Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму ТУРАЛЫ ЕСЕП: G АСПЕКТІСІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ 

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Компания адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстанады. «Қазақтелеком» АҚ және ЕТҰ, сондай-ақ олардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және бизнесті әдепті жүргізу қағидаттарын сақтауға міндетті.

Құжаттармен Компанияның telecom.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тармақшасында танысуға болады.

Компанияда Комплаенс қызметі тиімді жұмыс істеуін жалғастыруда. Комплаенс бөлімшесінің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен «Қазақтелекомның» ішкі құжаттарындағы бұзушылықтардың алдын алу және анықтау болып табылады.

Комплаенс қызметі әдеп пен мінез-құлық мәселелеріне де көп көңіл бөледі және «Қазақтелекомның» өзінде де, оның еншілес компанияларында да басшылық тарапынан қызметкерлерді қорлау және кемсіту жағдайларын құптамайды. Мұндай бұзушылықтар анықталған кезде комплаенс жосықсыз басшыларды жауапқа тарту үшін шаралар қабылдайды. Бұл мәселеде комплаенс бөлімшесі Қоғамның Басқарма Төрағасының да, еншілес компаниялардың жоғарғы басшылығының да қолдауына ие.

GRI 2-23

Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді реттейтін мынадай ішкі құжаттар енгізілген:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (2023 жылы өзектендірілген).
  • Болжамды әдепсіз/заңсыз әрекеттер туралы хабарлау саясаты.
  • Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты.
  • Іскерлік әдеп кодексі.
  • Корпоративтік басқару кодексі.

GRI 205-1, 205-2

Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет келесі негізгі қағидаттарға негізделеді:

  • Қоғам қызметінің заңдылығын;
  • Қоғам қызметінің жариялылығы және ашықтығы;
  • Қоғамның қызметкерлері, серіктестері мен клиенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қоғамның серіктестерімен және клиенттерімен ынтымақтастық;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қоғамның ішкі саясатын бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулерді міндетті түрде жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адамдарды қорғау және көтермелеу;
  • Лауазымды тұлғалардың осы Саясатта көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын ұстануы және «жоғарыдан үн қосуды» орнату;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі

2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы комплаенс жұмысының негізгі бағыттары:

  • «Қазақтелеком» АҚ мен ЕТҚ-да ҚР СТ ISO 37001 «Жемқорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандарты бойынша бастапқы сертификаттау аудитін жүргізу;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты» өзектендіру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
  • қызметкерлерді оқыту;
  • кері байланыс арналары;
  • ЕТҰ-мен өзара әрекеттесу.

2024 жылғы қазан-желтоқсан айлары аралығында «Қазақтелеком» АҚ-да ұлттық СТ РК ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің» сертификаттау аудиті жүргізілді. Аудит нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ стандарт талаптарына сәйкестік туралы Сертификат алып, сертификаттау бағалауынан сәтті өтті.

Сертификаттау шеңберінде Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында — «Кселл» АҚ, «Шығыстелеком» ЖШС, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС, «Нурсат+» ЖШС — сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне шолу жүргізіліп, «бағалау туралы есептер» алынды.

2024 жылы СТ РК ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандартына сәйкестік тұрғысынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» өзектендірілді. Бұл саясат келесі тармақтарды қамтиды:

  • Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттары мен міндеттері;
  • Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары;
  • Заңнама талаптары және оларды Компанияның орындау міндеттемесі;
  • Компанияның контексті;
  • Компанияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларының кешені;
  • Осы Саясат ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің жауапкершілігі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін тұрақты жетілдіру жөніндегі Компанияның міндеттемесі.

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да 2023 жыл үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  • сатып алу қызметі;
  • персоналды басқару;
  • «Қазақтелеком» АҚ-дағы бизнес-процестер.

GRI 205-1

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген бөлімшелер мен бизнес-процестер

Атауы 2022 2023 2024
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген құрылымдық бөлімшелердің жалпы саны, дана 0 7 9
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген құрылымдық бөлімшелердің үлесі,% 0 58 75

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері оларды жою бойынша ұсынымдармен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасына жіберілді.Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалып, бекітілді.

2024 жылы Компанияда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізімдері анықталып, Орталық аппарат мен филиалдар деңгейінде бұйрықтармен бекітілді. Бұл лауазымдарға қабылдау/тағайындау кезінде ерекше, күшейтілген талаптар белгіленіп, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы келісім алу көзделді.Компания қызметкерлері үшін ішкі learning.telecom.kz порталына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты туралы таныстыруға арналған қашықтықтан оқыту онлайн-курсы орналастырылды.

GRI 205-2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен әдістері туралы хабардар ету, 2022–2024

2022 2023 2024
Қызметкерлер категориясы адам % адам % адам %
Корпоративтік басқарудың негізгі органдарының хабардар етілген мүшелерінің жалпы саны (Акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі, Басқарма) 12 100 12 100 14 100
Хабардар етілген қызметкерлердің жалпы саны 18 662 93,4 18 662 93,4 12 651 69
Хабардар етілген іскери серіктестердің жалпы саны 0 0 0 0 2 022 100

GRI 3-3

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ мен ЕТҰ-да сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың расталған жағдайлары тіркелмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту

Компания қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтер өткізеді. Барлық жаңа қызметкерлер «Іскерлік әдеп кодексінің» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының» негізгі қағидаттары бойынша міндетті онлайн-кіріспе курсынан өтеді.

2024 жылы филиалдар мен ЕТҰ-ның барлық басшылары сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа және басқа да комплаенс тәуекелдеріне қарсы іс-қимылға бағытталған коммуникациялық оқыту сессияларын өткізді.

2024 жылы сәйкестік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында Компания Басқармасының 7 мүшесіне онлайн-оқыту ұйымдастырылды.

Сондай-ақ есептік кезеңде барлық филиалдар мен Орталық аппарат қызметкерлерінің 70%-ын қамти отырып, техникалық оқыту өткізілді.

GRI 205-2

2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқудан өткен санаттар бойынша қызметкерлер саны

Қызметкерлер категориясы Адам Үлесі,%
Оқытудан өткен корпоративтік басқарудың негізгі органдары (Директорлар кеңесі, Басқарма) мүшелерінің жалпы саны 14 100
Оқыған қызметкерлердің жалпы саны (санат бойынша): 12 651 69
- Басшы лауазымдарында 986 84
- Мамандар 7 433 58
- Жұмысшылар 4 232 95

Кері байланыс арналары

GRI 2-16, 2-25, 2-27, 205-3

77

өтініш

2024 жылы жедел желіге түсті

Компаниядағы әдепсіз немесе заңсыз мінез-құлық фактілері туралы хабарлау механизмдері «Болжамды әдепсіз/заңсыз әрекеттер туралы хабарлау саясатымен» реттеледі.

2024 жылы Компания 16 984 565,89 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төледі.

Компанияда жедел желі жұмыс істейді — заңнаманы бұзудың нақты немесе ықтимал жағдайларына, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға байланысты жүгінуге арналған тәуелсіз, құпия және анонимді байланыс арнасы. Жедел желі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас компаниясы арқылы жұмыс істейді және оған тәуелсіз оператор (KPMG компаниясы) қызмет көрсетеді.

Жедел желі құпиялылық пен анонимділікке кепілдік береді (жүгінген адамның қалауы бойынша), сондай-ақ өтініштердің 100%-ын тіркейді және өңдейді, содан кейін жауапты тұлғаларға есептер ұсынады.

Компаниядағы бұзушылықтар туралы хабарлаған қызметкерлерге, іскери серіктестерге және басқа да мүдделі тараптарға қатысты құпиялылықтың сақталуына, сондай-ақ қудалаудың және/немесе кемсітушіліктің болмауына Компания кепілдік береді.

2024 жылы жедел желіге 77 өтініш түсті (38 расталды).Барлық өтініштер терен зерттеліп, маңызды емес деп танылды, сондықтан Директорлар кеңесіне хабарламаудың негізі болған жоқ.

Өтініштердің негізгі тақырыптары:

  • бекітілген процедуралар мен заңнама талаптарын бұзушылықтар
  • теріс пайдалану;
  • еңбек қайшылықтары.

GRI 3-3

Комплаенс қызметі жедел желі арқылы алынған өтініштер мен материалдарды зерттейді. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде Комплаенс қызметі оларды Басқарма Төрағасының басшылығымен «Қазақтелеком» АҚ-ның Қаржы-шаруашылық пәні жөніндегі басқарушы комитетінің қарауына жібереді. Басқарушы комитеттің мүшелері материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылдайды.

Комплаенс қызметінде тіркелген әрбір факт Директорлар кеңесіне баяндау үшін тоқсандық есепте көрсетіледі. 2024 жылы аса маңызды проблемалар болған жоқ.

Компанияның ішкі және корпоративтік сайттарында жедел желі және Комплаенс қызметінің байланыс деректері орналастырылған, олар бойынша кез келген еңбек, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының бұзушылықтары туралы хабарлауға арналған кері байланыс арналары:

«Самұрық-Қазына» АҚ жедел желісі

8 800 080 47 47 (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін)
8 771 191 88 16 (WhatsApp)
Интернет-портал: www.sk-hotline.kz
Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz
Комплаенс қызметі 8 701 941-1001
E-mail: tlek.issakov@telecom.kz

2025 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

  • Комплаенс саласындағы мәселелер бойынша оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Мүдделер қақтығысын уақытында анықтау және реттеуді қамтамасыз ету
  • Құпия ақпараттандыру желісі арқылы жіберілген барлық өтініштердің 100% қаралуын қамтамасыз ету
  • «Қазақтелеком» АҚ-да ҚР СТ ISO37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық» стандарты бойынша растаушы аудитын өткізу.