Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

2024 жылғы қаржылық қызмет

GRI 2-6

744 491

млн теңге5

«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының 2024 жылға арналған қызметтерді іске асырудан түскен шоғырландырылған табысын құрады

5 «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС есепке аліанда.

«Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобы бойынша кірістер құрылымы, %

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның жалпы табыс құрылымында ең үлкен үлес келесі кіріс түрлеріне тиесілі болды:

  • Деректерді беру желісі қызметтерінен түскен табыс — жалпы табыс құрылымының 53,4%-ын құрады;
  • Ұялы байланыс қызметтерінен — 15,9%;
  • Тауарларды өткізуден түскен кірістер — 5,6%;
  • Конвергентті қызметтерді (FMS/FMC) көрсетуден түскен табыс — 4,2%;
  • Ақылы телехабар тарату қызметінен — 3,3%;
  • Жергілікті телефон байланысы қызметтерінен — 2,8%;
  • Халықаралық операторлармен жасалған келісімдер аясындағы табыс — 2,1%.

Соңғы 5 жылдағы ең маңызды кіріс көздерінің динамикасы, млн теңге