын, өзіндік инфрақұрылымының болуын және мықты қаржылық бейінін оң бағалады. Сонымен қатар, Fitch ішкі операциялық ортаға байланысты орташа тәуекелдерді, «МТ-С» ЖШС сатылғаннан кейінгі бәсекелестік қысымды және қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуының шектеулілігін атап өтті.

Fitch компания бизнесінің тұрақты моделін, еркін ақша ағынын қалыптастыру қабілетін және нарықтық жағдайларға бейімделу мүмкіндігін ерекше атап өтті. Күшті жақтарының қатарына тіркелген байланыс сегментіндегі орны мен цифрлық трансформацияға (5G, булттық технологиялар) салынған инвестициялар жатады.

Корпоративтік басқару кодексінің осы қағидат­тары мен ережелерінің сақталуы жыл сайын Корпоративтік хатшы дайындайтын Директорлар кеңесі үшін есепте жарияланады. Қосымшаны қараңыз. «Корпоративтік басқару Кодексін сақтау туралы Есеп».

«Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару жүйесі акционерлік қоғамның қызметін басқару мен бақылауды, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, акционерлер мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы болып табылады. Органдардың құзыреттері мен шешімдер қабылдау тәртібі «Қазақтелеком» АҚ-ның Жарғысында айқындалған және бекітілген.

2024 жылдың қорытындысы бойынша талдау «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі мен оның корпоративтік тәжірибесі Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелеріне сәйкестікті қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

Басқару органдары:

  • жоғары орган — Акционерлердің жалпы жиналысы;
  • басқару органы — Директорлар кеңесі;
  • атқарушы орган — Басқарма.

Басқарма Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді, ол өз кезегінде Акционерлердің жалпы жиналысы алдында жауап береді. Компанияның әрбір органының нақты рөлі мен функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда, Жарғыда және Компанияның басқа да ішкі құжаттарында жазылған.

Ішкі аудит қызметі Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды, сондай-ақ акционерлік қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын орган болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару құрылымы

GRI 2-9