Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне есеп береді, өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің, өзге де ішкі құжаттардың нормаларына, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Акционерлердің жалпы жиналыстары мен Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау мен өткізуді бақылайды, Директорлар кеңесінің іс қағаздарын ұйымдастырады және құжат айналымын қамтамасыз етеді, Директорлар кеңесінің отырыстарын шақыруды қамтамасыз етеді және осы отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, Директорлар Кеңесінің мүшелеріне қажетті ақпарат береді.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік хатшысы Б.Қ. Әбдіқалықовтың мемлекеттік марапаттары, «Үздік байланысшы» салалық атағы бар. «Самұрық-Қазына» қоры Компаниялар тобының үздік корпоративтік хатшыларының бірі, корпоративтік басқаруды және корпоративтік хатшылар институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі түрлі іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып танылды. Орталық Азия Корпоративтік хатшылар қауымдастығының құрметті мүшесі, Корпоративтік хатшы 2023 байқаудың қазылар алқасының төрағасы болып табылады.2024 жылы Орталық Азия Корпоративтік хатшылар «Бизнес-ортаны жақсартуға және елде корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері мен тұрақты даму стандарттарын енгізуге қосқан үлесі үшін» Алғыс хатымен марапатталды.

Корпоративтік хатшы туралы ережемен Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында «Корпоративтік басқару» бөлімінде танысуға болады.