Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Директорлар кеңесі

GRI 2-9

Директорлар кеңесі Компанияның қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайтын, даму стратегиясын, бюджетті бекітетін, атқарушы органды сайлайтын және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын басқару органы болып табылады.

Директорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, Директорлар кеңесінің ережесімен және Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған басқа да құжаттармен реттеледі.

7

адам

Директорлар кеңесінің құрамына кіреді

3

директорлар

кеңесінің мүшесі тәуелсіз (жалпы санының 43%)

Директорлар кеңесі мүшелерінің рөлдері

Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне басшылық жасайды, Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді қызметін қамтамасыз етеді, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Жарғыда және Директорлар кеңесі туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшелері — акционерлердің өкілдері Директорлар кеңесі өз қызметін жүзеге асырған кезде ірі акционерлердің мүдделерін білдіреді.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары барлық комитеттердің құрамына кіреді, барлық мәселелерді қарайды және Директорлар кеңесі үшін ұсыныстар қабылдайды. Аудит және тұрақты даму комитетінің құрамына тек тәуелсіз директорлар кіреді. Олар қаржылық есептілік, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдер және басқа да маңызды қызмет салалары бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды. Сонымен қатар, тәуелсіз директорлар өздерінің тәуелсіздігіне байланысты жасауға мүдделілігі бар мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдайды.

Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау

GRI 2-10

Директорлар кеңесінің мүшелері Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сайланады және Қазақстан Республикасының заңнамасында, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген тәртіппен «Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің бұрын сайланған мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналыста қайта сайланады.

Акционерлердің жалпы жиналысы кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып, анық және ашық рәсімдер негізінде Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Компанияның Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі назарға алынады. Директорлар кеңесінің Төрағасы Қор Басқармасының Төрағасы қызметін қатар атқара алмайды.

Бақылау кеңесінің төрағасы Қордың басқарма төрағасы болып бір мезгілде қызмет ете алмайды.

Директорлар кеңесінің құрамына Директорлар кеңесінің өз функцияларын орындауы және ұйымның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуының өсуін қамтамасыз етуі үшін қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар, сондай-ақ мінсіз іскерлік және жеке беделі бар тұлғалар кіруі тиіс.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай критерийлер назарға алынады:

  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • жұмыс өтілі;
  • халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;
  • бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін);
  • іскерлік бедел;
  • ұйымның Директорлар кеңесінің құрамына сайланған жағдайда тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы.

Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды Директор­лар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайланатын жағдайларды қоспағанда, акционерлер дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына сайлау үшін кандидатуралар мыналар катарынан ұсынылуы мүмкін:

  • Акционерлер — жеке тұлғалар.
  • Директорлар кеңесіне акционерлердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған тұлғалар.
  • Компанияның акционері болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған жеке тұлғалар.

Директорлар кеңесінің құрамы

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды.

2024 жылғы 12 сәуірде Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен:

  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ауғанов Ғибрат Қайратұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі қалған кезеңге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мүддесін білдіретін өкіл ретінде Елжас Мұратұлы Отыншиев сайланды.

2024 жылғы 30 сәуірде Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының шешімімен:

  • «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында белгіленген мерзімге, акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Н. Байдәулетов, Н. Казутин, Е. Отыншиев, Қ. Есекеев, Ә. Абдуалиев, Д. Заика, А. Неупокоев сайланды.

2024 жылғы 17 шілдеде Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен:

  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі қалған кезеңге «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Мусин Бағдат Батырбекұлы сайланды.

2024 жылдың соңындағы Директорлар кеңесінің құрамы:

  • Байдәулетов Нұржан Тәліпович (Директорлар кеңесінің Төрағасы);
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы;
  • Казутин Николай Юрьевич;
  • Мусин Бағдат Батырбекұлы;
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы;
  • Заика Дмитрий Александрович;
  • Неупокоев Артур Викторович.

Директорлар кеңесінің мүшелерінің негізгі құзыреттері:

  • Байдәулетов Нұржан Тәліпович — Директорлар кеңесін басқару, телекоммуникациялар, стратегия, ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
  • Мұсин Бағдат Батырбекұлы — телекоммуникациялар, стратегия, бизнес-жоспарлау;
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы — стратегия, кадрлық мәселелер, ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
  • Казутин Николай Юрьевич — аудит, қаржы, маркетинг, ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы — аудит, корпоративтік қаржы, халықаралық құқық, стратегия, менеджмент, мемлекеттік басқару;
  • Заика Дмитрий Александрович — аудит, қаржы, стратегиялық жоспарлау, маркетинг, телекоммуникациялар, мобильді бизнес;
  • Неупокоев Артур Викторович — телекоммуникациялар, маркетинг, стратегиялық менеджмент, корпоративтік сату, операторлық бизнес.

Директорлар кеңесі мүшелерінің өмірбаяны

GRI 2-9, 2-11

Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов

Директорлар кеңесінің төрағасы
«Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 1 қыркүйек 1960 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 8 мамыр 2012 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді

Білімі:

  • 2017 — 2019 — Ұлыбритания Директорлар институтының IOD директорларын сертификаттаудың халықаралық бағдарламасы;
  • 09.1977 — 06.1986 — Мәскеу теміржол көлігі институты. Мамандығы: «Теміржол көлігімен тасымалдау процестерін басқару».

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 17.04.2016 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінде «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • 02.06.2014 — 17.04.2016 — «Самұрық-Қазына» АҚ, Активтерді басқару жөніндегі Бас директор;
  • 27.11.2008 — 01.06.2014 — «Самұрық-Қазына» АҚ, Басқарушы директор.

Елжас Мұратұлы Отыншиев

Директорлар кеңесінің мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 1 сәуір 1987 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 12 сәуір 2024 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді

Білімі:

  • 2008 — 2010 — Мәскеуфизика-техникалықинституты Жалпы және қолданбалы физика факультеті Мамандығы: қолданбалы математика және физика (магистратура);
  • 2004 — 2008  — Мәскеу физика-техникалық институты Жалпы және қолданбалы физика факультеті Мамандығы: қолданбалы математика және физика (бакалавр);
  • 1996 — 2003 — «Елім ай» музыка мектебі, вокал және фортепиано;
  • 2002 — 2004 — No165 техникалық лицей, Алматы;
  • 1994 — 2002 — No120 лингвистикалық гимназия, Алматы,

Қосымша ақпарат:

  • 2004 жылдың сәуірі — 5 Азиялық физика олимпиадасы, Ханой, Вьетнам. Құрмет белгісі;
  • 2004 жылдың шілдесі — 35-ші Халықаралық физика олимпиадасы, Поханг, Оңтүстік Корея. Қола медаль.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2023 жылдың сәуірі — қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару бойынша тең басқарушы директор;
  • 2021 жылдың мамыры — 2023 жылдың сәуірі — Қазақстандық инвестициялық даму қоры (ҚИДҚ)Management Company» ЖШС. Басқарма төрағасының орынбасары (2021 жылғы шілдеден бастап);
  • 2019 жылдың желтоқсаны — 2021 жылдың мамыры — «PlanetCare Management» ЖШС Бас директордың инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары;
  • 2019 жылдың мамыры — 2019 жылдың желтоқсаны — Қазақстандық инвестициялық даму қоры (ҚИДҚ)Management Company» ЖШС. Аға талдаушы/VP, жеке капитал департаменті;
  • 2018 жылдың қаңтары — 2019 жылдың мамыры — «Самұрық-Қазына» АҚАктивтерді дамыту департаментінің тау-кен активтерін дамыту секторының меңгерушісі.

Казутин Николай Юрьевич

Директорлар кеңесінің мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 28 қараша 1982 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 4 шілде 2022 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді

Білімі:

  • 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы: «Бухгалтерлік есеп және аудит».

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ, Құқықтық демеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор;
  • 2020 жылғы қаңтар — 2022 жылғы ақпан — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы қараша аралығында — «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компания»АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
  • 2016 жылғы тамыз — 2018 жылғы қаңтар — «Көкшетау минерал сулары» АҚ, Кеңесші, Көкшетау қ.;
  • 2006 жылғы наурыз — 2016 жылғы маусым — «Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қ.

Бағдат Батырбекұлы Мусин

Директорлар кеңесінің мүшесі — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні: 03 наурыз 1983 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 17 шілде 2024 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 17 шілде 2024 жыл

Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді

Білімі:

  • 2000 — 2004 — С. Демирел университеті, «Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы;
  • 2004 — 2006 — Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты, «Құқықтану» мамандығы.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 10.06.2024 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 02.09.2020 — 30.04.2024 — Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • 07.2020 — 09.2020 — Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары;
  • 03.2020 — 07.2020 — Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі;
  • 2017 — 2018 — «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы;
  • 2014 — 2016 — «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы.

Әсет Қуандықұлы Абдуалиев

Тәуелсіз директор

Туған күні: 8 тамыз 1984 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 19 шілде 2023 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді.

Білімі:

  • 2018 — 2019 — Стэнфорд университеті. Жоғары бизнес мектебі. Менеджмент саласындағы ғылым магистрі (MSx);
  • 2017 — 2018 — Гарвард университеті. Мемлекеттік басқару мектебі. Мемлекеттік басқару магистрі (MPA);
  • 2006 — 2007 — CEPMLP Данди қ. университеті.Құқық магистрі (LLM);
  • 2001 — 2005 — Гумилев атындағы ЕҰУ, Заң факультеті. Халықаралық құқық бакалавры.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 06.2023 — қазіргі уақытқа дейін CEO, Silk Road Innovation Hub;
  • 06.2021 — 06.2023 — TaskRabbit, Inc., Стратегия және даму бөлімінің басшысы, Сан-Франциско, АҚШ;
  • 06.2016 — 05.2017 — «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.

Заика Дмитрий Александрович

Тәуелсіз директор

Туған күні: 27 сәуір 1975 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30 маусым 2015 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді.

Білімі:

  • 2003 — 2005 — Қазақ Мемлекеттік Экономикалық университеті. Мамандығы: «Қаржы менеджменті». Біліктілігі: экономист;
  • 1992 — 1998 — Алматы энергетика және байланыс институты. Мамандығы: радиотехника, біліктілігі: радиоинженер.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 2011 — 2020 — «Химфарм» АҚ, Тәуелсіз директоры;
  • 2012 — 2016 — «АЛТЕЛ» АҚ, Тәуелсіз директоры;
  • 2015 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Тәуелсіз директоры.

Неупокоев Артур Викторович

Тәуелсіз директор

Туған күні: 22 маусым 1967 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 19 шілде 2023 жыл

Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2024 жыл

Тәуелсіздік критерийлері:«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді.

Білімі:

  • 1985 — 1992 — Қазақ политехникалық институты.Мамандығы: металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу.

Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары:

  • 01.2018 — 11.2019 — «Қазақтелеком» АҚ, Корпоративтік бизнес дивизионының ірі клиенттерге сату департаментінің директоры;
  • 03.2006 — 12.2017 — «Қазақтелеком» АҚ, Бас директордың орынбасары — Корпоративтік сату дирекциясының коммерциялық директоры.

Директорлар тәуелсіздігі

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны 30%-дан кем болмауы тиіс. 2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесіндегі бұл үлес 43%-ды құрады.

Тәуелсіз директор  — Директорлар кеңесінің мүшесі, ол:

  • осы акционерлік қоғамның және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) үлестес тұлғасы болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларымен немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;
  • мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде акционердің өкілі болып табылмайды;
  • аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған.

Компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары 2024 жылы тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келді.

Толық ақпарат үшін Компанияның сайтындағы «Директорлар кеңесінің тәуелсіздік декларациясы» құжатымен танысуға болады https://sustainability.telecom.kz/?page_id=73.

Мүдделер қайшылығын басқару

GRI 2-15

«Қазақтелеком» АҚ-да мүдделер қайшылығын реттеу саясаты бар. Саясат мүдделер қайшылығының алдын алу, анықтау және реттеу тәртібін, мүдделер қайшылығы туындаған немесе туындау ықтималдығы жағдайында Компания органдарының және/немесе тұлғаларының өзара әрекеттесу мен үйлестіру рәсімдерін айқындайды.

2024 жылы Директорлар кеңесінің жұмысында мүдделер қайшылығы тіркелген жоқ.

Директорлар кеңесінің қызметі

2024 жылы Директорлар Кеңесінің отырыстары қолданыстағы бейнеконференция өткізу платформаларын пайдалана отырып, онлайн-форматта өткізілді.

Жыл ішінде Директорлар кеңесінің 22 отырысы өткізіліп, онда 107 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы негізгі шешімдері:

  • «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының инвестициялық қызметтің толық циклін басқару саясатын бекіту;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2024–2032 жылдарға арналған ESG стратегиясын бекіту;
  • CASPINET B.V., «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының ұялы байланыс операторлары және «Қазақтелеком» АҚ-ның Даму жоспарын іске асыру мәселелерін қарау;
  • Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 миллиард теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
  • Басқарма Төрағасын сайлау мәселесі қаралды;
  • «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесті иеліктен шығару туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ тұрақты негізде Бизнес-жоспарды орындау, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, стратегиялық жобаларды іске асыру, тәуекелдер, Стратегияны орындау, ұялы байланыс операторлардың қызметі мәселелері бойынша Басқарманы тыңдау жүзеге асырылды.

2024 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу

Директорлар кеңесінің мүшелері №1 22.02.24 №2 05.03.24 №3 27.03.24 №4 09.04.24 №5 10.04.24 №6 03.05.24 №7 24.05.24 №8 29.05.24 №9 31.05.24 №10 10.06.24 №11 05.07.24 №12 18.07.24 №13 26.08.24 №14 31.08.24 №15 19.09.24 №16 18.10.24 №17 04.11.24 №18 12.11.24 №19 15.11.24 №20 11.12.24 №21 24.12.24 №22 27.12.24 Қатысу пайызы
Байдәулетов Н.Т. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100%
Есекеев К.Б. + + + + + + + + + 100%
Казутин Н.Ю. + + + + + + - + + + + + + - + + + + + - + + 86,4%
Ауғанов Ғ.Қ. - + + + + 80%
Абдуалиев Ә.К. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + - - 90,9%
Заика Д.А. + + + + + + + + + + + + + + + + + - + - + - 86,4%
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100%
Отыншиев Е.М. - + + + + + + + + - + + + + + + + 88,2%
Мусин Б.Б. + + + + + + + + + + + 100%

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау

GRI 2-18

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау «Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау қағидаларына» сәйкес жүргізіледі. Осы құжатқа сәйкес Директорлар кеңесін бағалау жылына бір рет өзін-өзі бағалау жолымен және кемінде үш жылда бір рет тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүргізіледі.

Директорлар кеңесінің соңғы сыртқы бағалауын 2021 жылы PricewaterhouseCoopers кеңесшілері жүргізді. PricewaterhouseCoopers бағалауына сәйкес «Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі» көрсеткіші бойынша рейтинг 2018 жылы ВВ деңгейінен 2021 жылы ВВВ деңгейіне дейін өсті. Бұдан басқа, осы бағалау қорытындысы бойынша Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарға Директорлар Кеңесінің қызметіне байланысты іс-шаралар енгізілді.

Көрсетілген Ережелерге сәйкес Директорлар кеңесінің 2023 және 2022 жылдардағы қызметін бағалау өзін-өзі бағалау арқылы жүргізілді. Бағалау критерийлерінің тізбесі стратегиялық ойлау деңгейін бағалау, саланы білу, кәсіби тәжірибе, командалық жұмысқа бейілділік, тұрақты даму қағидаттарын ұстану және басқа да мәселелерді қамтыды.

2024 жылы Директорлар кеңесінің қызметіне баға беру үшін 2025 жылы тәуелсіз кеңесшілерді тарту жоспарлануда. Бұл ретте кеңесшілерді таңдау «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Директорлар кеңесінің комитеттері

GRI 2-9

2024 жылы Директорлар кеңесі жанынан үш комитет жұмыс істеді: Аудит және тұрақты даму комитеті, Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау комитеті.

Аудит және тұрақты даму комитеті

GRI 2-9, 2-13

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен 2006 жылы құрылды. 2022 жылғы шілдеде Директорлар кеңесінің шешімімен Аудит жөніндегі комитет Аудит және тұрақты даму комитеті болып қайта аталды және өз қызметін Директорлар кеңесінің 19.07.2022 жылғы шешімімен бекітілген Комитет туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитеттің 2024 жылғы құрамы:

  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы (Комитет төрағасы);
  • Заика Дмитрий Александрович;
  • Неупокоев Артур Викторович.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Аудит және тұрақты даму комитеті толығымен «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көзделген директорлардың тәуелсіздігін тану критерийлеріне сәйкес келетін тәуелсіз директорлардан тұрады.

Комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы отырыстарға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға:

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін;
  • Ішкі аудит және Комплаенс қызметінің басшысын;
  • «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторының өкілдерін;
  • Қоғам қызметкерлерін (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар) және еншілес ұйымдардың қызметкерлерін шақырды.

Аудит және тұрақты даму комитеті өз Ережесінің 16-тармағына сәйкес тоқсанына кемінде бір рет тұрақты бетпе-бет отырыстар және қажетіне қарай кезектен тыс отырыстар өткізеді. Комитеттің 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарында әр тоқсанда отырыстар өткізу және Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді қарау көзделген.

Комитет 2024 жылы 8 отырыс өткізді, онда Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, ішкі бақылау және тәуекелдер, қаржылық есептілік, сыртқы аудит және басқа да маңызды мәселелер бойынша 27 мәселе қаралып, Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді.

Комитет 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті дәрежеде тиімді болды.

Комитет өз қызметінде «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын, Компанияның корпоративтік басқару кодексін және Комитет туралы ережені басшылыққа алды.

Комитет пен оның мүшелері өз міндеттерін атқару барысында Компанияның мүддесін ескере отырып адал әрі парасатты жұмыс істеді. Комитет Компанияның корпоративтік басқару кодексінде, Комитет туралы ережеде, Директорлар кеңесінің тапсырмаларында және Комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарында айқындалған мақсаттарды, міндеттерді және функционалдық жауапкершіліктерді орындады.

2024 жылы Комитет отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері №1 19.02 №2 26.03 №3 24.05 №4 27.05 №5 16.07 №6 16.09 №7 30.10 №8 09.12 Қатысу пайызы
Абдуалиев Ә.К. + + + + + + - + 87,5%
Заика Д.А. + + + + + + + + 100%
Неупокоев А.В. + + + + + + + + 100%

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет

GRI 2-20

Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылы құрылды.

Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді және өз қызметін Директорлар кеңесінің 18.03.2015 жылғы №2 Хаттамасымен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің 2024 жылғы құрамы:

  • Заика Дмитрий Александрович (Комитет төрағасы);
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы;
  • Неупокоев Артур Викторович;
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы.

03 мамыр 2024 жылға дейін Комитет құрамында:

  • Заика Дмитрий Александрович (Комитет Төрағасы);
  • Ауғанов Ғибрат Қайратұлы;
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы;
  • Неупокоев Артур Викторович болды.

2024 жылғы 3 мамырдан бастап Комитет құрамында:

  • Заика Дмитрий Александрович (Комитет Төрағасы),
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы,
  • Неупокоев Артур Викторович.

2024 жылғы 15 қарашада Комитет құрамына Отыншиев Елжас Мұратұлы сайланды.

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы отырыстарға баяндамашылар, бақылаушылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін:

  • Директорлар кеңесінің мүшелері;
  • Қоғам қызметкерлерін (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар).
  • Басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне сәйкес басшы лауазымдарға кандидаттарды шақырды.

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет 2024 жылы 13 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 34 мәселе қаралды (оның ішінде әлеуметтік сипаттағы мәселелер, Орталық аппараттың құрылымындағы өзгерістер, қызметкерлерді Қоғам Басқармасының құрамына сайлау, еншілес ұйымдардың бірінші басшыларын лауазымдарға тағайындау, басшы қызметкерлерге ҚНК бекіту, еңбекақы төлеу, персоналды басқару), сондай-ақ Директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді.

Комитет 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті тиімді болды.

Аталған Комитет пен оның мүшелері өз міндеттерін атқару барысында Қоғамның мүддесінде адал және парасатты әрекет етті.

2024 жылы Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетпен Компанияның Корпоративтік басқару кодексінде, Тағайындау және сыйақы беру жөніндегі комитет туралы ережеде, Компанияның Директорлар кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарында белгіленген мақсаттар, міндеттер мен функционалдық міндеттер орындалды.

2022 жылы Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері №1 21.02 №2 05.03 №3 26.03 №4 24.05 №5 28.05 №6 10.06 №7 05.07 №8 16.07 №9 31.08 №10 16.09 №11 19.09 №12 01.11 №13 10.12 Қатысу пайызы
Заика Д.А. + + + + + + + + + + + + + 100%
Абдуалиев Ә.К. + - + + + + + + + + + - + 92,31%
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + + + + + 100%
Ауғанов Ғ.Қ. + + + 100% Комитет құрамында болған кезеңде

Стратегиялық жоспарлау комитеті

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті 2010 жылы Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады және өз қызметін Директорлар кеңесінің 19.11.2010 жылғы шешімімен бекітілген Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамы:

  • Неупокоев Артур Викторович (Комитет Төрағасы);
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы;
  • Заика Дмитрий Александрович,
  • сондай-ақ дауыс беру құқығы жоқ сарапшылар — Қаиров Асқар Жәлелұлы пен Мұқанова Алмагүл Өмірұзаққызы («Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері).

Комитет төрағасы отырыстарға бақылаушылар, баяндамашылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін:

  • Басқарма мүшелерін.
  • Қоғамның, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшысын және өзге де қызметкерлерін.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерін шақырды.

Стратегиялық жоспарлау комитеті өз Ережесінің 15-тармағына сәйкес Комитеттің шешімімен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес отырыстарды, бірақ тоқсанына кемінде бір рет, қажетіне қарай кезектен тыс отырыстарды өткізеді.

Стратегиялық жоспарлау комитеті 2024 жылы 10 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 26 мәселе қаралды және олар бойынша Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Бұл стратегия, бизнес-жоспарлау, стратегиялық жобалар және Қоғам қызметінің басқа да маңызды мәселелері.

Комитет 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті тиімді болды.

Аталған Комитет пен оның мүшелері өз міндеттерін орындау кезінде Қоғам мүддесінде, адал және орынды әрекет етті.

Комитет Қоғам қызметінің басым бағыттарын және оның даму стратегиясын айқындау мәселелері бойынша, оның ішінде Қоғамның ұзақ мерзімді келешекте қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін іс-шараларды әзірлеу мәселелері бойынша Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және ұсыну жөніндегі міндеттерді толық көлемде орындады.

2024 жылы Стратегиялық жоспарлау комитеті Комитет туралы ережеде, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларында, сондай-ақ 2024 жылға арналған жұмыс жоспарында белгіленген мақсаттар, міндеттер мен функцияларды орындады.

2024 жылы Стратегиялық жоспарлау комитет отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері №1 19.02 №2 19.03 №3 27.05 №4 31.05 №5 16.07 №6 17.09 №7 19.09 №8 01.11 №9 14.11 №10 09.12 Қатысу пайызы
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + + 100%
Абдуалиев Ә.К. + + + + + + + - + + 90%
Заика Д.А. + - + - + + + + + + 80%

Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру

GRI 2-17

Компанияда Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы эксперттерді тарту Саясаты қолданылады. Бұл Саясат корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері негізінде әзірленген және Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.Бұл мына жолдармен жүзеге асырылады: Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдыларын дамыту және біліктілігін арттыру жүйесін енгізу және Директорлар кеңесі қарастыратын мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы қажет еткен жағдайда, сыртқы эксперттерді тарту құқығын қамтамасыз ету.

2024 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің оқуы өткізілмеді.

Директорлар кеңесінің сыйақысы

GRI 2-19, 2-21

«Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 12.08.2021 жылғы шешіміне сәйкес тәуелсіз директорға Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін тіркелген жылдық сыйақы және қосымша сыйақы төленеді:

  • Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін 45 000 (қырық бес мың) АҚШ доллары мөлшерінде тіркелген жылдық сыйақы және Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін 11 000 (он бір мың) АҚШ доллары мөлшерінде қосымша сыйақы;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 16 650 000 (он алты миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде тіркелген жылдық сыйақы және Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін 4 000 000 (төрт миллион) теңге мөлшерінде қосымша сыйақы.

Компания Директорлар кеңесінің мүшелеріне-резиденттерге 2024 жылы төлеген жиынтық сыйақысы 57 300 000 теңгені құрайды. Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне-бейрезиденттерге 2024 жылы төлеген жалпы сыйақысы 56 000 АҚШ долларын құрайды. Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2024 жылы төленген жалпы сыйақысы 85 264 160 теңгені құрайды.