Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты дамуды басқару

Маңыздылықты талдау

GRI 3-1

Компания осы есепті дайындау кезінде GRI (GRI Sustainability Reporting Standards) стандартының ұсынымдарына сәйкес Компанияның елеулі әлеуетті және нақты әсерлерін талдауға негізделген маңыздылығын бағалауды жүргізді. Бағалау Компания басшылығы мен мүдделі тараптар өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Бағалау Компанияның ішкі және сыртқы мүдделі тараптарын қамтыды.

Маңыздылықты анықтау кезеңдері:

1-кезең

  • Мәнмәтінді талдау.
  • Компания қызметінің мәнмәтіні және әлемдік күн тәртібі негізінде тақырыптар тізімін қалыптастыру.
  • Мүдделі тараптар ортасын анықтау.

2-кезең

  • Компанияның нақты және ықтимал әсерін анықтау.
  • Компанияның әсерін анықтау үшін оның сараптамалық салалық материалдары мен тәуекелдерін талдау.

3-кезең

  • Әсердің маңыздылығын бағалау.
  • Мүдделі тараптардың сауалнамасына және Компанияның ішкі сараптамасына негізделген әсерлердің күші мен ауқымын бағалау.

4-кезең

  • Маңызды әсерлерге басымдық беру.

GRI 3-2

Маңыздылықты анықтау нәтижелері бойынша Компанияның ең маңызды әсерлерінің тізімі құрылды. Маңыздыларға мыналар жатқызылды:

Әлеуметтік аспект

  • Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік бағдарламалар.
  • Денсаулық пен жұмыс орнындағы қауіпсіздік.
  • Қызметкерлерді оқыту және дамыту.
  • Адам құқықтары және тең мүмкіндіктер.
  • Жергілікті қауымдастықтарды дамыту.

Экологиялық аспект

  • Биоалуантүрлілік.
  • Климаттың өзгеруімен күресу (соның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту)
  • Энергия тиімділігі.

  • Қалдықтарды басқару.

  • Атмосфераға шығарындылар.

  • Су ресурстарын басқару.

Корпоративті басқару аспектісі

  • Экономикалық тиімділік.

  • Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау.

  • Инновациялар және жаңа технологиялар.

  • Сапалы және қолжетімді қызметтер.

  • Сатып алу тәжірибесі.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

  • Нарықтар мен бәсекелестік.

2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда елеулі тақырыптар тізбесінде өзгерістер болған жоқ.