Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты дамуды басқару

Компанияның ESG саласындағы стратегиялық мақсаттары

«Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бағыттары:

  • адамдардың өмірін жақсарту мақсатында инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
  • тұрақты және инклюзиялық экономикалық өсуін қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуын энергия тиімділігін арттыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асыру;
  • қызметкерлердің дамуы мен әл-ауқатын қолдайтын қауіпсіз, инклюзивті және ынталандырушы жұмыс ортасын құру.

АО «Қазақтелеком»-да негізгі ESG-бастамаларды іске асыру үшін жыл сайын ESG тәжірибелерін дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленіп, өзектендіріледі. 2024 жылдың ішінде Жол картасы аясында 90-нан астам іс-шара жүзеге асырылып, олар корпоративтік басқаруды жетілдіруге, экологиялық әсерді азайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталды.

Компанияның ESG саласындағы басым бағыттары

Экологиялық аспект (Environmental)

  • Энергия тиімділігін арттыру мақсатында өндірістік қызметтегі энергия тұтынуды бағалау және азайту.
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес парниктік газдар мен ластаушы заттар шығарындыларын қысқарту бойынша мақсатты көрсеткіштерді белгілеу;Парниктік газдар шығарындыларын өтеу жобаларына инвестиция салу;
  • Қалдықтарды басқару.

Әлеуметтік аспект (Social)

  • Деректер мен клиенттердің құпиялылығын қорғау шараларын күшейту;Баршаға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға да телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Жұмыс орындарында көптүрлілік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру;
  • Оқыту мен мансаптық өсу мүмкіндіктерін ұсыну;
  • Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайту;
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) шеңберіндегі бастамалар арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдау.

Корпоративтік басқару аспектісі (Governance)

  • Директорлар кеңесінің инклюзивті және тәуелсіз құрамының болуын қамтамасыз ету;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң саясат пен рәсімдерді әзірлеу және енгізу; Ұйымда іскерлік этика мен жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және ілгерілету;ESG-қа байланысты тәуекелдерді басқару, анықтау және азайту.

Экологиялық аспект

Энергия тұтынуды азайту, жабдықтарды жаңғырту, қалдықтарды басқару және төмен көміртекті даму жөніндегі бастамаларды іске қосу.

Әлеуметтік аспект

Еңбек қауіпсіздігі, инклюзивті ортаны дамыту, қызметкерлерді оқыту және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл.

Корпоративтік басқару

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибені дамыту, ESG-тәуекелдердің басқарудағы рөлін күшейту және корпоративтік басқару тиімділігін арттыру.

2024 жылға арналған негізгі тиімділік көрсеткіштерінің орындалу мәртебесі

GRI 403-9, 401-1

Экологиялық аспект6

0%

Жарықтандыру жүйелерінде энергия үнемдейтін шамдарды қолдану нәтижесінде энергия тұтынуды азайту

0%

Қозғалыс датчиктерін енгізу нәтижесінде жарықтандыру жүйелерінің энергия тұтынуын азайту

0%

ДК-ді ұйқы режиміне ауыстыру және толық өшіру нәтижесінде дербес компьютерлердің энергия тұтынуын азайту

0%

Мыс желілерін талшықты-оптикалық байланыс желілеріне ауыстыру нәтижесінде энергия тұтынуды азайту

Әлеуметтік аспект

84%

NPS (Net Promoter Score) — Тұтынушылардың адалдық индексі

68%

SRS индексі

38%

Ішкі пайдаланушының қанағаттану деңгейі (eNPS)

0,19

LTIF

Корпоративтік басқару

14%

Директорлар кеңесі мен Атқарушы органдағы әйелдердің үлесі

0,05%

Қызметкерлердің ауысушылық деңгейін 5%-ға дейін төмендету

ISO 37001 сертификатын алу

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ СТ РК ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алу үшін сертификаттау бағалауынан сәтті өтті.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары орын алуы мүмкін барлық бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелерде жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген құрылымдық бөлімшелердің үлесі — 75%.

ESG (климаттық) тәуекелдерді анықтау жұмыстарын жүргізу

2024 жылы климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сапалық және сандық бағалау жұмыстары жүргізілді.

6 Аталған іс-шаралар 2023 жылы орындалды.