Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму туралы есеп: S аспектісі

Қызметкерлердің саны мен құрылымы

GRI 2-7

Қызметкерлердің тізімдік санының динамикасы, 2021–2024, адам

18 395

3,3%

адам

2024 жылғы персоналдың тізімдік саны

GRI 405-1

Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына жас топтары бойынша бөлінген қызметкерлердің құрылымы

30 жасқа дейін 30–50 жас 50 жастан асқан
Категория Барлығы, адам адам үлесі, % адам үлесі, % адам үлесі, %
Барлық қызметкерлердің саны 18 395 2 853 15,5 10 449 56,8 5 093 27,7
- басшы лауазымдарда 1 121 22 2 745 66,4 354 31,6
- мамандар 12 831 2 102 16,4 7 655 59,7 3 074 23,9
- жұмыскерлер 4 443 729 16,4 2 049 46,1 1 665 37,5

GRI 405-1

2024 жылғы 31 желтоқсаны жағдайы бойынша гендерлік топтар бойынша персонал құрылымы

Ерлер Әйелдер
Категория Барлығы, адам адам үлесі,% адам үлесі,%
Персонал саны 18 395 11 702 63,6 6 693 36,4
- басшы лауазымдарда 1 121 797 71,1 324 28,9
- мамандар 12 831 6 768 52,7 6 063 47,3
- жұмыскерлер 4 443 4 137 93,1 306 6,9

GRI 405-1

Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің саны

Ерлер Әйелдер
Категория Барлығы, адам адам үлесі,% адам үлесі,%
Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің саны 228 159 69,7 69 30,3
- басшы лауазымдарда 7 5 71,4 2 28,6
- мамандар 158 97 61,4 61 38,6
- жұмыскерлер 63 57 90,5 6 9,5

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметкерлердің ұлты бойынша құрылымы, адам

Ұлты Саны, адам
Қазақтар 13 853
Орыстар 2 999
Кәрістер 61
Немістер 193
Украиндар 381
Татарлар 242
Басқалар 666
Барлығы, адам саны 18 395
36,4%

2024 жылы жалпы қызметкерлер санындағы әйелдер үлесі

14%

Басқарма құрамындағы әйелдер үлесі

GRI 405-1

Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына жас бойынша бөлінген басқарушы органдардың құрылымы

30 жасқа дейін 30–50 жас 50 жастан асқан
Категория Барлығы, адам адам үлесі, % адам үлесі, % адам үлесі, %
Директорлар кеңесі 7 0 0 5 71 2 29
Басқарма 7 - - 4 57 3 43

GRI 405-1

Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына гендерлік топтар бойынша бөлінген қызметкерлердің құрылымы

Ерлер Әйелдер
Категория Барлығы, адам адам үлесі, % адам үлесі, %
Директорлар кеңесі 7 7 100 0 0
Басқарма 7 6 86 1 14

30-дан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер негізгі бөлікті құрайды — 56,8%. 50 жастан асқан қызметкерлердің саны жалпы персонал санының 27,7%-ын құрайды. 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі — жалпы персонал санының 15,5%. Ер адамдардың үлесі — 63,6%, әйелдер — 36,4%.

18 225

адам

есепті кезеңде Компанияда белгісіз мерзімге жасалған еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны жалпы персонал санының ішінде

GRI 2-7

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ-дағы тұрақты және уақытша қызметкерлердің гендерлік ерекшеліктері мен аймақтар бойынша саны

Тұрақты қызметкерлер саны, адам Уақытша қызметкерлер саны, адам
Аймақтың атауы Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер
Барлығы 11 639 6 586 63 107
Абай облысы 416 154 1 5
Ақмола облысы 770 276 0 2
Ақтөбе облысы 598 335 1 11
Алматы облысы 508 153 1 7
Атырау облысы 423 211 7 5
Батыс Қазақстан облысы 385 184 0 1
Жамбыл облысы 466 190 1 2
Жетісу облысы 484 224 3 3
Қарағанды облысы 689 401 2 7
Қостанай облысы 726 323 0 3
Қызылорда облысы 328 206 0 1
Маңғыстау облысы 269 172 2 4
Павлодар облысы 558 291 4 7
Солтүстік Қазақстан облысы 677 184 0 2
Түркістан облысы 463 107 0 0
Ұлытау облысы 81 48 0 2
Шығыс Қазақстан облысы 497 314 3 5
Астана қаласы 963 726 10 8
Алматы қаласы 1 915 1 780 22 20
Шымкент қаласы 423 307 6 12
18 257

адам

2024 жылы толық жұмыс күнімен жұмыс істейтін Компания қызметкерлері

138

адам

2024 жылы жартылай жұмыс күнімен жұмыс істейтін Компания қызметкерлері

1 968

адам

2024 жылы Компанияда азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер

GRI 2-7

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ-да толық жұмысбастылық жағдайында еңбек ететін қызметкерлер саны 18 257 адам болды, оның ішінде ер адамдар — 11 612 адам, әйелдер — 6 645 адам. Есепті кезеңде Компанияда жартылай жұмысбастылық жағдайында 138 адам жұмыс істеді, олардың ішінде 90 — ер адамдар, 48- әйелдер.

Толық жұмыспен қамту жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны, адам Толық емес жұмыспен қамту жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны, адам
Аймақтың атауы Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер
Барлығы 11 612 6 645 90 48
Абай облысы 415 157 2 2
Ақмола облысы 746 278 24 0
Ақтөбе облысы 598 336 1 10
Алматы облысы 509 160 0 0
Атырау облысы 430 214 0 2
Батыс Қазақстан облысы 383 178 2 7
Жамбыл облысы 467 191 0 1
Жетісу облысы 487 227 0 0
Қарағанды облысы 672 406 19 2
Қостанай облысы 701 321 25 5
Қызылорда облысы 316 194 12 13
Маңғыстау облысы 271 176 0 0
Павлодар облысы 562 298 0 0
Солтүстік Қазақстан облысы 674 186 3 0
Түркістан облысы 463 104 0 3
Ұлытау облысы 79 50 2 0
Шығыс Қазақстан облысы 500 318 0 1
Астана қаласы 973 733 0 1
Алматы қаласы 1 937 1 800 0 0
Шымкент қаласы 429 318 0 1

GRI 2-8

2024 жылы Компанияда 1 968 қызметкер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде еңбек етті және олар Компания тарапынан уақытша сипаттағы жобаларға тартылды, оның ішінде аумақты тазалау, уашылық қызмет көрсету және басқа да көмекші қызмет түрлері бойынша.

Персоналды іріктеу

Компанияда персоналды іріктеу «Қазақтелеком» АҚ-ның персоналды іріктеу ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады. Компаниядағы бос лауазымдар мен жұмысшы мамандарды жалдаумен Жалпы HR қызмет көрсету орталығы және Қызметкердің тәжірибесін басқару қызметі құрылымдық бөлімшелері айналысады.

Персоналды іріктеу қағидалары:

  • бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, персоналды іріктеуді жоспарлау;
  • лауазымға және Құзыреттілік моделіне қойылатын талаптарға негізделген нақты және ашық іріктеу критерийлері;
  • ашық конкурстық рәсімдер;
  • кандидаттың кәсібилігі, жеке қасиеттері және оның лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен құзыреттеріне сәйкестігі;
  • меритократия қағидаты негізінде қабылданатын шешімдердің негізділігі;
  • қызметкерлерді жалдау кезінде объективті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әр лауазымға сәйкес келетін үміткерлерді бағалау әдістерін қолдану;
  • кемсітушіліктің болмауы, барлық үміткерлерге кәсіби, ашық және құрметпен қарау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі;
  • қызметкерлерді тарту және іріктеу үшін ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы.

Компанияда персоналды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Бос лауазымға орналасу кезінде ішкі кандидаттар, оның ішінде кадр резервіне кіретін кандидаттар басым құқыққа ие болады. Білікті мамандарды іздеуге және таңдауға үміткерлер:

  • Компания қызметкерлері, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның кадр резервінде тұрған қызметкерлер;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобының қызметкерлері;
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының қызметкерлері;
  • бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысатын кандидаттар;
  • ЖОО түлектері, жоғары курс студенттері болуы мүмкін.

Компанияда Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік саласындағы саясат қабылданды, оның негізгі қағидаттарының бірі әртүрлі командаларды қалыптастыруға ұмтылу және әртүрлілікті дамыту жөніндегі бастамаларды ілгерілету, соның ішінде жергілікті халық арасынан басым персоналды жалдау, сондай-ақ мақсатты персоналды жалдау болып табылады.

Қажет болған жағдайда Компанияда сыртқы кандидаттарды іріктеу жүргізіледі. Компанияда әлеуетті жаңа жұмысшыларды іздеу құралдары ретінде қолданылатындар:

  • Samruk Qyzmet бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында құрылған кандидаттардың электрондық деректер базасы (qsamruk.kz);
  • Компания қалыптастырған түйіндеменің электрондық базасы;
  • түйіндеме дерекқорлары бар мамандандырылған сайттар (Qyzmet.kz, Kz.jooble.org және басқа);
  • әлеуметтік желілер (Facebook, LinkedIn және басқа);
  • Компания/«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ іске асыратын жас мамандарды дамыту/таланттарды басқару бағдарламалары түлектерінің электрондық деректер базасы.

2024 жылы Компанияға 1 947 жаңа жұмысшы қабылданды. Олардың ішінде 13 адам — Компанияның кадрлық резервінен іріктелген кандидаттар. Жаңадан қабылданған қызметкерлердің басым бөлігі 30 жасқа толмағандар.

1 947

адам

2024 жылы жаңадан жалданған қызметкерлердің саны

GRI 404-1

Жаңадан жалданған қызметкерлердің саны, адам

Категория 2022 2023 2024
Компания бойынша барлығы: 2 175 1 809 1 947
Гендерлік топтар бойынша:
- Әйелдер 715 605 634
- Ерлер 1 460 1 204 1 313
Жас топтары бойынша:
- 30 жастан кіші 1 216 928 956
- 30–50 жас 813 718 851
- 50 жастан асқан 146 163 140

GRI 401-1

Аймақтар бойынша жаңадан жалданған қызметкерлер саны, адам

Аймақтың атауы 2022 2023 2024
Барлығы 2 175 1 809 1 947
Абай облысы 39 42 47
Ақмола облысы 104 56 70
Ақтөбе облысы 77 77 78
Алматы облысы 86 73 105
Атырау облысы 78 56 76
Батыс Қазақстан облысы 66 55 57
Жамбыл облысы 64 23 31
Жетісу облысы 77 68 67
Қарағанды облысы 123 86 99
Қостанай облысы 109 113 75
Қызылорда облысы 27 14 20
Маңғыстау облысы 57 46 36
Павлодар облысы 110 91 84
Солтүстік Қазақстан облысы 101 63 64
Түркістан облысы 28 14 20
Ұлытау облысы 35 24 27
Шығыс Қазақстан облысы 75 59 75
Астана қаласы 236 268 333
Алматы қаласы 578 495 475
Шымкент қаласы 105 86 108

GRI 404-1

Жаңадан жалданған қызметкерлердің коэффициенті, 2022–2024 жж, %

Атауы 2022 2023 2024
Компания бойынша барлығы: 0,11 0,10 0,11
Гендерлік топтар бойынша:
- Әйелдер 0,04 0,09 0,09
- Ерлер 0,07 0,10 0,11
Жас топтары бойынша:
- 30 жастан кіші 0,06 0,28 0,34
- 30–50 жас 0,04 0,07 0,08
- 50 жастан асқан 0,007 0,03 0,03

Кадрлардың тұрақсыздығы

GRI 401-1

«Қазақтелеком» АҚ кадрлар тұрақсыздығын төмендетуге және Компания қызметкерлерінің дамуын ынталандыруға ықпал ететін кадрларды ынталандыру және ұстап қалу бағдарламаларын іске асырады.2024 жылы еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің жалпы саны 2 609 адамды құрады. 2023 жылмен салыстырғанда еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің үлесі 206%-ға артты.

GRI 404-1

Жас және гендерлік топтар бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің жалпы саны, адам

Атауы 2022 2023 2024
«Қазақтелеком» АҚ 1 444 1267 2 609
Гендерлік топтар бойынша:
- Әйелдер 417 345 969
- Ерлер 1 027 922 1 640
Жас топтары бойынша:
- 30 жастан кіші 579 482 692
- 30–50 жас 747 666 1 101
- 50 жастан асқан 118 119 816

Ескертпе: персоналдың тұрақсыздық коэффициенті — жалпы алғанда — 0,14%, әйелдер — 0,14%, ерлер — 0,14% (Компания персоналының орташа тізімдік санының үлесі).

GRI 401-1

Аймақтар бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны, адам

Аймақтың атауы 2022 2023 2024
Барлығы 2 175 1 809 2 609
Абай облысы 39 42 81
Ақмола облысы 104 56 106
Ақтөбе облысы 77 77 106
Алматы облысы 86 73 122
Атырау облысы 78 56 76
Батыс Қазақстан облысы 66 55 78
Жамбыл облысы 64 23 50
Жетісу облысы 77 68 94
Қарағанды облысы 123 86 162
Қостанай облысы 109 113 129
Қызылорда облысы 27 14 50
Маңғыстау облысы 57 46 48
Павлодар облысы 110 91 139
Солтүстік Қазақстан облысы 101 63 112
Түркістан облысы 28 14 54
Ұлытау облысы 35 24 29
Шығыс Қазақстан облысы 75 59 106
Астана қаласы 236 268 278
Алматы қаласы 578 495 666
Шымкент қаласы 105 86 123

Кадр резерві

Компания «Таланттарды басқару» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, оның мақсаты Компаниядағы негізгі лауазымдарды ауыстырудың негізгі ішкі көзі ретінде кадр резервін қалыптастыру және дайындау болып табылады.

Бұл жоба Компанияға жоғары кәсіби әлеуеті бар талантты қызметкерлерді анықтауға және ұстап қалуға көмектеседі. Бұл жоба аясында «Көшбасшылық мектебі» жұмыс істейді, онда резервтегі қызметшілер басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерді дамыту бойынша оқытудан өтеді.

Кадр резервін қалыптастыру қағидалары

Объективтілік

Кадр пулының құрамына кандидаттар бағалаудың объективті критерийлері негізінде айқындалады.

Ашықтық

Кадр пулын іріктеу және қалыптастыру рәсімдері ашық және жария түрде жүзеге асырылады.

Еріктілік

Кандидатты кадр пулына қосу қызметкердің қалауы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Тең мүмкіндіктер

Белгіленген талаптарға сай келетін кез келген қызметкер кадр пулына енгізуге үміткерлерді іріктеуге қатыса алады.

Меритократия

Ең қабілетті және талантты қызметкерлердің негізгі басшылық лауазымдарға орналасу процесі.

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ-да кадрлық резервті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасты. Қызметкерлердің құзыреттері моделін жаңарту және жетілдіру, сондай-ақ корпоративтік құндылықтар КРЭДО-ға сәйкес стратегиялық мақсаттарға жету үшін жаңа құзыреттер моделі бекітілді. Бұл модель қызметкерлердің әлеуетін бағалауда бірегей және объективті тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.

375

адам

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Компаниядағы негізгі лауазымдарға резервтегі қызметшілердің жалпы саны

34

бос орын

2024 жылы кадрлық резервтен жабылды

Жаңа модельді енгізу аясында құзыреттер бойынша автоматтандырылған есепті жаңарту үшін валидациялық жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта ЕХ бағыты қызметкерлерінің іскерлік әлеуетін кешенді зерттеу ұйымдастырылып, оған 113 адам қатысты. Бағалау SHL компаниясының онлайн психометриялық құралдарын қолдану арқылы жүргізілді. Атап айтқанда, вербалды және сандық ақпаратты талдау тесттері, «Диаграммалар сериясы» тесті, кәсіби тұлғаға арналған сауалнама және мотивациялық сауалнама қолданылды. Бұл құралдар қызметкерлердің жаңа ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін тереңірек түсінуге, олардың күшті жақтарын, жұмыс тапсырмаларындағы басымдықтарын және ішкі мотивация деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Әлеуетті бағалаумен қатар, 2024 жылы резервтегі қызметшілерді оқыту мен дамытуға ерекше назар аударылды. Алдыңғы қатарлы мамандар KIMEP, Назарбаев Университеті, ALMAU және De Montfort University сияқты жоғары оқу орындарында Executive MBA бағдарламалары бойынша оқуды жалғастырды, жалпы саны 22 адам болды. Сол уақытта Корпоративтік университет START MBA бағдарламасын жүзеге асырды, оның аясында 158 резервтегі қызметшілер интенсивті бес айлық оқудан өтті. Сонымен қатар, 2024 жылдың сәуірінде Каспий университетінде NEXT MBA бағдарламасы бойынша тағы 70 резервтегі қызметшілер оқуды аяқтады. Бұл бастамалар Компанияның динамикалық өзгеріп жатқан бизнес ортасында стратегиялық міндеттерді жүзеге асыра алатын жоғары әлеуетті жетекшілер пулын қалыптастыруға бағытталған.

Персоналды жалдау көрсеткіштерінің динамикасы

Жыл 2021 2022 2023 2024
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің жалпы саны, адам 1 978 2 174 1 809 1 947
Ішкі кандидаттармен жабылған ашық вакансиялардың үлесі (ішкі іріктеу),% 51 20 4,5 1,7
Бір қызметкерді (FTE) жұмысқа алу бойынша орташа шығын, теңге 20 338 18 316 18 596 25 413

Персоналды бағалау

«Қазақтелеком» өз қызметкерлерінің алдына нақты, өлшенетін мақсаттар мен міндеттер қояды, олар қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) түрінде тіркеледі, олардың орындалуы алынған сыйақыны анықтайды.

ҚНК жүйесін басқару Компанияның Стратегиясында, Бизнес-жоспарында және басқа да басшылық құжаттарда айқындалған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және ол ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлауды қамтиды.

Қызметкерлердің негізгі қызмет бағыттары бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілігі айқындалады және олардың стратегиялық мақсаттар, міндеттер мен бастамаларды орындауы бақыланады. Бұл ретте Компания қаржылық және қаржылық емес ҚНК-ның теңгерімін сақтауға мән береді. Жоспарланған ҚНК-ға қол жеткізуді бағалау және мониторинг жүргізу міндетті түрде тоқсан сайын/жыл сайын өткізіледі, оның ішінде факторлық талдау жасалып, ұсыныстар әзірленеді.

Жоспарлау және нәтижелілікті бағалау циклі — бұл ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің жұмыс нәтижелілігін үздіксіз басқаруға бағытталған үдеріс. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша сыйақы төлеудің негізгі шарты — сыйақы төлеуге жоспарланған сома ескерілген шоғырландырылған таза пайда болуы.

Компанияда қызметкерлердің жұмыс нәтижелілігі мен құзыреттерін дамыту деңгейін бағалау нәтижелеріне негізделген жыл сайынғы Рейтинг жүйесі енгізілген. Бұл рейтинг жүйесі қызметкерлерді Компанияның таланттар картасында «тиімсіз қызметкер» санатынан бастап «жоғары көшбасшылық әлеуетке» дейінгі аралықта орналастырып, келешек кадрлық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

2024 жылы Компания қызмет тиімділігін бағалау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:

  • «Қазтелеком» АҚ филиалдары қызметкерлерін ағымдағы премиямен марапаттау ережелері өзектендірілді;
  • Компания қызметкерлерінің барлығына арналған тоқсандық ҚНК енгізіліп, тоқсан сайынғы премия жүйесі жүзеге асырылды (Қазтелеком АҚ қызметкерлерінің қызметін бағалау ережелеріне сәйкес);
  • Еңбекке қатысу коэффициентін (ЕКК) белгілеу және есептеу процесі автоматтандырылды.

Сонымен қатар, Компанияда жеке даму жоспарының (ЖДЖ) жүйесі енгізілді, оның арқасында әрбір қызметкер өз білімін және дағдыларын дамытуға, жеке тиімділігін және жұмыс нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Есепті кезеңде Компанияның 1 756 қызметкері (яғни, жалпы қызметкерлер санының 9,6%) жүйелі түрде нәтижелілік бағалау процесімен қамтылды.

GRI 404-3

Мансаптың дамуы мен нәтижелілікті тұрақты бағалаумен қамтылған қызметкерлердің үлесі, адам

Атауы 2022 2023 2024
«Қазақтелеком» АҚ 530 1 628 1 756
Гендерлік топтар бойынша:
- Әйелдер 173 716 598
- Ерлер 357 912 1 158
Қызметкерлер санаты бойынша:
- Басшылар 234 638 673
- мамандар 296 990 1 083
- жұмыскерлер 0 0 0

Сыйақы

109,4

млрд теңге

«Қазақтелеком» АҚ-ның 2024 жылы еңбекақы төлеуге жұмсаған

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметкерлерін әділ және бәсекеге қабілетті сыйақымен қамтамасыз етеді.

2024 жылы Компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 467 411 теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 52 024 теңгеге немесе 12,5%-ға жоғары.

«Қазтелеком» АҚ-да қабылданған ынталандыру жүйесі қызметкерлердің сыйақысын олардың жұмыс нәтижелерімен нақты байланыстыруды қамтамасыз етеді, соның ішінде қызметті бағалау жүйесі де қолданылады.

«Қазтелеком» АҚ қызметкерлерін марапаттауға деген көзқарасты реттейтін құрылымдық бөлімше — Сыйақы және ұйымдық тиімділік қызметі. Бұл бөлімшенің негізгі міндеті — қызметкерлерді тарту, ұстау және ынталандыру үшін қажетті экономикалық тұрғыдан тиімді марапаттау жүйесін құру.

«Қазақтелеком» АҚ-да Hay Group әдістемесі бойынша грейдтер жүйесі жұмыс істейді. Еңбекақы төлеу, қосымша төлемдер, үстемеақылар, ағымдағы және біржолғы сыйлықақылар, разрядаралық коэффициентті қолдана отырып, лауазым разрядын/санатын саралау тәсілдері сәйкестендірілді.

Компаниядағы орташа айлық жалақының динамикасы, теңге

GRI 202-1, 406-1

Компания кез келген сипаттағы кемсітушілікке жол бермеуге қатаң назар аударады және қызметкерлерге еңбекақы төлеуде әділ әрі тең құқықты тәсілді қамтамасыз етеді.

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ қызметкерлері үшін ең төменгі жалақы мөлшері ерлер мен әйелдер үшін бірдей — 114 000 теңге болды.Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңгені құрайтынын ескере отырып, Компаниядағы ең төменгі жалақы мөлшері ел деңгейінен 34%-ға жоғары.

GRI 405-2

2024 жылы Компания қызметкерлерінің жалақысы бойынша гендерлік алшақтықты талдау жүргізілді.Анализ нәтижесі бойынша, 2024 жылы Компаниядағы әйелдердің орташа жалақысы ерлерге қарағанда 13%-ға төмен екені анықталды.

2024 жылы әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы 88,2% деңгейінде болды.

GRI 405-2

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметкерлер санаттары бойынша ерлер мен әйелдердің жалақы мөлшерінің арақатынасы

Көрсеткіш басшы лауазымдарда мамандар жұмыскерлер
Жалақы, мың теңге:
- Ерлер 621 334 243
- Әйелдер 645 272 126
Коэффициенті,% («Қазақтелеком» АҚ қызметкерлер санаттары бойынша бөліністегі әйелдер мен ерлердің негізгі жалақысының қатынасы) 103,9 81,4 52,1

GRI 405-2

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметкерлер санаттары бойынша ерлер мен әйелдердің жалақы мөлшерінің арақатынасы

Көрсеткіш басшы лауазымдарда мамандар жұмыскерлер
Сыйақы (негізгі қызметақы + сыйлықақы), мың теңге:
- Ерлер 229 114 76
- Әйелдер 227 101 81
Коэффициенті,% («Қазақтелеком» АҚ қызметкерлер санаттары бойынша бөліністегі әйелдер мен ерлердің сыйақы (негізгі қызметақы + сыйлықақы) мөлшерінің қатынасы) 99,3 88,7 106,4

Әлеуметтік тұрақтылық

Есепті кезеңде Компанияда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасты. «Қазақтелеком» АҚ дивизиондары мен филиалдарының HR-функциясының басшылары қызметкерлермен кездесулер өткізді, онда әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбекақы төлеу қоры, әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Компанияда келесі рәсімдерді қамтитын онлайн-конференциялар форматында топ-менеджментпен қызметкерлердің тиімді байланыс арнасы ретке келтірілді:

  • сұрақтар пулының бастапқы жинағы;
  • «Қазақтелеком» АҚ Байланыс департаментінің сұрақтар пулын модерациялау;
  • Басқарма төрағасымен тікелей эфир өткізу.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Компаниялар тобында өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік жағдайға жыл сайынғы мониторинг жүргізіледі. Жасырын әлеуметтік шиеленісті уақтылы анықтау және осы процесті басқару мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-да, «Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы» ЖМ-да Samruk Research Services (SRS) әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Сауалнама нәтижелері бойынша әлеуметтанушылардың ұсынымдарына сәйкес жыл сайынғы негізде Дабыл аймақтарында жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

2024 жылы Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы SRS индексіне зерттеу жүргізді, оның нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның ҚНК шекті мәні 60% болғанда оның жиынтық мәні 68%-ды құрады.

Қатысу индексі жұмысты сапалы және ыңғайлы орындау үшін қажетті материалдық-техникалық инфрақұрылымға, жүктемеге, сыйақы мен әлеуметтік пакетке, адалдыққа, коммуникацияға, даму мен мансаптық мүмкіндіктерге қанағаттану деңгейін, сондай-ақ басшылық тарапынан мойындауды өлшейді.

Әлеуметтік әл-ауқат индексі әл-ауқат деңгейін статика мен динамикадағы өзін-өзі бағалауды, сондай-ақ әлеуметтік, қаржылық әл-ауқатты, өз денсаулығы мен қоршаған орта сапасын бағалауды белгілейді.

Әлеуметтік тыныштық индексі ұжымның әлеуметтік шиеленіс деңгейін, қызметкерлердің өз құқықтарының қорғалу дәрежесін, ұжымдағы жанжал мен наразылық деңгейін, оның ішінде оларға қатысуға деген көзқарасты, сондай-ақ наразылық қатысушыларына түсіністіпен қарау деңгейін көрсетеді.

2024 жылға арналған SRS зерттеулерінің нәтижелері негізінде әзірленген мазасыз аймақтармен жұмыс істеу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, «Қазтелеком» АҚ келесі бағыттар бойынша еңбек жағдайларын жақсартуға, қызметкерлердің мотивациясын арттыруға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырды:

  • Коммуникацияны және өзара әрекеттесудегі ашықтықты жақсарту
  • Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту
  • Қызметкерлерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету
  • Біліктілікті арттыру және персоналды дамыту
  • Корпоративтік мәдениетті дамыту және қызметкерлердің қатыстылығын арттыру
  • Well-Being бағдарламасын іске асыру
  • Қызметкерлердің кәсіподақтар мен омбудсмен жұмысы туралы хабардарлығын арттыру.

SRS жиынтық мәні үш индекстің нәтижелері бойынша біріктірілген:

68%

Қатысу индексі

54%

Әлеуметтік әл-ауқат индексі

84%

Әлеуметтік тыныштық индексі

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

«Қазақтелеком» АҚ-ның ұжымдық шартымен Компания қызметкерлерінің

92%

қамтылған

GRI 2-30, 404-2

«Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс жасау үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі жұмыс істейді.«Қазақтелеком» АҚ-ның Ұжымдық шарты Компания қызметкерлерінің 92%-ын қамтиды.

Компания Ұжымдық шартқа сәйкес қызметкердің жұмыспен қамтылу сипатына қарамастан (тұрақты немесе уақытша) 2024 жылы әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлерін көрсетуді жалғастырды:

  • өмірді сақтандыру;
  • медициналық қызмет;
  • бала күтімі бойынша демалыс;
  • зейнетақы бағдарламалары.

Қосымша түрде, «Қазтелеком» АҚ-ның Ұжымдық шартына сәйкес, Компания қысқарту және зейнеткерлікке шығу жағдайларында қызметкерлерге қолдау шараларын ұсынады. Олардың қатарына:бос лауазымдарға ауыстыру мүмкіндігі,еңбек өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке ерте шығу,жұмыс іздеу үшін төленетін уақыт беру,жұмыстан босатылғанда және зейнеткерлікке шыққанда бір жолғы төлемдер жасау кіреді.

GRI 402-1

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты еңбек шарттары бұзылған кезде қызметкерлерді ескертудің ең аз мерзімі 4 аптаны (30 күнтізбелік күн) құрайды. «Қазақтелеком» АҚ-да бекітілген Ұжымдық шартқа сәйкес бұл мерзім заңнаманың ең төменгі талаптарымен салыстырғанда ұлғайтылды және 45 күнтізбелік күнді құрайды.

GRI 401-2

Қызметкерлерге арналған негізгі әлеуметтік жеңілдіктерден басқа, Компанияда «Жеңілдіктер кафетериясы» жүйесі жұмыс істейді, ол қызметкер бөлінген қаражат лимиттері мен жеңілдіктер тізімі шеңберінде өзінің әлеуметтік пакетінің құрылымы мен толтырылуын дербес анықтай алады деп болжайды.

«Жеңілдіктер кафетериясы» тұжырымдамасы Компанияның келесі лауазымдардағы қызметкерлеріне қолданылады:

  • Орталық аППараттың Басқарушы директорлары (сыртқы активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директорды қоспағанда), Бас қазынашы, персонал жөніндегі директор, клиенттік тәжірибені басқару жөніндегі директор, филиалдардың Бас директорларының тікелей бағынатын филиалдардың қызмет бағыттары бойынша директорлар;
  • Орталық аППараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
  • «Жеңілдіктер кафетериясы» келесі санаттарды қамтиды:
  • ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасын кеңейту;
  • қызметкерлерге және/немесе қызметкерлердің балаларына арналған білім беру курстарының/бағдарламаларының құнын төлеу;
  • шипажайлық-курорттық демалыс/емдеу құнын төлеу (ЕМС бойынша қарастырылғандарды қоспағанда) және т.б.
1 600

қызметкер

2024 жылы «Демеу» бағдарламасы бойынша

>300

млн теңге

көлемінде төлем алды

Компанияның қызметкерлерге арналған негізгі әлеуметтік бағдарламаларының бірі «ДЕМЕУ» бағдарламасы болып табылады, оның шеңберінде Компания көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 2-ден астам баланы асырап алған отбасыларға көмек көрсетеді. 2024 жылы бағдарлама «толық емес отбасы» санатымен және жақын туыстарына күтім жасау кезінде материалдық көмек көрсету шарасымен толықтырылды.Қосымша түрде, осы Бағдарлама аясында А8–В4 грейдтерінде тұрған Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау ретінде орта арнаулы оқу орындары/ЖОО-ларда оқу бітіретін курс бойынша оқу ақысын өтеу көзделген.

«ДЕМЕУ» бағдарламасы шеңберінде Компания қызметкерлері мүгедек балаларды оңалтуға, мүгедек балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламаларына; мүгедек балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарына баруға; балалардың сауықтыру лагерьлері мен шипажайларына (мүгедек балаларға) жолдамалар сатып алуға, сондай-ақ дәрі-дәрмек сатып алуға, мектеп оқушыларына арналған тамақтану және т.б. материалдық көмекке байланысты шығындарды өтеу үшін төлемдер алады.

Еmployee Experience стратегиясының бағыттарының бірі «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады.2024 жылы Компанияда қызметкерлер арасындағы аурушаңдықты бақылау және аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Well-Being бағдарламасы өз жұмысын жалғастырды.

2023 жылғы қызметкерлердің аурушаңдығын мониторингілеу нәтижелері негізінде, 2024 жылдың ақпан айында Қызметкерлердің әл-ауқаты мен денсаулығын жақсарту жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленді. 2024 жылы «Қазтелеком» АҚ қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және өндірістік қызметке байланысты қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Жыл қорытындысы бойынша денсаулық индексі мен әл-ауқат индексінің оң динамикасы тіркелді.Сауалнама нәтижелері бойынша кәсіби өмірге қанағаттану деңгейі 24%-ға артты, бұл еңбек жағдайының жақсаруымен, күйзелісті басқару дағдыларының артуымен, моральдық климаттың нығаюымен және корпоративтік мәдениеттің дамуына байланысты болуы мүмкін.Психологиялық қолдау аясында 301 консультациялық іс-шара өткізілді.

2023 жылы жүргізілген IR-скрининг нәтижелері негізінде, 2024 жылы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты анықталған 6 828 бұзушылықтың 3 954-і жойылды, яғни бұзушылықтардың 58%-ы жойылды.

122

адам

Есептік кезеңнің соңында бала күтімі бойынша демалысқа шыққан қызметкерлер саны

95%

балаға қарау демалысына шыққан қызметкерлердің әйелдер үлесі

Бала күтімі бойынша демалыс

GRI 401-3

Бала күтіміне байланысты демалыс бойынша қызметкерлерді бөлу, адам

Көрсеткіш 2022 2023 2024
Бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға құқығы бар қызметкерлердің жалпы саны, оның ішінде: 19 979 19 022 18 395
- Әйелдер 7 390 7 016 6 693
- Ерлер 12 589 12 006 11 702
Бала күтімі бойынша демалысқа шыққан қызметкерлердің жалпы саны, оның ішінде: 1 345 1 008 122
- Әйелдер 1 314 992 116
- Ерлер 31 16 6
Бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін есеп беру кезеңінде жұмысқа оралған қызметкерлердің жалпы саны, оның ішінде: 379 368 389
- Әйелдер 369 353 383
- Ерлер 10 15 6
Бала күтіміне байланысты демалыстан жұмысқа оралуы керек болған қызметкерлердің жалпы саны, оның ішінде: 145 174 182
- Әйелдер 139 168 181
- Ерлер 6 6 1
Алдыңғы есеп беру жылында бала күтімі бойынша демалыстан шыққан және жұмысқа шыққаннан кейін 12 ай өткен соң Компанияда жұмысын жалғастырған қызметкерлердің жалпы саны, оның ішінде: 221 226 121
- Әйелдер 219 214 114
- Ерлер 2 12 7

2024 жылы қайта оралу коэффициенті — 220%, ал ұстау коэффициенті — 33% болды.

Корпоративтік мәдениетті дамыту

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ-ның құрылғанына 30 жыл толды. Компания 1994 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 666 қаулысының негізінде құрылып, отыз жыл бойы елдегі телекоммуникация саласының көшбасшысы болып келеді.Мерейтой аясында қызметкерлердің мотивациясын арттыруға, олардың еңбегін мойындауға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған арнайы бастамалар мен іс-шаралар іске асырылды:

Құрмет марапаттар

«Үздік байланысшы» атағы

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Компанияның 32 қызметкеріне қосымша квота бөлді.

«Қазақтелеком аруы — 2024» сұлулық және шабыт конкурсы

Мақсаты:

  • Қызметкерлердің мотивациясын арттыру;
  • Салауатты өмір салты мен рухани сұлулық құндылықтарын ілгерілету;
  • Корпоративтік рухты нығайту.

Нәтижелері:

  • 15 қатысушыға Shop.telecom.kz дүкенінен 10 000 теңгелік сертификаттар табысталды;
  • «Екінші Вице-Мисс» атағын екі қызметкер бөлісті — әрқайсысы 50 000 теңгелік сертификат алды;
  • «Бірінші Вице-Мисс Қазақтелеком аруы — 2024» — 100 000 теңгелік сертификатпен марапатталды;
  • Бас жүлде иегері — «Қазақтелеком аруы — 2024» — 200 000 теңгелік сертификат алды.

Компанияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

Әлеуметтік желілердегі челлендж: «Менің жұмысым — Қазтелекомда».

Мерейтойлық белгілермен марапаттау:

  • Еңбек өтіліне байланысты (15, 20, 25, 30, 35, 40, 45 және 50 жыл) қызметкерлерге естелік белгілер табысталды.

«Маевка» форматындағы тимбилдингтер:

  • Қызметкерлерге арналған корпоративтік табиғат аясындағы демалыс күндері ұйымдастырылды.

Байланыс ардагерлеріне қолдау:

  • Саланың ардагерлерін құттықтау және көмек көрсету шаралары өткізілді.

Корпоративтік марафон:

  • «Қазтелекомға — 30 жыл» жүгіру марафоны қызметкерлерді салауатты өмір салтын қолдауға біріктірді.

IX Спартакиадаға қатысу:

  • «Қазтелеком» АҚ командалары «Самұрық-Қазына» АҚ тобының спорттық жарыстарына қатысты.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту

18 395

адам

2024 жылы оқытылған қызметкерлер саны

30,80

сағат

бір қызметкерге жылына шаққандағы орташа оқу сағат саны

GRI 3-3, 404-1

«Қазтелеком» АҚ қызметкерлердің үнемі өсуі мен дамуы Компанияның табысты болуы үшін маңызды шарт екенін жақсы түсінеді. Осыған байланысты «Қазтелеком» АҚ-да қызметкерлерді оқыту және дамыту саласындағы жұмысты реттейтін негізгі құжат — «Қазтелеком» АҚ-ның Білімді басқару ережелері әзірленген.2024 жылы қашықтан оқыту курстарын қоса алғанда, 39 372 тыңдаушы келесі бағыттар бойынша оқудан өтті:Leadership academy (Көшбасшылық академиясы),EX academy,HSE & ESG academy,Сервис және сату академиясы,Техникалық академия,IT-академия,Qazaq & English academy,Қаржы академиясы. Қызметкерлерді оқытуға жұмсалатын шығындар білім беру іс-шараларына қатысуға байланысты іссапар шығындарын есепке алмастан көрсетіледі. Компанияның жыл сайынғы бюджетінде оқыту бағыты бойынша келесі баптар бойынша шығындар жоспарланады:

  • Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;
  • Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша іссапар шығындары.

Есепті кезеңде оқытуға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемінің азаюы EMBA бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді оқудан өтетін қызметкерлер санының қысқаруына байланысты болды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның оқытуға салған инвестициялары, 2022–2024, млн теңге

GRI 2-4, 404-1

2024 жылғы 31 желтоқсандағы қызметкерлерді оқыту сағаттарының саны, адам

2024 жылғы оқу сағаттарының саны (сағат)
Әйелдер Ерлер Барлығы
АП ПП АП ПП
23 273 178 458 22 492 342 273 566 496
31.12.2024 ж. қызметкерлер саны (адам)
Әйелдер Ерлер Барлығы
АП ПП АП ПП
856 5 837 312 11 390 18 395
Бір қызметкерге шаққандағы орташа сағат саны
Әйелдер Ерлер Барлығы
АП ПП АП ПП
27,19 30,57 72,09 30,05 30,80

Сонымен қатар, Employee Experience стратегиясына сәйкес Компанияның бір қызметкеріне жоспарланған оқу сағаттарының саны бекітілген. 2024 жылы бір қызметкерге шаққандағы нақты орташа оқу сағаттарының көрсеткіші келесідей болды: ер адамдар — 31,17 сағат, әйелдер — 30,1 сағат. 2024 жылы бұл көрсеткіштер 2023 жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл өсім қызметкерлердің сыртқы оқу курстары осы көрсеткішті есептеуге енгізілуіне байланысты болды.

Корпоративтік университет

GRI 404-2

2024 жылы Корпоративтік университет Astana IT University базасында өз жұмысын жалғастырды, ол ЖОО студенттерінің «Қазақтелеком» АҚ-да өндірістік практикадан және тағылымдамадан өтуіне жағдай жасайды, талантты түлектер қатарынан IT- мамандарын таңдап алды.

Корпоративтік университеттің негізгі білім беру бағдарламалары:

Көшбасшылық және басқару академиясы (кадрлық резерв пен басшылар үшін)

2024 жылы 901 тыңдаушы

Оның ішінде:

START MBA:

155 қатысушы (3 модуль) резервтегілер мен әлеуеті жоғары қызметкерлер үшін.

Өзгерістерді басқару, келіссөздер жүргізу дағдылары, презентация дағдылары, корпоративтік қаржы, басқару есебі, стратегиялық менеджмент, маркетингті басқару, маркетинг негіздері, басшылар коучингі және мемлекеттік тілдегі кәсіби коммуникациялар тақырыптары бойынша тренингтер.

Next MBA (Caspian University) — МВА бағдарламасына балама және/немесе алдын ала дайындық:

149 кадр резервтегілердің 70 адамы (сарапшылар, желілік басшылар) Start MBA корпоративтік бағдарламалары бойынша модульдік оқытудан өтті.

Клиенттермен өзара қарым-қатынаста көшбасшылық:

Курстың үш модулін 242 тыңдаушы аяқтап, икемді басқару тәсілдерін меңгерді, командалармен және клиенттермен тиімді өзара әрекеттесуді үйренді, эмоционалдық көшбасшылық, уақытты басқару және жанжалдарды реттеу дағдыларын дамытты.Тыңдаушылар кроссфункционалдық ынтымақтастықты нығайтты, коучинг дағдыларын жетілдірді, оның ішінде белсенді тыңдау, нақты сұрақтар қою және сапалы кері байланыс беру, сондай-ақ өздерінің басқару стилі туралы түсініктерін арттырды.

HSE Академиясы — қауіпсіз еңбек мәдениетін енгізу және дамыту

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау курстары (ҚжЕҚ):

Компанияның 1 044 қызметкері Learning Telecom платформасында ҚжЕҚ бойынша қашықтықтан курстардан өтті. 2024 жылы ҚжЕҚ (офлайн) курстарынан 17 778 қызметкер өтті.

2024 жыл ішінде келесі оқыту іс-шаралары өткізілді:

  • «Жарақаттанудың алдын алу және ден қою» — 4 093 жаппай кәсіп қызметкері.
  • «Қауіпсіз көлік жүргізу» — 2 101 жүргізуші (оның ішінде штаттық жүргізушілер және сырттай Компанияда жұмыс істейтін жүргізушілер).
  • «Қауіпсіз жұмыс ортасы» — 1 717 орта буын басшылары.

Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті курстары:

9 854 тыңдаушы.

Сату және қызмет көрсету академиясы — сату және қызмет көрсету дағдылары, жаңа өнімдер

«Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті» тренингі:

  • 411 қызметкер қазақ тілінде оқытылды
  • 1 539 қызметкер орыс тілінде оқытылды.

83 жаттықтырушы ішкі жаттықтырушылар пулын құру.

Қызметкерлерді дамыту бағдарламасы ДРБ Сервистік қызмет көрсету департаментінде жаңа қызметкерлерді бейімдеу үдерістерін өзгерту, басшыларды қолдау және жоғары әлеуетті қызметкерлерді дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

«Ішкі клиенттерге қызмет көрсету» тренингі 1 және 2 деңгей:

Оған ЖҚКО Сервис фабрикасы мен АББ бөлімшелерінен 245 қызметкер қатысты. Тренингтің мақсаты — коммуникация дағдыларын жақсарту, күрделі жағдайларды шешудің тиімді алгоритмдерін меңгеру және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.

Техникалық Академия — GPON, CISCO, деректерді беру, әмбебап монтер, техникалық тәлімгерлерді қолдау

2024 жылы 1469 инженерлік-техникалық қызметкер оқытылды, 16 843 адам 2023 жылы Компанияның оқу полигондарында оқудан өткен қызметкерлердің жалпы саны.

Жұмыс бағдарламалары мен оқу курстары әзірленді:

  • CRM 2.0 жүйесінде жұмыс істеу — 153 адам.
  • Клиенттерді техникалық қолдау жүйесі (КТҚЖ) — 53 адам.
  • Инсталляторларға арналған Workforce Management (WFM) –- 244 адам.
  • Компанияның желілері мен қызметтері бойынша шолу курсы — 291 адам.

2024 жылы келесі оқыту іс-шаралары өткізілді:

  • NRI «Cramer» дерекқоры бойынша пайдаланушы курсы (желілік технологиялар: IP, MPLS, Ethernet, xDSL, GPON) (Onsite/Offline) — 15 тыңдаушы үшін 3 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 96 сағат.
  • «Жергілікті желіні техникалық қолдау жүйесі» (ЖЖТҚЖ) пайдаланушы курсы (Onsite/Offline) — 83 қызметкер үшін 6 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 96 сағат.
  • NRI «Cramer» дерекқоры бойынша пайдаланушы курсы (SDH, PDH, PSTN, DWDM желілік технологиялары бойынша) (Onsite/Offline) — 15 қызметкер үшін 2 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 64 сағат.
  • Cable Manager NRI Cramer модуліне объектілерді енгізу — 16 қызметкер үшін 3 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 60 сағат.
  • CRM 2.0 жүйесінде жұмыс, «Тапсырыстар» модулі (Onsite/Offline) — 16 қызметкер үшін 4 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 96 сағат.
  • Техникалық есептің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқоры. Спутник v6 (Onsite/Offline) — 12 қызметкер үшін 1 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 24 сағат.
  • GE Smallworld PNI 4.1 (Onsite/Offline) — 120 қызметкер үшін 9 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 288 сағат.
  • VCIP орталықтандырылған дерекқоры (Onsite/Offline) — 16 қызметкер үшін 2 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 48 сағат.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқару жүйелері пайдалану ережелері және FM (Fault Management) жүйесін құру принциптері (Onsite/Offline) — бөлімшелердің сұранысы бойынша 89 қызметкер үшін 11 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 176 сағат.
  • Корпоративтік Ақпараттық Жүйе пайдаланушыларын IT-қолдау бойынша мамандарға арналған тренинг — 77 қызметкер үшін 4 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 24 сағат.
  • «Радиокөпір технологиясы» курсы — 72 қызметкер үшін 6 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 40 сағат.
  • «Қазақтелеком» АҚ техникалық менторларының семинар-кеңесі — 16 қызметкер үшін 1 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 16 сағат.
  • Телекоммуникациялық желілерді пайдалану және дамыту қызметі бөлімдерінің бастықтарына арналған оқыту семинары — 29 қызметкер үшін 1 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 16 сағат.
  • SAP RE-FX модулі (жылжымайтын мүлікті икемді басқару) — 19 қызметкер үшін 1 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 24 сағат.
  • «Оптикалық желі шебері» (optical network master)» бағдарламасы — 42 қызметкер үшін 1 оқыту іс-шарасы, жалпы ұзақтығы 16 сағат.

2024 жылғы негізгі көрсеткіштер:

  • AP көрсеткіші 97%-дан 98%-ға дейін өсті
  • FRR көрсеткіші клиенттердің өтініштері бойынша 96%-дан 97%-ға дейін артты.

EX Академия ЕХ-сарапшылар санаттарын дамыту

Келесі тренингтер бойынша 89 қатысушы оқудан өтті:

  • «EX Evolution» шеберлік сабағы
  • Тиімді сұхбат жүргізу
  • Бизнес дамуы мақсатында ҚР еңбек заңнамасын қолдану
  • Ұйымдық дамуды басқару.

Қаржы Академиясы — қызметкерлерді қаржылық сауаттылыққа оқыту

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен бірлесіп 250 және 270 салық есептілігі нысандарын толтыру бойынша орыс және қазақ тілдерінде оқыту бейнероликтері түсірілді.

  • Қызметкерлерге орыс және қазақ тілдерінде қашықтықтан курс форматында активтер мен міндеттемелерді декларациялау үшін салық есептілігі нысандарын (250.00 нысаны — Активтер мен міндеттемелер туралы декларация) толтыру бойынша оқыту ұйымдастырылды.
  • 3 қызметкер салық есептілігі нысанын толтыруға оқытылды (250.00 нысаны — Активтер мен міндеттемелер туралы декларация);
  • 35 қызметкер салық есептілігі нысанын толтыруға оқытылды (250.00 нысаны — Активтер мен міндеттемелер туралы декларация);
  • 65 қызметкер салық есептілігі нысанын толтыруға оқытылды (250.00 нысаны — Активтер мен міндеттемелер туралы декларация).

Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында келесі курстар өткізілді:

  • «Қаржыгер еместерге арналған қаржы» — 43 қызметкер;
  • «Бюджеттеу» — 7 қызметкер;
  • «Бизнес-жобаларды қаржылық бағалау» — 19 қызметкер;
  • «Бухгалтерлік есеп. Практикалық қолдану» — 24 қызметкер;
  • «Салықтық есеп» — 52 қызметкер;
  • «Басқарушылық есеп» — 17 қызметкер;
  • «Тиімді материалдық жауапты тұлға (МЖТ)» — 34 қызметкер.

Qazaq&English Академиясы — қызметкерлерді қазақ тіліне оқыту

  • “Speaking club «Кездесейік, сөйлесейік!” атты сөйлесу клубының кездесулері өткізілді:
  • Астана қаласында — 10 адам;
  • Алматы қаласында — 7 адам;
  • Қызылорда қаласында — 9 адам.
  • Қоғамда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, сыртқы орта өкілдерімен өзара әрекеттесу шеңберінде және «Мен қазақша сөйлеймін» атты акция-байқаулар аясында Астана қаласында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін дамытуға арналған аймақтық көшпелі семинар өткізілді.
  • Мемлекеттік тіл бойынша вебинар форматында келесі курстар өткізілді:
  • Бизнес-қазақ тілі: интенсивті курс (Қазтест емтиханына дайындық), 1-деңгей — 31 адам;
  • Бизнес-қазақ тілі: интенсивті курс (Қазтест емтиханына дайындық), 2-деңгей — 18 адам;
  • «Мемлекеттік тілде қызмет көрсету» А1 және А2 деңгейлері — 165 қызметкерге арналған, 8 адам қатысты;
  • «Іскери коммуникация қазақ тілінде» — Алматы қаласында 28 адам;
  • «Мемлекеттік тілде іскери хат алмасу» — Алматы қаласында 26 адам.

Jas Академиясы (жастар бағдарламалары, оқушылар, студенттер) — оқушылар мен студенттерді Компанияға тарту бағдарламалары, цифрлық таланттар үшін күрес

IT SUMMER CAMP

Біздің негізгі мақсатымыз — қызметкерлердің балаларын IT дағдыларына үйрету және олардың оқуға деген мотивациясын арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің компания өміріне қатысу деңгейін жоғарылату болды.

Жобаның ұзақмерзімді мақсаты — қызметкерлердің балаларына арналған оқыту бағытын дамыту арқылы талантты жастарды тарту.

Оқу бағдарламасына келесі бағыттар кірді:

  • Робототехника;
  • NoCode веб-сайттар жасау;
  • Блогинг;
  • Soft skills (жұмсақ дағдыларды) дамыту.

Жоба аясында серіктес ретінде Astana IT University (Астана қ.) қатысты. Бағдарламаға еліміздің әр аймағынан 256 бала қатысты:

  • Орталық Қазақстан — 67 бала,
  • Солтүстік Қазақстан — 24 бала,
  • Оңтүстік Қазақстан — 74 бала,
  • Батыс Қазақстан — 52 бала,
  • Шығыс Қазақстан — 39 бала.

«Оқуға арналған робот-көмекші» жобасы іске асырылды — бұл оқыту процесінен жағымды әсер қалыптастыруға және әкімшілер мен оқушылар арасындағы коммуникацияны нығайтуға арналған құрал. Жұмыскер порталына «Telecom learning bot» атты телеграм-робот енгізілді.

Оқытуды автоматтандыру (E-learning and development)

Оқыту үдерістерін тиімді көрсету мақсатында Qlik Sense платформасын қолдану арқылы штаттық кесте мен Mirapolis жүйесінің интеграциясы бойынша жоба сәтті жүзеге асырылды. Бұл бастама арқылы біз оқыту деректерін нақты уақыт режимінде қадағалап, талдай аламыз. Бұл өз кезегінде ресурстарды оңтайландыруға, негізделген шешімдер қабылдауға және оқыту бағдарламаларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған интеграция оқыту үдерістерін айтарлықтай жақсартып, заманауи технологиялық талаптарға бейімделуді қамтамасыз етеді.

МОБИЛЬДІК КӨМЕКШІ KTBOT:

  • Білім базасы, мобильді шешім, өтінімдерді жіберу және қайта жіберу;
  • Адаптация, жаңа қызметкерлерге арналған welcome-курс, терминдер глоссарийі;
  • Іздеу жүйесі, интерфейстің қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы, мобильді байланыс және тарату сервисі, корпоративтік поштаны верификациялау;
  • SAPA+ бонустық жүйесі;
  • Цифрлық марафон;
  • Еңбекті қорғау бойынша байқау;
  • Қаржылық сауаттылық бойынша оқуға тіркелу;
  • Декларация тапсырғанын растау.

Play | Learn | Be Safe оқыту бағдарламасы

«Қазақтелеком» АҚ-ның 7-ден 16 жасқа дейінгі қызметкерлер балаларына арналған бұл бағдарлама жеке және көше қауіпсіздігі бойынша базалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 2024 жылы бағдарлама бойынша 220 бала оқытылды. Оқыту жеке қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыптары бойынша теориялық және практикалық сессияларды қамтиды. Бағдарлама іске қосылған 2022 жылдан бері 420 бала, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары қызметкерлерінің 88 баласы оқудан өтті. Жобаны кеңейту аясында Қазақстанның 18 қаласында 500 баланы қамту, сондай-ақ 29 ішкі тренердің қатысуы жоспарланып отыр.

2025 жылға және орта мерзімді кезеңге арналған жоспарлар

  • Қызметкерлердің салауатты өмір салты мен әл-ауқатын қолдауға бағытталған Well-Being бағдарламасын жалғастыру;
  • «Демеу» әлеуметтік қолдау бағдарламасын қаржыландыруды жалғастыру. Бұл бағдарламаға балалар лагерлері мен санаторийлерге жолдамаларға (оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арналған), дәрі-дәрмек сатып алуға, оқушылардың тамағына, жаңа оқу жылына дайындыққа, арнайы білім мен түзету мекемелерінің ақысына, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерге өтемақы төлеу кіреді;
  • Өңірлердегі әйелдерді қолдау бағдарламаларын жалғастыру. Бағдарламалар олардың әл-ауқатын арттыру мен кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған;
  • PROTelecom тағылымдама бағдарламасын оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асыру, IT, телекоммуникация және инженерлік мамандықтар бойынша 200-ден астам студентті қамту;
  • Корпоративтік университетті дамыту (олимпиадалар өткізу, IT бағыттары бойынша даму бағдарламаларын іске асыру, Coursera платформасында оқыту мүмкіндігі);

Әлеуметтік қолдау шеңберінде пайызсыз қарыздар беру бағдарламасын жалғастыру.