Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты дамуды басқару

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі

Компания БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы Жаһандық күн тәртібін қолдайды және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосылады.

«Қазақтелеком» АҚ Тұрақты дамудың барлық он жеті мақсатының маңыздылығын мойындайды және телекоммуникация секторы, Компания қызметінің ерекшелігі және Компания өсуінің стратегиялық бағыттарын орындау үшін ­ерекше өзекті болып табылатын тоғыз ­негізгі мақсатты айқындайды.

БҰҰ-ның Тұрақты дамуының басым мақсаттары

Алғашқы таңдау бренді

11-ші ТДМ

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

15-ші ТДМ

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

17-ші ТДМ

Тұрақты даму мүддесінде Жаһандық серіктестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру

Цифрлық платформа

10-шы ТДМ

Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту

12-ші ТДМ

Тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

16-шы ТДМ

Тұрақты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру

Тиімді ұйымдастыру

4-ші ТДМ

Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алуды ынталандыру

8-ші ТДМ

Үдемелі, жан-жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толық әрі өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу

9-шы ТДМ

Тұрақты инфрақұрылымды құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі

Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алуды ынталандыру

ТДМ-ның өзекті міндеттері

4.4 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті дағдыларға, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдыларға ие жас және ересек адамдардың санын едәуір ұлғайту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Оқу орындарымен ынтымақтастыққа және студенттердің Компанияда тағылымдамадан өтуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік университетінің ашылуы.
  • Компанияның он мыңнан астам қызметкері келесі бағыттар бойынша оқытудан өтті: Leadership academy, EX academy, HSE&ESG academy, Сервис және сату академиясы, Техникалық академия, IT-академия, Qazaq&English academy, Қаржы академиясы, Jas academy.

2024 жылғы нәтижелер

  • 2024 жылы 39 732  тыңдаушы оқытудан өтті;
  • Бір қызметкерге шаққандағы жылдық орташа оқу сағат саны — 30,80.

Үдемелі, жан-жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толық әрі өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу

ТДМ-ның өзекті міндеттері

8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде жоғары қосылған құны және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Желілік инфрақұрылымды үнемі жақсарту.
  • Инновациялық қызмет пен жаңа бизнестерді дамыту: 5G, IoT, Smart City, тауарларды таңбалау және т.б.
  • Желілерді техникалық дамыту және қолдау.

2024 жылғы нәтижелер

  • Оптикалық-талшықты байланыс желісінің қамту аймағының жалпы ұзындығы 91 мың км-ден асты.
  • Алматы және Қарағанды қалаларында ескірген станциялық жабдықтарды ауыстыру арқылы GPON желісі жаңғыртылды.

ТДМ-ның өзекті міндеттері

8.8 Еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбектенушілер, соның ішінде еңбекші-мигранттар, әсіресе әйел-мигранттар және тұрақты жұмыспен қамтылмаған тұлғалар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Адам құқықтары саласындағы саясат, Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және алуан түрлілік саласындағы саясат, Жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу жөніндегі саясат бекітілді.
  • Қызметкерлерге, оның ішінде Ұжымдық келісімшарт шеңберінде әлеуметтік қолдау көрсету.

2024 жылғы нәтижелер

  • Қызметкерлердің 92% Ұжымдық шартпен қамтылған;
  • «Демеу» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 300 миллион теңгеден асты.

Тұрақты инфрақұрылымды құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

ТДМ-ның өзекті міндеттері

9.1 Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, барлық адамдар үшін арзан және тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, сапалы, сенімді, орнықты және тұрақты инфрақұрылымды, оның ішінде өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды дамыту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • «Тазарту» бағдарламасын іске асыру — желілік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған;
  • «SAPA+» бағдарламасын іске асыру — қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында пайдаланушылардың маршрутизаторларын жаңартуға бағытталған.
  • Кең жолақты қолжетімділік желісін (FTTx) дамыту; GPON технологиясын жаңғырту; ауылдық елді мекендерді қосу.

2024 жылғы нәтижелер

  • 70 мың абонентті заманауи талшықты-оптикалық байланыс желісіне көшіру.
  • Техникалық сипаттамалары жақсартылған жаңа жабдыққа 50 мың клиенттің модемін ауыстыру.
  • 49 780 көппәтерлі тұрғын үй пәтері, 2 341 жеке сектор нысаны үшін қосылу мүмкіндігі; 104 ауылда 110 Wi-Fi станциясы; 6 500 жаңа пайдаланушы.

ТДМ-ның өзекті міндеттері

9.2 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және аз дамыған елдерде интернетке жалпыға бірдей және арзан қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларында интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық желілерді салу және кеңейту.

2024 жылғы нәтижелер

  • Ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын қосу үшін жалпы ұзындығы 129 км болатын ТОБЖ-ның 28 учаскесінің құрылысы аяқталды.
  • Интернет желісіне қолжетімділік жылдамдығы  891 ауыл мектебінде 10 Мбит/с-тан 50 Мбит/с-қа дейін жаңғыртылды.

Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту

ТДМ-ның өзекті міндеттері

10.3 Мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету және нәтижелер теңсіздігін, соның ішінде кемсітушілік заңдарды, саясат пен тәжірибені жою және осы бағытта тиісті заңнаманы, саясат пен шараларды қабылдауға жәрдемдесу арқылы азайту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Компанияның әйел қызметкерлерінің білімі мен құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Өңірлердегі әйелдерді қолдау» бағдарламасы іске қосылды.
  • Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және алуан түрлілік саласындағы саясат бекітіліп, енгізілуде.

2024 жылғы нәтижелер

  • 14% — Басқармадағы әйелдердің үлесі.

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

ТДМ-ның өзекті міндеттері

11.3 2030 жылға қарай барлық адамға ашық және экологиялық тұрақты қалаландыру ауқымын, барлық елдерге кеңінен қатысу негізінде елді мекендерді кешенді және тұрақты жоспарлау және басқару мүмкіндіктерін кеңейту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Табиғи сипаттағы ауқымды төтенше жағдайға (су тасқынына) байланысты «Қазақтелеком» АҚ су тасқынынан зардап шеккен абоненттер үшін абоненттік төлем мен берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдады.
  • Интернет пен дауыстық байланысқа жеңілдік; цифрлық қолжетімділікті кеңейту.

2024 жылғы нәтижелер

  • «Қазақтелеком» АҚ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 1 млрд теңге бөлді.
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік тариф енгізілді.

Тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

ТДМ-ның өзекті міндеттері

12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Мыс байланыс желілерін қайталау және жарықдиодты шамдарды ауыстыру сияқты энергияны тұтынуды азайту шараларын жүзеге асыру.
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы.

2024 жылғы нәтижелер

  • Климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерге бағалау жүргізілді.

ТДМ-ның өзекті міндеттері

12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға тұрақты өндіріс әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуге кеңес беру.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын енгізу.
  • GRI стандарттарының талаптарына сәйкес жыл сайынғы тұрақты даму есебін шығару.
  • «Қазақтелеком» АҚ-да ESG тәжірибелерін дамыту бойынша Жол картасын іске асыру.

2024 жылғы нәтижелер

  • ESG стратегиясы аясында климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы есеп жарияланды;
  • 2024 жылы ESG тәжірибелерін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында 90-нан астам іс-шара іске асырылды.

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

ТДМ-ның өзекті міндеттері

15.1 Халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жер үсті және ішкі тұщы су экожүйелерін және олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты жерлерді, таулар мен құрғақ жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Желілер салынғаннан кейін жерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар өткізу.
  • Биоалуантүрлілік және жер ресурстарын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс-шаралар өткізу.
  • Компания қызметінің аймақтарында биоалуантүрлілік саласындағы ағымдағы қызметті бағалауды жүргізу.

2024 жылғы нәтижелер

  • 2023–2024 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметінің биоалуантүрлілікке, жер және су ресурстарына, атмосфералық ауаға, сондай-ақ Компания қатысатын өңірлердегі физикалық әсерге ықпалын бағалау және мониторингі жүргізілді.

Тұрақты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру

ТДМ-ның өзекті міндеттері

16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық түрлерін едәуір қысқарту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Компанияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын енгізу.
  • Компанияда қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтерді тұрақты өткізу.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2024 жылғы нәтижелер

  • Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттары мен әдістері туралы 100% қызметкерлер мен корпоративтік басқарудың негізгі органдарының мүшелері хабардар етілді.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау жүргізілген құрылымдық бизнес-бөлімшелердің үлесі — 75%.

Тұрақты даму мүддесінде Жаһандық серіктестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

ТДМ-ның өзекті міндеттері

17.6 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияны және қаржылық ресурстарды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылған тұрақты даму мүдделері үшін Жаһандық серіктестікті нығайту.

17.7 Әріптестердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік және жеке секторлар және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді әріптестікті ынталандыру және көтермелеу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жобалары, бастамалары, орындап жатқан іс-шаралары

  • Заң шығарушы және атқарушы органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, жергілікті қауымдастықтармен және бизнес-қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.
  • Халықаралық және ұлттық қауымдастықтарға қатысу.
  • Жұмыс топтарына, мемлекеттік құрылымдардың бейіндік комитеттеріне және қауымдастықтарға мүшелік.

2024 жылғы нәтижелер

  • Халықаралық «Europe 2024 GCCM» конференциясына және «CC-GlobalAwards 2024» марапаттау рәсіміне қатысу;
  • Жақын және алыс шетелдік байланыс операторларымен әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында жетінші «GCCM CIS 2024 Almaty» жыл сайынғы конференциясының алдында Carrier Meeting іс-шарасын ұйымдастыру.