Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Корпоративтік бизнес

«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстан Республикасының телекоммуникация нарығындағы, оның ішінде корпоративтік сегменттегі көшбасшы компания. Компания ең дамыған инфрақұрылымға, ауқымды филиалдық желіге, сондай-ақ жоғары техникалық және кадрлық әлеуетке ие.

139,2

млрд теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның корпоративтік сегменттегі түсімі

Mosaic

Компания өз клиенттеріне телефония, деректерді беру, интернетке қолжетімділік және спутниктік байланыс қыз­меттерін қоса алғанда, заманауи телекоммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсынады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның корпоративтік сегменттегі түсімі 139,2 млрд теңгені құрап, жоспар 3,2 млрд теңгеге немесе +2,3%-ға артық орындалды. Абоненттің орташа кірістілігі (ARPU) +6,3%-ға өсті.

15%

NPS (корпоративтік сегмент)

+6,3%

абоненттің орташа табыстылығы (ARPU) өсімі

Өнімдерді дамыту

B2B және B2G сегменттеріндегі нарықтағы позицияларды нығайту және өнімдік портфельді кеңейту мақсатында инновациялық шешім — «Бейнеаналитика бойынша ЖИ платформасы» іске қосылды. Бұл өнім бейнебақылау камераларынан алынған бейнелерді қарау, жазу, сақтау және талдауға арналған заманауи сервис болып табылады, ол жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Мақсаты — клиенттерге қауіпсіздік деңгейін арттыруға және бейнебақылау процестерін автоматтандыруға арналған заманауи құралдарды ұсыну.

Өнім коммерциялық кәсіпорындарға (дүкендер, супермаркеттер, мейрамханалар, қонақ үйлер, қоймалар және кеңселер) және мемлекеттік ұйымдарға (мектептер, ауруханалар, полиция, жергілікті атқарушы органдар, вокзалдар және әуежайлар) арналған.

Білім беру үдерісінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының цифрлық трансформациясын ілгерілету мақсатында «Қазақтелеком» компаниясы «AQYLDY MEKTEP» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл жоба оқу жағдайларын жақсартуға және білім беру үдерісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған SMART-шешімдерді енгізуді көздейді.

Пилоттық жоба үш білім беру мекемесінің базасында жүзеге асырылды: Қонаев қаласында, Алматы облысының Арна ауылында және Атырау қаласында. Әр мектепте ауқымды жұмыстар жүргізілді, оның ішінде өткізу қабілеті 500 Мбит/с болатын интернет-арнаға қосу, қалаусыз контентке қол жеткізуден қорғау үшін трафикті сүзу мүмкіндігі, Wi-Fi желісін қамтитын жергілікті желіні ұйымдастыру, сондай-ақ бейнебақылау камераларын ЖИ бейнеаналитика платформасына қосу. Бұдан бөлек, жедел басқару орталығына сигнал беретін дабыл түймелері орнатылды.

Осылайша, «AQYLDY MEKTEP» жобасы білім беру ортасын цифрландыру және оның қауіпсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадамға айналды.

Жобаларды іске асыру

Білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүйесін орнату

Алматы облысы

Өңірде бейнебақылау жүйесіне 361 нысан қосылған. Аталған нысандарда 30 күнге дейін бейнежазбаларды сақтауға мүмкіндік беретін 5 776 камера орнатылып, «Қазақтелеком» АҚ платформасына біріктірілген. Бейнетрансляциялар нақты уақыт режимінде Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) беріледі, бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді және тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

Деректерді беру оқшауланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады, бұл жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсету шарты Алматы облысы Білім басқармасының «Алматы облысының білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар бойынша ғылыми-тәжірибелік орталығы» КММ-мен жасалған және 2025 жылдың соңына дейін қолданыста болады.

Атырау облысы

Атырау облысында 202 білім беру нысанына 2 485 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 2 081-і оқу кабинеттерінде аудио және бейнежазба функциясымен жабдықталған. Бұл білім беру ортасының сапасын тиімді бағалауға және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кіру топтарына рұқсатты бақылауды күшейту мақсатында камералар орнатылған. Бейнежазбалар мұрағаты «Қазақтелеком» АҚ платформасында 30 күн бойы сақталады. Бейнеағындар «Қазақтелеком» АҚ-ның қорғалған арналары арқылы Атырау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) жеткізіледі, бұл жедел мониторинг жүргізуге және штаттан тыс жағдайларға уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету шарты Атырау облысы Білім басқармасының КММ-мен жасалған және 2026 жылдың соңына дейін қолданылады.

Аталған іс-шаралардың жүзеге асырылуы «Қазақтелеком» АҚ-ның қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын құруға ұстанымын растайды және білім алушыларды сенімді бақылау мен қорғаумен қамтамасыз етеді.

Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласында бейнебақылау жүйесіне 86 білім беру нысаны қосылған. Барлығы 2 064 камера орнатылған, олардың бейнеағындары «Қазақтелеком» АҚ платформасына жіберіліп, 30 күн бойы сақталады және әрі қарай Қарағанды облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) жеткізіледі.

Қосымша ретінде білім беру нысандарында «Тревожная кнопка» қызметі енгізілген, оның сигналы тікелей Полиция департаментіне түсіп, оқыс оқиғалар болған жағдайда жедел әрекет ету мен қолдауды қамтамасыз етеді.

«Республикалық L1 арналары қызметін ұйымдастыру (alien wavelength)»

«Қазақтелеком» АҚ-ның OTN (Optical Transport Network) желісі арқылы OSI моделіне сәйкес WDM технологиясы негізінде деректерді берудің магистральдық желісі ұйымдастырылды. Қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін Біртұтас көлік ортасын құру шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға ұсынылады.

Қызметтің функционалы — «Қазақтелеком» АҚ-ның бар OTN/DWDM желілері арқылы alien wavelength (оптикалық толқын ұзындығы) қызметін ұсыну. Жоба аясында 100 ГГц жиілігі мен 100 Gbps өткізу қабілеті бар оптикалық толқын ұзындығы ұсынылады. Бұл қызмет МЕҰ ғимараттарына дейін жеткізіледі және Қазақстан Республикасының 16 қаласын қамтиды: Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау және Ақтау.

Тапсырыс беруші — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жарамды.

Корпоративтік сегменттегі тарифтік саясат

2024 жылдың мамыр айында корпоративтік сегментте интернетке қолжетімділік қызметтері бойынша техникалық сипаттамаларды жақсарту арқылы тарифтік саясат толық қайта қаралды.

Цифрлық теледидар TV+ қызметі бойынша ұсыныстар кеңейтілді: корпоративтік клиенттерге арналған тарифтік жоспарларда арналар саны арттырылды, екі жаңа онлайн-кинотеатр — «Salem» және «Kinoroom» қосылды. Спорттық барлар, қонақүйлер мен апартаменттер, сондай-ақ вахталық кенттер үшін арнайы тарифтік жоспарлар іске қосылды. Бұдан бөлек, елшіліктер, компьютерлік клубтар, КСК және ОСИ (пәтер иелері кооперативтері мен меншік иелері бірлестіктері) үшін жаңа тарифтік желілер әзірленді.

2024 жылы жүзеге асырылған осы шаралар Компанияның телекоммуникация қызметтері нарығындағы позициясын нығайтуға, корпоративтік клиенттерге олардың бизнесінің жеке қажеттіліктеріне бейімделген өнімдердің кең ауқымын ұсынуға және «Қазақтелеком» АҚ ұсынған инновациялық шешімдердің есебінен олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Халықаралық телекоммуникация қызметтерін дамыту

ДКБ (Дивизион корпоративного бизнеса) қызметінің негізгі бағыттарының бірі — ірі байланыс операторларымен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою және серіктестерге ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің аясын кеңейту болып табылады. 2024 жылы корпоративтік сегменттің жаңа тарифтік прейскуранты бекітіліп, бұл халықаралық телекоммуникация қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті жағдайлар жасауға және Орталық Азиядағы халықаралық байланыс операторлары арасында ДКБ-ның позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Есептік жылы ДКБ-ның халықаралық сегменттегі үлесін арттыру мақсатында келесі бағыттарда мақсатты жұмыстар жүргізілді:

  • 2025–2027 жылдарға арналған Қытай — Еуропа бағыты бойынша 7×100 Гбит/с өткізу қабілеті бар түйісу транзиттік желісін кеңейту туралы China Telecommunications Corporation халықаралық операторымен меморандумға қол қойылды;
  • Қытай — Еуропа бағыты бойынша 6×100 Гбит/с өткізу қабілеті бар транзиттік арналарды ұйымдастыру жөнінде мына компаниялармен келісімшарттар жасалды: China Mobile International (UK) Limited, China Unicom Global және China Telecommunications Corporation;
  • «Өзбектелеком» компаниясы үшін Еуропа — Өзбекстан бағыты бойынша 2×100 Гбит/с өткізу қабілеті бар транзиттік арналар ұйымдастырылды;
  • «Қырғызтелеком» компаниясы үшін Еуропа — Қырғызстан бағыты бойынша 1×100 Гбит/с өткізу қабілеті бар транзиттік арна ұйымдастырылды.

Жаңа жобаларды іске асырумен қатар, халықаралық дауыс­тық түйісулерді жаңғырту жұмыстары да жалғас­тырылды — трафикті Халықаралық коммутация орталығын (ХКО) желісінен NGN (Next Generation Network) желісіне көшіру жүзеге асырылды.2024 жылы келесі операторлардың дауыстық трафигі сәтті түрде NGN желісіне ауыстырылды: МТТ, China Telecom, «Байқоңыр байланыс информ» МУК, «Түркментехногурлушық» ЖТАҒ, ­«Қырғызтелеком» АҚ, «ТрансТелеКом» АҚ, «Ростелеком» ЖАҚ. Осылайша, ХКО желісіндегі босатылған арналар таратылып, ресурстар тиімді пайдаланылды.

Желілерді дамыту

2024 жылы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Негізгі капиталдық салымдар бюджеті (НКСБ) жобалары аясында оптикалық желілер іске қосылып, корпоративтік сегменттің 832 нысанын жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

2024 жылы Атырау облысы білім беру нысандарынан бейнетрафикті Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) беру арналарының ұйымдастырылуы жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде Білім басқармасының қарамағындағы 202 нысанға 2 485 бейнебақылау камерасы орнатылды. Іске асыру аясында кіру топтарына орнатылған 404 камерадан бейнеағынды Полиция департаментінің ЖБО-ға беру, сондай-ақ оқу сыныптарына орнатылған аудиожазба функциясы бар 2 081 камерадан бейнеағынды Білім басқармасының әдістемелік кабинетіне беру көзделген.

2025 жылға арналған НКСБ аясында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық елді мекендерде, оптикалық қатынау желілерін салу және кеңейту жоспарланған. Жалпы қамту көлемі — 8 820 нысан.

2024 жылы шамамен 240 км талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) төселіп, 374 мектепке қосылу үшін техникалық мүмкіндік жасалды. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы мектептерінің ТОБЖ-мен қамтамасыз етілу үлесі 46%-дан 51%-ға дейін, яғни 5 пайыздық тармаққа артты. Есепті кезеңнің соңында елдегі 7 866 жалпы білім беретін мектептің 3 998-і ТОБЖ-ға қосылды.

Сондай-ақ, МЖӘ 1.0 аясында бұрын ТОБЖ технологиясы арқылы қосылған 891 ауыл мектебінде интернетке қолжетімділік жылдамдығы 10 Мбит/с-тан 50 Мбит/с-қа дейін бес есеге арттырылды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 102 мектеп «Қазақтелеком» АҚ техникалық талаптарына сәйкес талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етілді.

2 485

Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне бейнебақылау камералары орнатылды

3 998

мектеп

2024 жылдың соңында ТОБЖ-не қосылды

Халықаралық марапат

GCCM және CC-Global Awards 2024 марапаттау рәсімі. «Қазақтелеком» АҚ іс-шараның серіктесі ретінде қатысты және «ТМД елдеріндегі 2024 жылғы аймақтық телекоммуникация операторы» бойынша марапатқа ие болды.

Carrier Community халықаралық іс-шарасы 2008 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және бұл платформа телекоммуникация саласының ірі халықаралық операторларын, бұлтты технологиялар, цифрлық инфрақұрылым, контент, транзит, деректерді өңдеу орталықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету және ілеспе салалардағы компанияларды біріктіретін алаң болып табылады. Бүгінде бұл қауымдастыққа 90 елден 4,5 мыңнан астам қатысушы мүше. CC-Global Awards марапаттау рәсімі — телекоммуникация саласындағы жетістіктер мен инновацияларды ресми түрде мойындау болып табылады. Жеңімпаздар тәуелсіз салалық сарапшылар мен аналитиктерден тұратын қазылар алқасы арқылы анықталады.

Конференция аясында «Қазақтелеком» АҚ өкілдері жетекші халықаралық байланыс операторларымен — China Mobile International Limited (UK), PCCW, AzerTelecom, Lumen, Etisalat, Cogent, NTT, Tata Communications, Global Cloud Exchange және басқа компаниялармен — келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізді.

Компанияның корпоративтік сегменттегі кірістері, млрд теңге

B2B

B2G

B2O

Корпоративтік сегменттегі Компания кірісінің құрылымы, 2024 жыл, %

В2В және В2G сегменттеріндегі көлемдік көрсеткіштердің динамикасы, мың құрылғы

Бекітілген желілер

ТВ

IP VPN

ҚЖҚ

+11,7%

2024 жылы интернет желісіне КЖҚ ұсыну бойынша ARIB көрсеткішінің өсуі

-1,6%

2024 жылы IP VPN ұсыну бойынша ARIB көрсеткішінің төмендеуі

Фиксингтелген желілерді сату көлемінің төмендеуі — мессенджерлер мен әлеуметтік желілер сияқты баламалы қызметтердің дамуына байланысты әлемдік үрдіс. Жаңа облыстардың құрылуына және клиенттердің жаңа облыс орталықтарына көшу шараларын жүргізуіне, түгендеу мен шығындарды қысқартуға байланысты корпоративтік желілер оңтайландырылды, бұл БЖ, КЖҚ, ТВ және IP VPN нүктелерінің қысқартылуына алып келді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 2023 жылмен салыстырғанда коммерциялық ARLB көрсеткіші Интернет желісіне қосылу бойынша КЖҚ қызметін көрсету сегментінде әрбір қосылған нүкте үшін ай сайын 2 800 теңгеге немесе 11,7%-ға өсті. Ал IP VPN қызметін көрсету бойынша көрсеткіш керісінше, әрбір қосылған нүкте үшін ай сайын 1 400 теңгеге немесе 1,6%-ға төмендеді.

2024 жылдың соңында B2X сегменттеріндегі клиенттік база 96 750 БСН-ды құрады, оның ішінде B2O сегментінде байланыс операторларының 384 БСН-ымен шарттық сүйемелдеу жүргізілді, B2G сегментінде — 15 283 БСН мемлекеттік ұйымдармен, ал B2B сегментінде — 81 083 БСН бизнес-компаниялармен жұмыс жүргізілді.

Интернет желісіне және IP VPN қол жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері бөлінісінде 2023 жылға ­қарағанда ARLB-ның 2024 жылғы өсімі, (В2В + В2G), %

КЖҚ

IP VPN