Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму туралы есеп: S аспектісі

Адам құқықтарын сақтау және тең мүмкіндіктер

Басқару тәсілі

GRI 3-3, 406-1

«Қазақтелеком» АҚ адам құқықтарын қорғау және сақтау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады, барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктер жасайды және гендерлік теңсіздік пен кемсітушіліктің кез келген түрлерінің туындау жағдайларын болдырмайды.

Компания қызметкерлерді, мердігерлерді және басқа да мүдделі тараптарды Компанияда қабылданған бизнес-процестерді адал жүргізу саясаты мен қағидаттары туралы хабардар етеді.

Адам құқықтарын сақтау және тең мүмкіндіктер «Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.ұл саладағы жұмыстың негізін келесі негізгі құжаттар құрайды:

  • Адам құқықтары жөніндегі саясат.
  • Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік саясаты.
Info Block Icon

Саясаттармен Компанияның telecom.kz сайтында «Тұрақты даму» бөліміндегі «Адам құқықтарын сақтау және тең мүмкіндіктер» тармақшасында танысуға болады..

Адам құқықтарын қорғау және сақтау

GRI 2-23

«Қазақтелеком» АҚ-ның Адам құқықтары жөніндегі саясаты» өз қызметін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде адам құқықтарын сақтау мақсатында Компания басшылыққа алатын қағидаттарды белгілейді.

Адам құқықтары саясатының негізгі қағидаттары:

  • Компания Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясын, БҰҰ-ның Жаһандық келісімшартын және ХЕҰ-ның еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтар туралы Декларациясын қоса алғанда, адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормалар мен ережелерді сақтайды.
  • Компания жынысына, нәсіліне, түсіне, ұлтына, тіліне, тегіне, жасына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге немесе қандай да бір әлеуметтік топтарға жататындығына; мүліктік, отбасылық, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына; қызметкердің іскерлік қасиеттеріне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарамастан, әрбір адам еркін және қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша тең деген сенімді ұстанады.
  • Компания кемсітушілік пен адамның қадір-қасиетіне қол сұғудың, жұмыс орнындағы физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермейді.
  • Компания мәжбүрлі еңбекке, балалар еңбегіне, адам саудасына қарсы.
  • Компания адамның қадір-қасиетін қорғауға және жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа кепілдік береді.
  • Компания сыбайлас жемқорлыққа қатысты абсолютті төзбеушілік қағидатын ұстанады.
  • Компания үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес адам құқықтарын сақтау саласындағы тәуекелдерді басқару рәсімін дамытуға ұмтылады.
  • Компания өз қызметі барысында адам құқықтары саласындағы кез келген қолайсыз салдарды анықтауға және алдын алуға ұмтылады.

Компанияның адам құқықтары жөніндегі саясаты «Қазақтелеком» АҚ-да қызметкерлер, акционерлер, клиенттер және өзге де мүдделі тұлғалар арасында қолданылады.

Тең мүмкіндіктер

Компанияда тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік практикасын дамыту, бірегей тұлғалық сипаттамаларды есепке алу және барлық деңгейдегі қызметкерлерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу мақсатында «Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік саласындағы саясаты» (бұдан әрі — «Саясат») пайдалануы жалғастыруда. Саясат озық халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескереді.

Саясаттың негізгі қағидалары:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтау, сондай-ақ Ерлер мен әйелдердің құндылығы бірдей еңбегі үшін бірдей сыйақы туралы конвенцияда (100-конвенция), сондай-ақ 1958 жылғы Еңбек және кәсіп саласындағы кемсітушілік туралы конвенцияда (111-конвенция) баяндалған қағидаттарды есепке алу.
  • Қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктерді, инклюзивтілікті және әртүрлілікті қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлерге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әлеуметтік кепілдіктер беру.
  • Қызметкерлердің өзара сыйластыққа, әлеуметтік алалаушылық пен мәдени кедергілердің болмауына негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
  • Әрбір қызметкер құрметтелетінін, қабылданғанын және естілетінін сезінетін және лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен құқықтарға ие болатын лайықты, қауіпсіз және жайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету.
  • Еңбек қатынастарындағы ашықтықты ынталандыру, барлық қызметкерлерге қолдау көрсету және кәсіби өсу үшін жағдай жасау арқылы олардың мансаптарын дамытуға және құруға көмектеседі.
  • Әр түрлі командаларды құруға ұмтылу және әртүрлілікті дамыту бастамаларын ілгерілету, соның ішінде жергілікті тұрғындардан персоналды басым жалдау, сондай-ақ мақсатты персоналды жалдау.

Саясат «Қазақтелеком» АҚ-да қызметкерлер, акционерлер, клиенттер және өзге де мүдделі тұлғалар арасында қолданылады.

Компания іріктеу, жалдау, бағалау, ілгерілету, дамыту, оқыту және өтемақы беру процестерінде өз қызметкерлеріне тең мүмкіндіктер ұсынады.

Компанияда әлеуметтік әріптестік қағидаттарына негізделген және қызметкерлер мен Компания арасындағы өзара әрекеттесуге ықпал ететін ұжымдық шарт жұмыс істейді. Ол жұмыс тиімділігін арттыруға және қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек мүдделерін қорғауға бағытталған. Ұжымдық шарт тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастарын, еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту шарттарын, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді реттеу жөніндегі жалпы ұстанымдарын айқындайды. Компания ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, толықтыру бойынша қызметкерлермен келіссөздерге қатысады, келіссөздер жүргізу мерзімдерін сақтайды және тиісті бірлескен комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді, келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Компания ұжымдық шарттың талаптарын қатаң орындайды. Еңбек заңнамасына сәйкес кез келген қызметкер өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға құқылы.

«Қазақтелеком» АҚ лауазымына немесе гендерлік ерекшелігіне қарамастан, еңбекақы төлеу деңгейінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Компаниядағы орташа айлық жалақы деңгейі қызметкердің атқаратын лауазымына байланысты емес және ұйымдағы еңбекақы төлеу қағидаларына сәйкес айқындалады. Қызметкерлерді марапаттау бойынша Компанияның ұстанымы мен 2023 жылғы негізгі нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты «Қызметкерлермен өзара қатынас» бөлімінен оқи аласыз.

GRI 406-1

Компания қандай да бір белгі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және сыйақы төлеуде әділ әрі тең құқықты тәсілді қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды. Есептік кезеңде «Қазақтелеком» АҚ-да кемсітушілік фактілері тіркелген жоқ.

Адам құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы ұлттық және корпоративтік бастамаларды іске асыру аясында, «Самұрық-Қазына» АҚ 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуді бастамалап отыр. Бұл жоспар «Қазақтелеком» АҚ-ды қоса алғанда, адам құқықтарын сақтау және тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге бағытталады.

Аталған жоспар адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспары, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар, сондай-ақ 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде өткізу бойынша іс-шаралар жоспары сияқты бірқатар стратегиялық құжаттардың қисынды жалғасы болмақ.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы меморандум аясында портфельдік компаниялардың әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директорлары адам құқықтары мен гендерлік теңдік қағидаттарына адалдықты растайтын ниет туралы мәлімдемелерге қол қойды. Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Іс-шаралар жоспарын, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ны қоса алғанда, Фондтың барлық портфельдік компаниялары міндетті түрде іске асыратын болады. Бұл жоспар топ деңгейінде осы саладағы дәйекті және жүйелі жұмыстың негізіне айналады.