Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты даму туралы есеп: S аспектісі

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Компания өзінің қатысатын аймақтарын дамытуға жәрдемдесуге тырысады. Біз жергілікті халықты сапалы байланыс пен интернетпен қамтамасыз етеміз, қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендетуге үлес қосамыз, сондай-ақ аса мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз.

Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу жөніндегі қызметті реттейтін негізгі құжат — «Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу саясаты».

Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу саясаты» «Қазақтелеком» АҚ-ның Қоғам қатысатын аймақтардағы жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесуді басқарудың бірыңғай қағидаттарын айқындайды және олармен қолайлы сындарлы қатынастарды қолдауға бағытталған.

Саясат келесі халықаралық құжаттарда: БҰҰ-ның Жаһандық келісімшартында, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Халықаралық Еңбек ұйымының конвенциясында баяндалған қағидаттар негізінде қалыптастырылған, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ескереді.

Саясаттың қағидалары:

  • Өзінің кәсіпкерлік қызметі барысында қатысу аймақтарында әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге үлес қосуды қамтамасыз ету.
  • Қатысу аймақтарындағы жергілікті қауымдастық өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету.
  • Жергілікті қауымдастықтармен олардың пікірлерін, қызығушылықтарын, көзқарастары мен қалауларын ескере отырып, сындарлы қарым-қатынасты сақтау.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.
  • Өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді және жергілікті халыққа әсерді барынша азайту.

GRI 203-1

Компанияда жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу бағдарламаларын іске асыратын арнайы бөлімшелер жоқ, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ Қайырымдылық саясатына» байланысты — Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының барлық қайырымдылық және демеушілік қызметін Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

2024 жылы Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қайырымдылық көмегінің негізгі бағыттары:

  • емдеу, балалар және өзге де әлеуметтік мекемелерді қолдау;
  • халыққа, ең алдымен жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ауруларды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды ұйымдастыру жолымен медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру;
  • ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті жағдай жасау;
  • халықтың ең аз қорғалатын топтарына, оның ішінде күтімге, қорғаншылыққа мұқтаж табысы төмен (аз қамтылған) адамдарға көмек көрсету;
  • азаматтардың денсаулығының алдын алуға және қорғауға жәрдемдесу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау;
  • мәдениетті, өнерді дамытуды қолдау;
  • спортты дамытуды қолдау;
  • азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қауымдастықтарды дамыту.
Info Block Icon

Samruk-Kazyna Trust қорының қызметі туралы толығырақ sk-trust.kz сайттан біле аласыз..

Жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпал ету

GRI 3-3, 413-1

50,156

млрд теңге

2024 жылы салық төлемдерінің сомасы

«Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу аймақтарын тұрақты дамытуға қатысуының маңыздылығын түсінеді және жергілікті қауымдастықтардың өміріне өзінің оң әсерін күшейту үшін барлық қолжетімді шараларды қабылдайды. Компания өңірлік еңбек нарықтарының дамуына белсенді түрде ықпал етіп, жұмыс орындарын ұсынып, еңбекпен қамту мүмкіндіктерін жасайды.

Экономикалық құндылық Компанияның табыс әкелетін негізгі қызметі есебінен қалыптасады. Бұл құндылық еңбекақы төлемдері, акционерлерге дивидендтер, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ ерікті әлеуметтік инвестициялар арқылы бөлінеді.

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметінің қоршаған ортаға, жергілікті қауымдастықтарға және биоалуантүрлілікке әсеріне жауапкершілікпен қарайды. Бұл туралы толық ақпарат «Биоалуантүрлілікке әсер ету» бөлімінде берілген.

Компанияның жергілікті және ұлттық экономикаға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарға қосқан үлесі мыналар арқылы көрінеді:

  • тікелей іскерлік белсенділік және тиімділікті арттыруға бағытталған жұмыс;
  • тікелей және жанама жұмыс орындарын құру;
  • әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыру.

Сел кезіндегі көмек

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының аумағын қамтыған ауқымды селге жедел және жан-жақты қолдау шараларын қабылдады. Компания бұл апаттан тыс қалмай, зардап шеккен тұрғындар мен өз қызметкерлеріне көмек көрсетуге елеулі ресурстарын жұмылдырды.

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, «Қазақтелеком» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы зардап шеккен өңірлерге қаржылай қолдау көрсету үшін 1 млрд теңге бөлді. Бұл шешім Компанияның дағдарыс кезеңдеріндегі әлеуметтік жауапкершілікке стратегиялық тұрғыдан қарауының бір бөлігі болды.

Қызметкерлерге ішкі қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Сел салдарынан Компанияның жалпы саны 112 қызметкері зардап шекті. Әлеуметтік комиссия жұмысы аясында оларға өмірлік қиын жағдайға байланысты жалпы сомасы 22,4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, әріптестеріне қолдау көрсету ниетімен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері өз жалақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, зардап шеккен әріптестерге 35 миллион теңге бағыттады.

Компания сондай-ақ сел салдарын жою шараларына қатысқан қызметкерлерінің үлесін жоғары бағалады. Осы өңірлік іс-шараларға белсене қатысқаны және жанқиярлығы үшін 388 қызметкердің әрқайсысына 100 мың теңгеден бір реттік сыйақы берілді.

Компанияның жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуі

GRI 2-26, 2-29

Компания өзінің жергілікті қауымдастықтарға әсерін біледі. «Қазақтелеком» АҚ өз қызметі барысында жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде жергілікті қауымдастықтарды қоса алғанда, қызметкерлердің, әріптестердің және өзге де мүдделі тараптардың мүдделері мен пікірлерін талдауды, есепке алуды жүргізеді.

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметі барысында олардың мүдделерін құрметтеу негізінде жергілікті қауымдастықтармен тұрақты түрде диалог құрады.

Компанияның жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуінің негізгі жолдары:

  • БАҚ-та даму жоспарлары, «Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызметінің нәтижелері туралы жарияланымдар арқылы өзекті ақпаратты ұсыну.
  • Қатысу аймақтар аумағында Қоғам жоспарлаған іс-шаралар туралы жергілікті қауымдастықтардың пікірін айқындау мақсатында корпоративтік БАҚ арқылы сұрақ-жауап, сауалнамалар жүргізу.
  • Кері байланыс арналары бойынша өтініштермен жұмыс.
  • Қатысу аймақтарын әлеуметтік-экономикалық қолдау шеңберінде әлеуметтік инвестициялар мен қайырымдылық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру.
  • Жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлескен кеңестерге, жұмыс топтарына және қазіргі тұрақты комитеттерге қатысу шеңберінде тікелей диалог жүргізу.
  • Мемлекеттік билік өкілдерімен қатысу аймақтарын дамыту бойынша бірлескен тиімді жұмыс құру.

«Қазақтелеком» АҚ еліміздегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға белсене қатысуда. Білім беру саласындағы бұл пилоттық ұлттық жоба апатты жағдайдағы нысандарды, үш ауысымды оқытуды және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарының № 14 тармағына (12-қосымша) сәйкес, ұлттық жоба аясында салынатын барлық мектептерге кемінде 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мақсатта «Қазақтелеком» АҚ техникалық шарттарына сәйкес талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу көзделген. Жоба аясында барлығы 217 мектепті қамту жоспарланған.

ТОБЖ-ға қосылудың жоспарланған құрылымы:

161

мектеп (74%)

жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен

52

мектеп (24%)

«Қазақтелеком» АҚ жедел қоры есебінен

4

мектеп (2%)

Кешенді бизнес-жоспар аясында

2024 жылдың соңындағы қорытындылар

104

мектеп

салынды

68

мектеп

ТОБЖ-мен қамтамасыз етілді

31

мектеп

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық қызметтеріне қосылды

2025 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

  • Компанияның жергілікті қауымдастықтарды дамыту (қатысу өңірлерін қолдау) бойынша мақсаттары мен міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;
  • Жергілікті қауымдастықтарды дамыту (қатысу өңірлерін қолдау) бағдарламаларын және қайырымдылық бағдарламаларын мониторингтеу тәжірибесін жалғастыру.