Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму туралы есеп: Е аспектісі

Қоршаған ортаны қорғау

Басқару тәсілі

GRI 3-3, 2-23, 2-25

Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты Компания қоршаған ортаға және қатысу аймақтарындағы халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай теріс әсер етпейді. Компания ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік процестерді жетілдіру арқылы өз қызметінің экожүйелерге әсерін барынша азайтуға тырысады.

Компанияда қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті реттейтін бірқатар ішкі нормативтік құжаттар бар. Осы құжаттардың ережелерін Компанияның әрбір қызметкері орындауға міндетті:

  • Экологиялық саясат;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы (бұдан әрі — ТКДБ);
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Ішкі экологиялық тексеру бағдарламасы;
  • «Қазақтелеком» АҚ биоалуантүрлілігін басқару және сақтау бойынша нұсқаулық;
  • «Қазақтелеком» АҚ жер ресурстарының мониторингі, есеп беру және қалпына келтіру бойынша нұсқаулық;
  • Қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау жөніндегі құжатталған рәсім;
  • Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру жөніндегі құжатталған рәсім;
  • Кәсіби денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштердің мониторингі бойынша құжатталған рәсім;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі құжатталған рәсім;
  • Апаттық жағдайларға дайындық және ден қою бойынша құжатталған рәсім.

«Қазақтелеком» АҚ экологиялық саясатты іске асыруда, оның орындалуына Компанияның атқарушы басшылығы жауап береді. Бұл саясат рөлдерді бөлу, экологиялық заңнаманы сақтау, көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту, қызметкерлерді оқыту, қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша мақсаттар қою және экологиялық мәдениетті дамыту шараларын қамтиды.

Компанияда экологиялық аспектілерді басқару мақсатында экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) жұмыс істейді. Бұл жүйе корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқарудың құраушысы болып табылады. ЭМЖ құрамына ластаушы заттар шығарындыларын азайту, деректерді беру бойынша экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу, энергия тұтынуды басқару және жабдықты жаңғырту үдерістері кіреді. Компания ISO 14001 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған, бұл оның экологиялық менеджмент саласындағы озық талаптарға сәйкестігін растайды.

2024 жылы Компанияның бастамасы­мен «Қазақтелеком» АҚ-ның 2021–2023 жылдардағы қызметіне сыртқы экология­лық аудит жүргізілді. Аудит шеңберінде негізгі экологиялық аспектілер: энергия тұтыну, атмосфераға шығарындылар, қалдықтарды басқару, озонды бұзатын заттарды пайдалану, құжат айналымы және қоршаған ортаны қорғау шаралары­ның орындалуы талданды. Аудит ­Орталық аппаратты және барлық облыс­тардағы өңірлік бөлімшелерді қамтыды. Аудит қорытындысы бойынша қоршаған ортаға әсерді басқаруға жүйелі көзқарастың енгізілгені расталды, соның ішінде энергиялық үнемдеуші технологиялардың енгізілуі, қалдықтарды басқару бойынша құжатталған рәсімдердің болуы, отынды есепке алу және сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ «Жасыл кеңсе» бастамасының іске қосылуы атап өтілді. Сонымен қатар, Компанияға экологиялық менедж­мент тиімділігін арттыруға бағытталған ­бірқатар ұсынымдар берілді.

ҚОҚ-ны басқарудың ұйымдық құрылымы

Экологиялық мәселелерді басқару екі деңгейде жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына жауапты департамент бұл қызметті бас кеңсе деңгейінде де, филиал деңгейінде де үйлестіреді. Барлық жоспарлау, үйлестіру, Компанияның экологиялық тәуекелдерін бағалау, сондай-ақ қауіптерді анықтау Стратегиялық басқару жөніндегі Бас директордың құзыретінде болады.

Сақтық қағидасы

«Қазақтелеком» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласында сақтық қағидасын қолданады және оны экологиялық аспектілерді басқарудағы жүйелі тәсілдің бір бөлігі ретінде қарастырады. Компанияда жобаларды жоспарлау кезеңінде де, ағымдағы операциялық қызмет барысында да экологиялық тәуекелдерді бағалауды қамтитын тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.

Алдын алу тәсілін қамтамасыз ету мақсатында қауіптерді, экологиялық аспектілерді анықтау және тәуекелдерді бағалау бойынша құжатталған рәсім енгізілген. Бұл рәсім тек қазіргі әсерлерді ғана емес, болашақта туындауы мүмкін ықтимал салдарларды да қамтиды.

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) жүргізеді, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік саласындағы озық халықаралық тәжірибеге сүйенеді. Шешім қабылдау кезінде толық ғылыми айқындық болмаған жағдайда да ұзақ мерзімді экологиялық салдарлар ескеріледі, бұл сақтық қағидасының мәніне сай келеді.

Бұдан бөлек, тәуекелдерді азайту шаралары экологиялық саясатқа, ішкі экологиялық аудит процестеріне және корпоративтік үздіксіз жетілдіру жүйесіне интеграцияланған.

Компания табиғат қорғау саласындағы дамудың мынадай басым бағыттарын айқындады:

  • қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
  • климаттың өзгеруі мәселесінің аса маңыздылығын түсіну;
  • заңнаманы, ұлттық және халықаралық экологиялық стандарттарды сақтау;
  • Компания қызметін әзірлеу және жүзеге асыру кезінде Тұрақты даму қағидаттарын сақтау;
  • Экологиялық менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін Компания басшылығының барлық деңгейдегі жауапкершілігі;
  • барлық мүдделі тараптар үшін қолжетімді және ашық экологиялық ақпаратты ашу.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтау

GRI 2-27

«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын Компания қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін іс-шараларды іске асырады.

2024 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзу тіркелген жоқ. Есепті жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін қаржылық емес санкциялар мен өзге де әкімшілік жазалар қолданылмады.

Табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығындар, мың теңге

Шығыс бабы 2022 2023 2024
ҚОӘБ жобаларын, шығарындылар нормативтерінің жобаларын әзірлеу және өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу, санаттарды растау 0 82,2 8 250,0
ҚО-ға теріс әсер еткені үшін төлемдер, соның ішінде: 12 526,7 12 500,0 14 542,0
- стационарлық көзі бойынша 2 066,2
- жылжымалы көзі бойынша 1 686,8 0 12 448,8
Барлығы 12 526,7 12 582,2 22 792,0

2025 жылға арналған жоспарлар

Қоршаған ортаны сақтау аспектілері (қалдықтар және парниктік газдардың шығарындалары) бойынша сандық мақсатты көрсеткіштерді енгізу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның «Таза Қазақстан» бастамасына қосқан үлесі

22 792

81,1%

мың теңге

2024 жылғы табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығындар

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ елдің экологиялық мәдениетін арттыруға және жалпы ел аумағында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Бұл бастама Қазақстанның барлық өңірін қамтып, миллиондаған азаматтарды, мемлекеттік және бизнес-құрылымдарды экологиялық жаңару және тұрақты даму идеясының төңірегінде біріктірді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Компания қызметкерлері бүкіл ел бойынша аумақтарды тазарту және қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша экологиялық сенбіліктерге, акцияларға қатысты. Шаралар ірі қалаларда ғана емес, шалғай орналасқан елді мекендерде де ұйымдастырылып, Компанияның әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстануын көрсетті.

Астана ботаникалық бағындағы «Қазақтелеком аллеясы»

Компанияның 30 жылдығына орай жүзеге асырылған Астана қаласының Ботаникалық бағындағы «Қазақтелеком аллеясы» экологиялық жобасы ерекше маңызды шара болды. Осы бастама аясында «Қазақтелеком» АҚ ботаникалық бақ аумағына 30 қылқан жапырақты ағаш отырғызды, бұл биоәртүрлілікті сақтау, көміртек ізін азайту және елорданың тұрақты дамуына үлес қосу символына айналды. Ағаш отырғызу шарасына Компания басшылығы, соның ішінде Басқарма төрағасы мен бас қаржы директоры қатысты. Бұл корпоративтік деңгейде де, жалпы қоғам ауқымында да экологиялық күн тәртібінің маңыздылығын көрсетті.

Қызметкерлердің экологиялық сауатын арттыру және тарту

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын қолдаудың бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлердің экологиялық санасын арттыруға және тұрақты әдеттерді қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды:

  • Тұрақты даму, биоәртүрлілік, климат және жаңартылатын энергия көздері бойынша оқыту вебинарлары.
  • Тұрақты әдеттерді дамытуға бағытталған «Эко гардероб» және «Эко кеңес» челлендждерін өткізу.
  • Киімге экологиялық тұрғыдан қарауға арналған вебинармен бірге Эко-сән апталығын өткізу.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу арқылы «Қазақтелеком» ESG саласындағы стратегиялық бағытының дұрыстығын дәлелдеп, корпоративтік құндылықтарға және әлеуметтік жауапкершілікке берік ұстанымын растады.

Атмосфераға шығарындылар

GRI 3-3

65,6

тонна

2024 жылғы атмосфералық ауаға шығарылған ластаушы заттардың жалпы көлемі

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын жоспарлы түрде азайту «Қазақтелеком» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Компания жыл сайын атмосфераға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шараларды орындайды.

Қазандықтар мен автокөліктер атмосфералық ауаға әсер етудің негізгі көздері болып табылатындығын ескере отырып, Компания оларға уақтылы техникалық қызмет көрсетуіне ерекше назар аударады, сондай-ақ өндіруші компанияның ұсынымдарына сәйкес генераторларды, бензоагрегаттар мен автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асырады. Белсенділігі төмен кезеңдерде жабдықтың қозғалтқыштары ажыратылады; электр қуаты өшкен жағдайда стационарлық генераторлар пайдаланылады.

Компанияда ластаушы заттардың шығарындылары бойынша есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес тоқсан сайын орындалады.

GRI 305-7

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының құрылымы, тонна7

Шығарынды түрі 2022 2023 2024
NOх 73 5,5 5,2
SO2 31 7,2 5,4
CO 109 18,5 21,3
Шаң 57 18,3 32,7
Басқа шығарындылар 23 2,8 1,03
Барлығы 294 52,4 65,6

7 2023–2024 жылдардағы деректерді ұсыну тәсілі өзгертілді. 2022 жылы реттелмейтін және реттелетін көлемдерді қоса алғанда, ластаушы заттардың (ЛЗ) жалпы көлемі көрсетілді. Ал 2023 жылдан бастап тек реттелетін ластаушы заттардың көлемі көрсетіледі.

2024 жылы атмосфералық ауаға реттелетін ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 65,6 тонна болды. Ластаушы заттарды есептеу бекітілген Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін анықтау әдістемесі негізінде жүргізілді.

Есепті жылы «Қазақтелеком» АҚ стационарлық ластаушы көздерінде шекті рұқсат етілген шоғырлану деңгейлерін анықтау мақсатында аспаптық өлшеулер жүргізді. Ауытқулар анықталған жағдайда Компания жедел түрде түзету шараларын қабылдады. Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтау шеңберінде автономды жылыту жүйелері мен дизель-генераторлық қондырғыларға арналған шекті рұқсат етілген шығарындылар жобаларын әзірлеу жалғасуда.

GRI 305-6

Озонды бұзатын заттар (ОБЗ) шығарындыларының көлемі, килограмм CFC-11-экв.8

Көрсеткіштің атауы 2022 2023 2024
Импортталды 0 0 0
Экспортталды 0 0 0
Өндірілді 124,7 105,4 105,4

8 Трихлорфторметан (ХФУ-11-экв.).

2024 жылы Компания озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасының әдістемесіне сәйкес Компания объектілеріндегі тоңазытқыш қондырғыларда қолданылатын келесі озонды бұзатын заттар бойынша есептеулер жүргізді: R-407С, R-410A тоңазыту агенттері, хлордифторметан (R-22), дифторметан (R-32). 2024 жылы тұтыну көлемінде өзгерістер тіркелмеген.

Компаниядағы тоңазыту агенттерді есепке алу баллондар мен килограммдарда жүзеге асырылады. ОБЗ есептеу кезінде 0,055-ке тең озонды бұзатын потенциал коэффициенті қолданылды.

2025 жылға және орта мерзімді кезеңге арналған жоспарлар

2025 жылы атмосфераға ластауыш заттардың шығарылуын азайту бойынша келесі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:

  • Атмосфераға ластауыш заттардың шығарындалары көлемін қысқарту бойынша сандық мақсатты көрсеткіштерді енгізу.

СУ РЕСУРСТАРЫ

GRI 3-3

91,2

мың м3

су тапшылығы бар өңірлерде тұщы суды алу көлемі құрады

Компания жыл сайын су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыз су сапасын үнемді жұмсауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, Компания су ресурстарына айтарлықтай әсер етпейді. Сумен жабдықтаудың негізгі көздері сумен жабдықтау ұйымдарының (су арналарының) сулары болып табылады. Компания қалалық сумен жабдықтау желілерінен басқа ұңғымалардан және басқа көздерден суды пайдаланбайды. Компанияның барлық нысандарында су ресурстарын тиімді пайдалану Экологиялық саясаттың басым мақсаты болып табылады. Компаниядағы су ресурстарын басқару реттемелеуші құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Су тұтыну тек қана шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін жүзеге асырылады. Барлық сумен жабдықтау жүйелері су тұтынуын есептейтін аспаптармен жабдықталған.

Су тұтыну

GRI 303-3

Жалпы су жинау көлемі, мың м3

Көрсеткіштің атауы 2022 2023 2024
Жалпы су жинау көлемі 257,2 250,3 274,2
Тұщы су 257,2 250,3 274,2
Басқа су - - -

GRI 303-3

Сумен жабдықтаудың негізгі көздері сумен жабдықтау ұйымдарының (су арналарының) сулары болып табылады. Компания су тапшылығы бар өңірлерде жер үсті және жерасты көздерінен су алуды жүзеге асырмайды. 2024 жылы су тұтыну көлемі 9,5%-ға артқаны тіркелді.

GRI 303-3

Су тұтынудың меншікті көрсеткіші

Көрсеткіштің атауы 2022 2023 2024
Өндірістік көрсеткіштер 5 445 5 449 5 298
Меншікті су тұтыну, мың м3/мың объект 0,047 0,046 0,0517
«Қазақтелеком» АҚ-ның кірісі, млн теңге 635 665 669 467 309 484
Меншікті су тұтыну, мың м3/мың объект 0,00040 0,00037 0,000886
20,8

мың м3

2024 жылы су тапшылығы бар өңірлерде тұщы суды алу көлемі құрады

Ағынды сулардың төгіндісі

GRI 303-4

Компания суды тек санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланады. Компанияның барлық ағынды сулары келісімшартқа сәйкес орталық кәріз желілеріне төгіледі.

Сарқынды сулар орталықтандырылған кәріз жүйесіне ағызылатындықтан, Компания сарқынды суларды кәріз желілеріне ағызуға арналған жергілікті органдар мен су арналарымен белгіленген жалпы талаптарды сақтайды.

Компанияда сарқынды сулардың сапасына қатысты жеке ішкі стандарттар жоқ, өйткені барлық сарқынды сулар орталықтандырылған кәріз жүйесіне ағызылып, олардың тазартылуы мен өңделуі жергілікті су арналарымен реттеледі. Сарқынды сулардың сапасына бақылау қаладағы тазарту құрылыстары деңгейінде жүзеге асырылады.

GRI 303-3

Төгінділердің жалпы көлемі, мың м3

Көрсеткіштің атауы 2022 2023 2024
Жалпы су жинау көлемі 245,9 251,0 121,1
Тұщы су 245,9 251,0 121,1
Басқа су - - -

GRI 303-5

2024 жылғы жалпы су тұтыну көлемі 153,2 мың м3 құрап, су тапшылығы бар аймақтарда бұл көрсеткіш 70,4 мың м3.

2025 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

Компания су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша келесі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

  1. Су ресурстарын басқару және сақтау жөніндегі Нұсқаулықты әзірлеу және бекіту.
  2. Судың меншікті тұтынылуын физикалық бірлікке және/немесе ақшалай бірлікке шаққандағы көрсеткіш ретінде ашып көрсету.

Қалдықтарды басқару

GRI 3-3, 306-2

156,4

тонна

2024 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың жалпы көлемі

Компания қалдықтарды жауапкершілікпен және қауіпсіз қолдануға көп көңіл бөледі. Біз қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға және қайта өңдеуге берілетін қалдықтардың үлесін арттыруға тырысамыз.

Компанияда Қазақстан Республикасының ҚОҚ саласындағы заңнамасына сәйкес пайда болған қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, кәдеге жаратуды, әкетуді және мониторингті қоса алғанда, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару тәртібін көрсететін «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» Құжатталған рәсімі қолданылады. Компанияда қалдықтардың көлемін есепке алу журналдарда, сондай-ақ қалдықтардың қозғалысы туралы актілер (есептен шығару, қабылдау- тапсыру, кәдеге жарату актілері және т.б.) негізінде тіркеледі.

Жыл сайын «Сервистік фабрика» Компания қалдықтарының мынадай түрлерін өткізу және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдармен келісімшарт жасасады:

  • электрондық-электр жабдықтары (климатехника, тұрмыстық электр аспаптары, электр энергиясын есепке алу аспаптары, резервтік қоректендіру көздері (ДГҚ, ДГА, шағын электр станциялары), үздіксіз қоректендіру көздері, ЭҚҚ құралдары, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр аспаптары және т.б.);
  • химиялық ток көздері (әр түрлі типтегі аккумулятор батареялары);
  • құрамында сынап бар қалдықтар (люминесценттік шамдар);
  • пайдаланылған майлар (ДГА, автокөлік құралдары, трансформаторлық қосалқы станциялар және т.б. пайдаланылған майлар);
  • макулатура (қағаз);
  • қаптама (қаптама материалының барлық түрлері).

GRI 306-3

Пайда болған қалдықтардың көлемі, тонна

Көрсеткіштің атауы 2022 2023 2024
Қауіпті қалдықтар 29,0 53,5 114,4
Қауіпті емес қалдықтар 12,7 7,3 42,0
Жалпы пайда болған қалдықтар 41,7 60,7 156,4

2024 жылы пайда болған қалдықтардың жалпы көлемі (қатты-тұрмыстық қалдықтарды есепке алмағанда) 156,4 тоннаны құрады. 2024 жылы қауіпті және қауіпті емес қалдықтардың көлемінің артуы жабдықтардың өз мақсатында пайдалануға жарамсыз болуына байланысты болды. Қауіпті және қауіпті емес қалдықтар шарт негізінде үшінші тарап ұйымы арқылы жойылды.

2024 жылы аккумулятор батареяларының тозуына, пайдаланылған шамдарға және пайдаланылған майларға байланысты қалдықтардың көлемі артқаны байқалды.

GRI 306-5

Қауіптілік сыныптары бойынша бөліністе жойылған қалдықтардың көлемі, тонна

Көрсеткіштің атауы 2021 2022 2023 2024
Қауіпті қалдықтар н/д 29,0 53,5 114,4
Қауіпті емес қалдықтар н/д 12,7 7,3 42,0
Барлық жойылған қалдықтар н/д 41,7 60,7 156,4

2024 жылы аккумулятор батареяларының, сынапты шамдардың, пайдаланылған майдың физикалық тозуына, сондай-ақ қауіпсіз қалдықтардың — электрондық есептегіштердің, генераторлардың, кондиционерлердің, метал сынықтарының — есебінен кәдеге жаратуға берілген қалдықтардың көлемі артқаны байқалды. Бұл қалдықтар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама мен санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс.

Есептен шығарылған телекоммуникациялық жабдықпен жұмыс істеу

Компания есептен шығарылған телекоммуникация құралдарын (клиенттік цифрлық жабдық (STB-приставкалар, CDMA терминалдары, модемдер, маршрутизаторлар, мультиметрлер, модульдер, басқару тақталары, терминалдар және басқа жабдықтар) және кеңсе техникасы) оларды сату үшін аукцион өткізетін үшінші тарап ұйымдарына өткізуге жібереді. Тиісті жағдайда есептен шығарылған телекоммуникациялық жабдық Компанияның бұйрығымен бекітілген «Есептен шығарылған телекоммуникация құралдарын бөлшектеу және кәдеге жарату ережелері» ұйымының стандарты негізінде қосалқы бөлшектер ретінде пайдаланылады. Есептен шығарылған жабдықтың бір бөлігін (оның ішінде мыс кабелін, кабель сынықтарын пайдалана отырып, кабельдік байланыс желілерін) Компания мамандандырылған ұйымдарға түсті және қара металдарды сақтауға және кәдеге жаратуға береді.

2025 жылға арналған жоспарлар

Компания қалдықтарды тиімді басқару бойынша келесі іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр:

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту.

Биоалуантүрлілікке әсері

GRI 3-3, 413-1

«Қазақтелеком» АҚ Экологиялық саясатқа сәйкес биоалуантүрлілік деңгейін арттыруға жәрдемдесуге және қорғалатын аумақтарда өндірістік қызметті жүргізуге жол бермеуге міндеттенеді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары учаскелерінде (оның ішінде кабельдерді төсеу бойынша) өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау шеңберінде Компания топырақ эрозиясының қаупін барынша азайтатын және бұзылған жер учаскесінде өсімдік қабатын қалпына келтіруге ықпал ететін механикалық және биологиялық қалпына келтіру жұмыстарын орындайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның барлық телекоммуникациялық жабдықтары елді мекен аумағында немесе қолданыстағы инфрақұрылым бойында орналастырылған және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (қорық аймақтарын қоса алғанда) әсер етпейді. Дегенмен, 2023 жылдан бастап Компания өзінің қызметінің биоәртүрлілікке әсерін бағалау және мониторинг жүргізу бастамасын қолға алды.

2023 жылы мұндай бағалау адам әсері ең аз болатын, қалалық ортадан алшақ орналасқан өңірлерде жүргізілді. Мониторинг биоәртүрлілік пен жер ресурстарын бағалау және бақылау бойынша бекітілген ішкі Нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылды.

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ «Биоәртүрлілікті басқару және сақтау жөніндегі нұсқаулықты» іске асыру аясында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы телекоммуникациялық жабдықтар орналастырылған орындарда биоәртүрлілікке, сондай-ақ жер және су ресурстарына қызметтің әсерін тәуелсіз бағалаудан өткізді. Бағалауды «КазТЭКО» ЖШС жүргізді. Талдау аймағына автоматтандырылған телефон станциялары (АТС), сымсыз байланыс антенналары (оның ішінде 5G), қосалқы жабдықтар, резервтік қуат көздері кірді.

Бағалау аясында электромагниттік сәуле деңгейі, шу деңгейі, атмосфералық ауаның сапасы, сондай-ақ 5G антенналарының жануарлар әлеміне (әсіресе құстарға) ықтимал әсері бойынша өлшеулер жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері бойынша қалалар бөлінісінде:

Астана қаласы

  • Атмосфералық ауа: 47 нүкте (бес компонент бойынша: азот тотығы, азот оксиді, көміртек, күкірт оксиді, көміртек оксиді);
  • Физикалық әсер: 17 нүкте;
  • Электромагниттік әсер: 18 нүкте.

Шымкент қаласы

  • Атмосфералық ауа: 84 нүкте;
  • Физикалық әсер: 32 нүкте;
  • Электромагниттік әсер: 35 нүкте.

Алматы қаласы

  • Атмосфералық ауа: 118 нүкте;
  • Физикалық әсер: 28 нүкте;
  • Электромагниттік әсер: 25 нүкте.

Үш қаланың барлығында өлшеулер үш кезеңде жүргізілді, желдің бағыты ескеріліп, жер бетінен 1,5–2,0 метр биіктікте және телекоммуникациялық жабдықтарға жақын маңда жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша:

  • барлық параметрлер бойынша белгіленген шекті рұқсат етілген мәндерден асу жағдайлары анықталған жоқ;
  • жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің құрамы немесе мінез-құлқында өзгерістер тіркелген жоқ.

Осылайша, Компанияның қоршаған ортаға әсері елеусіз және экожүйелер үшін қауіпсіз деп танылды.

Мониторинг нәтижелері бойынша есеппен Компанияның ресми сайтында (telecom.kz) танысуға болады.

2025 жылға арналған жоспарлар

  1. Компанияның қатысу аймақтарында биологиялық әртүрлілікті сақтау және қолдау жобаларына қатысу жоспарлануда.
  1. «Қазақтелеком» АҚ әрекет ететін аумақта биологиялық әртүрлілікті басқару және сақтау жөніндегі Нұсқаулықты өзектендіру және ашық қолжетімділікте жариялау мақсатында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жабдықтар мен технологиялық үдерістер бойынша деректер жинау жоспарланып отыр.