Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Тұрақты дамуды басқару

Басқару тәсілі

«Қазтелеком» АҚ ұзақ мерзімді тұрақты дамуға ұмтылады және ESG аспектілерін — қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік пен корпоративтік басқаруды жетілдіруді — өзінің стратегиясының негізгі элементтері ретінде қарастырады. Тұрақты даму мақсаттары Компанияның бизнес-процестеріне терең ендірілген және қоғам, экономика мен келешек ұрпақтар үшін ұзақ мерзімді құндылық жасауға бағытталған басқару мен бастамаларды айқындайды.

2024 жылы «Қазтелеком» АҚ тұрақты даму саласында айтарлықтай жетістікке жетті, бұл халықаралық деңгейде мойындалды. S&P Global тәуелсіз рейтингтік агенттігі жүргізген бағалау нәтижелері бойынша Компанияның ESG-рейтингі CSA әдістемесіне сәйкес 100 балдан 50 балды құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (32 балл) 18 балға жоғары.

Рейтингтің өсуі «Қазтелеком» АҚ-ның ESG тәжірибелерін күшейту, есептілікті жетілдіру және қызметтің ашықтығын арттыру бойынша жүйелі жұмысын көрсетеді. Ерекше назар климаттық тәуекелдерді басқаруға, мүдделі тараптардың қатысуына және тұрақты даму жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестікке аударылды.

Тұрақты даму саласындағы негізгі құжаттар

GRI 2-23

  • ESG стратегиясы (Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №15 шешімімен бекітілген).
  • Тұрақты даму саясаты (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №5 шешімімен жаңартылды және бекітілді).
  • Экологиялық саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №5 шешімімен жаңартылды және бекітілді).
  • Адам құқықтары саласындағы саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және алуан түрлілік саласындағы саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу жөніндегі саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясат (Басқарманың 2020 жылғы 27 қаңтардағы №2/7 шешімімен бекітілген).
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №11 шешімімен жаңартылған және бекітілген).
  • Болжамды әдепсіз/заңсыз әрекеттер туралы хабарлама саясаты (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен бекітілген).
  • Employee Experience стратегиясы (Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 21 шілдедегі №8 шешімімен бекітілген).
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның дербес деректерін қорғау саясаты (2023 жылғы 06 қазандағы №313 бұйрықпен бекітілген).
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның ақпараттық саясаты (2023 жылғы 19 шілдедегі №153 бұйрығымен бекітілген).
  • Іскерлік әдеп кодексі (Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №14 шешімімен бекітілген).
  • Корпоративтік басқару кодексі (Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы жиналысының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №56 шешімімен бекітілген).
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу тәртібі.
  • Жеткізуші кодексі (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 ақпандағы №2 шешімімен бекітілген).
  • ISO 14001, ISO 26000, ISO 9001, ISO 45001 халықаралық стандарттары.

Компанияның барлық мүдделі тараптары құжаттармен Компанияның telecom.kz сайтында таныса алады.

Сонымен қатар, Компания қызметкерлерді ішкі хабарлама тарату арқылы жаңа құжаттарды, оның ішінде тұрақту даму саласындағы құжаттарды бекіту туралы хабардар етеді.

«Қазақтелеком» АҚ-ның 2024–2032 жылдарға арналған ESG стратегиясы

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ 2024–2032 жылдарға арналған ESG стратегиясын бекітіп, тұрақты дамуды стратегиялық басқарудың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде белгіледі. Бұл құжат терең ESG-диагностикасының нәтижесі болып табылады, оның аясында экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару салаларындағы негізгі тәуекелдер, мүмкіндіктер мен басым бағыттар анықталды. ESG стратегиясы корпоративтік даму стратегиясы — JRun-мен табиғи түрде біріктірілген және ESG-факторларды басқаруға жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді құндылықты тұрақты түрде қалыптастыру арқылы оның жүзеге асуын күшейтеді.

Бұл стратегия Компанияның тұрақты даму саласындағы мақсат-мұраттарын нақты және құрылымдық түрде қамтыған іс-қимылдар жоспары болып табылады. Оның іске асырылуы «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапты бизнес жүргізуге деген ұмтылысын және жаһандық сын-қатерлерді — климаттың өзгеруі, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, басқару тәжірибесін жетілдіру секілді мәселелерді шешуге қосатын үлесін айғақтайды.

ESG стратегиясында әрбір бағыт бойынша нақты іс-шаралар анықталған және Компания бұл бастамаларды өзінің операциялық қызметіне кезең-кезеңімен енгізе бастады. Бұл шаралардың жүзеге асуы «Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын және ұзақ мерзімді өсу мен бизнес тұрақтылығын арттыруға мықты негіз қалыптастыратынын растайды.

«Қазақтелеком» АҚ тұрақты даму саласындағы қағидаттары

Ашықтық

Біз өзара мүдделерді есепке алу, біздің мүдделеріміз бен мүдделі тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен теңдікті сақтау негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру үшін барлық мүдделі тараптармен диалогқа ашықпыз.

Есеп беру

Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсер ету үшін өз жауапкершілігімізді және ұзақ мерзімді негізде Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуі мен тұрақты дамуы үшін акционерлер мен инвесторлар алдында есеп беретінімізді түсінеміз.

Айқындық

Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз айқындыққа және мүдделі тараптар үшін ақпараттың уақтылы ашылуына негізделеді.

Әдепті мінез-құлық

Біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміздің негізінде құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух пен сенім, адамгершілік пен әділеттілік сияқты құндылықтарымыз жатыр.

Құрмет

Біз мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз.

Заңдылық

Біз Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып шешімдер қабылдаймыз және әрекет етеміз.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Біз сыбайлас жемқорлыққа барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кезінде оның кез келген көріністерінде төзбеушілік танытамыз. Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жұмыстан босатылады және жауапқа тартылады.

Адам құқықтарын сақтау

Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларация сияқты халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз. Біз балалар еңбегін пайдалануға мүлдем жол бермейміз және тыйым саламыз. Біздің қызметкерлер — біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз, біздің инвесторлар үшін жасалған құн мен қызметіміздің нәтижелері олардың кәсібилігі мен қауіпсіздігінің деңгейіне тікелей байланысты.

Мүдделер қайшылығына жол бермеу

Мүдделер қайшылығына байланысты барлық бұзушылықтар Компанияның беделіне нұқсан келтіруі және акционерлер мен өзге де мүдделі тараптардың оларға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін, сондай-ақ лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін бейтарап орындауына әсер етпеуі тиіс.

Жеке үлгі

Біздің әрқайсымыз күнделікті өз ­іс-әрекеттерімізде, мінез-құлқымызда және шешім қабылдауда тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз.

«Қазақтелеком» АҚ миссиясы

Қоршаған ортаға ең аз әсер ететін жетекші телекоммуникациялық компания деңгейінде ұзақ мерзімді ESG-күн тәртібін қалыптастыру. Компанияның қызмет саласы экономикалық өсуді шектемейтін әлеуметтік қауіпсіздікті жоғары дәрежелі жетілдіруге бағытталған.