Сапаға инвестиция салу арқылы болашақты қалыптастырамыз!

pdf Қаз Рус Eng

Құндылықтар

«Қазақтелеком» АҚ-ның CREDO корпоративтік құндылықтарының моделі

icon

C

Клиентті қанағаттандыру

Бұл біздің әріптестеріміз бен клиенттеріміздің сұраныстарын есепке алу, оларды белсенді шешу.

  • Нарық трендтерін, клиенттердің ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін терең түсіну арқылы Компанияның өнімдері мен сервистерін тиімді дамыту.
  • Сыртқы және ішкі клиенттердің оларға көрсетілетін қызметтердің, сервистер мен шешімдердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру есебінен клиенттік базаны дамыту.
  • Клиенттерімізбен де, Компания ішінде де ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарын табу және іске асыру есебінен кірістерді арттыру.
  • Клиенттермен және контрагенттермен серіктестік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды қалыптастыру.
icon

R

Реттеу нәтижелілігі

Бұл алға қойған мақсатқа табанды және жауапты қол жеткізу.

  • Басқарудың барлық деңгейлерінде нақты және өршіл мақсаттар қою және каскадтау арқылы Компанияның қаржылық нәтижелерін арттыру.
  • Өзекті бизнес-міндеттерді шешуге белсенді қатысатын қызметкерлердің қатысу деңгейін және үлесін арттыру.
  • Мақсаттарға жету үшін қажетті шешімдерді қабылдау және іске асыру жылдамдығын арттыру.
  • Қабылданған шешімдерді іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлау мен пайдалануда ұтымды тәсілді енгізу есебінен үнемдеу.
icon

E

Эксперименттеу

Бұл өз міндетінді шешудің және ағымдағы процестердегі кемшіліктерді жоюдың ең жақсы жолдарын табу.

  • Жаңа перспективалық идеяларды іздеу және енгізу арқылы Компанияның өнімдері мен қызметтерінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • Қолданыстағы тәжірибелерді, процестерді және олардың нәтижелерінің параметрлерін үздіксіз жетілдіру барысында бизнес-процестердің тиімділігін арттыру.
  • Жасалған эксперименттік тәжірибелер, сабақ алу және нәтижелерді жақсарту нәтижесінде инновацияларды әзірлеу уақытын қысқарту.
  • Процестер мен жұмыс тәжірибелерін өзгертуге тартылған барлық қызметкерлерді белсенді тарту арқылы өзгерістерді енгізу жылдамдығын арттыру.
icon

D

Диджиталдық

Бұл тапсырмаға аналитика призмасы арқылы қарау және табысқа жетудің цифрлық жолдарын табу қабілеттілігі.

  • Интерфейстерді, модельдерді және деректерді талдау/мәліметтерді талдау алгоритмдерін пайдалану нәтижесінде қабылданатын шешімдер сапасының түбегейлі арттыру.
  • Сандық интерфейстерді, сервистерді және құрылғыларды пайдалану арқылы жұмыс процестерінің жылдамдығын және бизнес-мәселелерін шешуді бірнеше есе арттыру.
  • BI жүйелерінің аналитикасы мен есептеріне қол жеткізу арқылы бизнес-процестердің ашықтығын және ауытқуларға жауап беру жылдамдығын арттыру.
  • Күнделікті жұмыс міндеттерін шешу үшін цифрлық құралдар мен платформаларды енгізу нәтижесінде процестердің өзіндік құнын төмендету.
icon

O

Ашықтық

Бұл әріптестерді құрметтеу және әрқайсысының әлеуетін ескере отырып бірлесіп жұмыс істеуге тарту.

  • Персоналдың қатысуын, олардың өзара әрекеттесу кезінде сындарлы және мейірімді атмосферасын қалыптастыру нәтижесінде өз таланттарын көрсетуге деген ұмтылысын арттыру.
  • Кедергісіз даму ортасын қалыптастыру есебінен жұмыс беруші брендінің тартымдылығын және еңбек нарығынан үздік мамандарды тарту мүмкіндігін арттыру.
  • Әр түрлі бөлімшелердегі кәсіпқойлардың үйлесімді жұмысының арқасында Компанияның транзакциялық шығындарын төмендету.
  • Күрделі мәселелерді ашық талқылау және кері байланыс алу нәтижесінде мінез-құлықты түзету арқылы Компанияның тиімділігін арттыру.